Ресейдің стратегиялық ядролық күштерінің әлеуеті қандай?

© Photo : Пресс-служба Минобороны РФ / Медиабанкке өтуТренировки по управлению стратегическими силами
Тренировки по управлению стратегическими силами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9 желтоқсан күні Ресей Федерациясының қарулы күштері стратегиялық ядролық күштерді (СЯК) басқару бойынша оқу-жаттығу өткізді

Баренц теңізінің акваториясындағы Плесецк ғарыш айлағынан, сондай-ақ, Ту-160 және Ту-95МС ұшақтарымен "Ярс" және "Синева" баллистикалық зымырандары, жоғары дәлдіктегі Х-101 және Х-555 алыс қашықтыққа ұшатын зымырандары ұшырылды. Солтүстік флоттың атомдық сүңгуір қайығының, стратегиялық маңызы бар зымыран әскерінің (СМЗӘ) және стратегиялық авиация экипаждарының есептеулері ойдағыдай жүзеге асты.

АҚШ пен Румыния әскерилері Қырым жанында бірлескен оқу-жаттығу өткізді - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ пен Румыния әскерилері Қырым жанында бірлескен оқу-жаттығу өткізді
СЯК жаттығуларының басты себебі – технологиялық. Ресей өз қару-жарағының жауынгерлік белсенділігінің деңгейін тексеріп жатыр. Себебі, Вашингтон қару-жарақты шектеу туралы түрлі келісімшарттардан біртіндеп шығуда.

Американдық The National Interest басылымы да Ресей Федерациясының шекарасына жақын маңда Солтүстік Атлантикалық Альянстың жоғары әскери белсенділігі қауіпсіздіктің әлсіздігін тудырып, Мәскеуді жаңа қару-жарақ жасауға итермелейді деп санайды. Ауқымды әскери қақтығыс жағдайында Ресейдің стратегиялық ядролық күштері НАТО-ның қалыпты қару-жарақтарынан басым түсуге кепілдік береді. Әртүрлі қуатты ядролық оқ-дәрілер диапазоны жаудың нысандарын жою міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Ядролық оқтұмсықтарды тасымалдаушыларды жауынгерлік қолдану салаларына, яғни, әуеде, теңізде және жерде бөліп қарастыру құпиялылықтың максималды дәрежесіне, технологиялық сенімділікке, жауынгерлік өміршеңдікке және кек қайтару қаруының тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, "Синева" құрлықаралық баллистикалық зымыраны су астынан аса жасырын түрде іске қосылады. Триаданың әрбір компоненті стратегиялық міндетті дербес орындауға қабілетті. Жауынгерлік ықпалдастық проблеманы сөзсіз және кепілдендіріп шешуді қамтамасыз етеді.

Тек АҚШ пен Ресейде ғана толыққанды ядролық триада бар. Олар ғаламшардағы оқтұмсықтардың 90%-тен астамына ие. 9 желтоқсанда америкалық RC-135S барлау ұшағының Аляскадағы әуе базасынан көтеріліп, Ресеймен шекаралас Беринг теңізінің үстінде бірнеше сағат бойы ұшуы кездейсоқ емес.

Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Ресей Федерациясының ядролық тосқауыл саласындағы мемлекеттік саясаты ядролық соққының төрт шартын анықтайды: Ресей мен оның одақтастарының аумағында баллистикалық зымырандарды іске қосу, жаппай қырып-жою қаруларымен соққы жасау, мемлекеттік немесе әскери маңызды нысандарға әсер ету және Ресей Федерациясына қауіп төндіретін қарулармен басқыншылық әрекеттерін жүргізу.

РФ ӘК Бас штабы мәлімдегендей, Ресей аумағына кез келген зымыран соққысы жасалған жағдайда Мәскеу өзінің ядролық әлеуетін қолданады. Жаудың қандай қарумен шабуылдап жатқанын анықтауға мүмкіндік болмағандықтан, Ресей Федерациясында ұшатын баллистикалық оқтұмсық болжаммен ядролық болып саналады. Батыстық "серіктестер" бұл жөнінде хабардар.  Бірақ, олар Арктика, Балтық, Қара теңіз және Тынық мұхит аймақтарындағы арандатушылық сипаттағы әскери белсенділікті әлі де төмендетпей отыр. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшақтары Ресей Федерациясына қарсы соққы жасауды пысықтағанын мәлімдеген болатын. Соның ішінде америкалық B-52 бомбалаушы ұшақтарының Санкт-Петербург пен Калининградтағы қауіпті ұшулары да бар. Сол себепті Ресейдің бұл реакциясы қисынға келеді.

"Ярс, Сармат" және "Авангард" сияқты жаңа зымырандық жүйелер Ресей Федерациясының стратегиялық ядролық күштерінің қолына мерзімінен бұрын тиюде. Атомдық сүңгуір қайықтар, Стратегиялық маңызы бар зымыран бөлімшелері, бомбалаушылар, зымыран тасымалдағыштар тәулік бойы жауынгерлік дайындықта жүріп, жекелеген нысандарға немесе бағыттарда жедел соққы жасауға дайын жүреді. Оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады. Оған ресейлік ядролық триаданың барлық компоненттері бір уақытта қатысуда.

Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты
Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков оқу-жаттығулардың бірінші күнінде "ядролық соғысқа жол бермеудің маңызын және мұндай соғыста жеңімпаз болмайтынын ескеру керек" деген пікір білдірді.

Орынбор маңындағы жауынгерлік кезекшіліктегі "Авангард" қондырғылары жау территориясындағы нысандарға қарай оқ жаудыруға дайын күйде тұр. Құрлықаралық баллистикалық зымыранның көмегімен блок Жерді айналып өтіп, есепті уақытта нысанадан мыңдаған шақырым қашықтықта атмосфераға енеді. Содан кейін болжанбайтын траектория бойынша сағатына 24 мың шақырымға дейінгі жылдамдықпен "Авангард" ұшып келіп, қарсыластың нысанынының көзін жояды.

Жаңалықтар
0