Ресей мен Қытайдың бомбалаушылары Тынық мұхитында не мақсатпен жүр?

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСтратегические бомбардировщики-ракетоносцы Ту-95МС
Стратегические бомбардировщики-ракетоносцы Ту-95МС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей мен Қытай Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі мүдделері мен мүмкіндіктерін белгіледі. Ресей мен Қытайдың стратегиялық бомбалаушылар арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әуе кеңістігін патрульдеуі АҚШ пен оның одақтастарының әскери базаларының осалдығын көрсетті

22 желтоқсанда Ресей әуе-ғарыш күштерінің екі Ту-95МС және Қытайдың әскери-әуе күштерінің төрт "Хун-6К" ұшақтарынан тұратын әуе тобы Жапон және Шығыс Қытай теңізінің суларында 10 сағаттық әуе патрулін ойдағыдай жүзеге асырды. Әуедегі ұшақтарды басқару А-50У радиолокациялық барлау ұшақтарының жауынгерлік есептеулері арқылы орындалды. Бағдардың жекелеген учаскелерінде "стратег ұшақтарға" Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштерінің Су-35S жойғыштары, сондай-ақ дабыл бойынша аспанға көтерілген Жапония әскери-әуе күштерінің F-15 жойғыштары ілесіп жүрді.

Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутаттар қазақ-қытай шекарасындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
Тапсырмаларды орындау барысында ұшақтар халықаралық құқық шеңберінде әрекет етіп, көрші мемлекеттердің әуе кеңістігін бұзған жоқ. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі миссияның үшінші елдерге қарсы бағытталмаған сипатына баса мән беріп, оның екі мемлекеттің қарулы күштерінің өзара әрекеттесу деңгейін арттыруға қызмет ететінін айтты.

Мұндай операциялар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейін паш етеді. Бірлескен миссия халықаралық үлкен резонанс тудырды. Оңтүстік Корея қарулы күштерінің штаб басшыларының бірлескен комитетінің мәліметі бойынша, әуе тобы "әуе қорғанысының сәйкестендіру аймағына" бірнеше рет кірген. 19 ресейлік және қытайлық әскери авиацияның әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағына "басып кіруіне" жауап ретінде Оңтүстік Кореяның әуе күштері де өз жойғыш ұшақтарын әуеге көтерген.

Батыс державалары Ресей-Қытай әскери ынтымақтастығының артуын "қауіпсіздікке төнген қатер" деп атаса, АҚШ Тынық мұхиты аймағындағы күштер тепе-теңдігі амрикалықтардың пайдасына кері қарай өзгеріп жатқанын байқады.

Бірлескен орыс-қытай миссиясы 22 желтоқсанда таңертең басталды. Қытайлық төрт бомбалаушы Йодо аралы жағынан (Шығыс Қытай теңізі) "әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағына" кірген кезде, 15 ресейлік ұшақ операциялық аймаққа жетіп үлгерген болатын. Олар біршама уақыт бұрын Жапон теңізіндегі Такэсима (Лианкур) аралдарының жанынан солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп кеткен еді.

Оңтүстік Корея қарулы күштерінің штаб басшыларының бірлескен комитетінің Ресей Федерациясы мен ҚХР-ның "әуе армадасына" қатысты дабылына қарамастан, әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандары ұлттық әуе кеңістігінің бұзылуы фактісін анықтаған жоқ. Сеул тарапынан 2013 жылы біржақты құрылған "әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағы" заңды түрде ешкімді оған кіру туралы алдын-ала хабарлауға міндеттемейді. Әйтсе де, Қытай тарапы бірлескен жаттығулар туралы ескертті.

Әуе тобының ерекше құрамы олардың стратегиялық маңызы бар тапсырмаларды орындауға жоғары дайындығын көрсетті. Әрине, бұл күні таңертең Ресей мен Қытайдың зымыран тасымалдаушыларынан қол созым қашықтықта тұрған Йокосука атты АҚШ-тың әсери-теңіз базасында да дабыл қағылды. Алайда, 22 желтоқсанда Ресей ӘҒК мен Қытай ӘӘК "стратегтері" тек ықтимал операциялардың өрбуіне жоспарлы түрде баға беріп, Азия-Тынық мұхиты аймағында өз дегендерін орындатуға тырысқан америкалық серіктестерге "сәлем жолдады".

Рабочий визит в Казахстан замруководителя администрации президента России Дмитрия Козака - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев Ресей президенті әкімшілігінің өкілі Дмитрий Козакпен кездесті
Америкалықтардың пікірінше, Ресей мен Қытайдың стратегиялық бомбалаушылары мен теңіздегі барлау құралдары Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығының (NORAD) мүмкіндіктерін зерттеп жатыр және АҚШ шекарасына жақын жерде өздерін келе-келе өте сенімді ұстауда.

Бұған дейін TheNationalInterest аналитикалық басылымы былай деп жазды: "Ресей мен Қытайдың ұзақ қашықтыққа қатынайтын жаңа буын зымырандары АҚШ авиациясын басқару желісінің маңызды тораптарына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл тораптардың арасында АВАКС радиолокациялық анықтау және ескерту жүйесі, әр түрлі барлау және бақылау ұшақтары, жанармай тасымалдаушы ұшақтар мен радиоэлектронды тосқауылдың авиациялық құралдары бар".

Шартты түрде "Соғыс құдайы" деп аталатын қытайлық "Хун-6К" стратегиялық бомбалаушысы кеңестік Ту-16А әуе кемесінің заманауи модификациясы болып табылады. "Стратег" алдыңғы нұсқаларынан мыңдаған километр қашықтықта ядролық соққылар жасауға қабілеттілігімен, "ақылды" электроника және су жаңа қаруларымен ерекшеленеді. Онда алыстан анықтау және оқ атуды басқарудың радиолокациялық жүйесі, тосқаылдар орнату жүйесі, барлау және нысандарды нұсқаудың оптика-электронды станциясы бар.

Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясы 2020 жылы Ту-95МС жаңартылған алты стратегиялық зымыран тасымалдағышпен толықты. Модернизация қазіргі заманғы авиониканы, борттық радиоэлектронды кешендерді және басқа жабдықтарды орнатуды қарастырады. Бұған дейін алыс қашықтықтағы авиацияның қолбасшысы генерал-лейтенант Сергей Кобылаш Ту-95МС қазіргі заманғы басқару жүйелері мен қару-жарақтары нысанға дөп тию мүмкіндігін еселеп арттырғанын айтты.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 2020 жылы Ресей шекараларының маңында америкалық авиация мен кемелердің барлау әрекеттерінің қарқыны 15%-ке артқанын айтты. Ресейдің батыс, оңтүстік және шығыс шекараларында НАТО-ның бір уақытта өткізілген оқу-жаттығулары жүйелі сипатқа ие болды. Бір ғана тамыз-қыркүйек айларында мұндай шараларға 55 соғыс ұшағы, оның ішінде стратегиялық бомбалаушылар мен жоғары дәлдіктегі қару-жарақ тасымалдаушы 12 кеме қатысқан. Сол себепті 22 желтоқсанда Ресей мен Қытайдың әскери техника саласындағы бірлескен әрекеттері де ауқымды көрінуі тиіс болатын.

Жаңалықтар
0