Спутник V вакцинасы

Еуропа Ресейдің "Спутник V" вакцинасын мойындады ма?

56
Австрия канцлері Себастьян Курц Еуропа медицина агенттігін (ЕМА) Ресей мен Қытайдан келетін вакциналарды тіркеу мәселесін қарастыру кезінде "геосаяси пікірлерден" бас тартуға шақырды

Бұдан сәл ертерек Франция президенті Эммануэль Макрон "Спутник V" вакцинасын қолдану туралы шешім саяси емес, Lancet журналындағы клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелеріне негізделген ғылыми шешім болуы керек екенін айтты. Мадрид те ресейлік препаратты қолдануға Испания дайын (ЕМА мақұлдаса) екенін мәлімдеді.  

Ал Германияға келер болсақ, қаңтар айында Ангела Меркель Берлин ресейлік әзірлемені Еуропада тіркеу бойынша көмектесуге дайын екенін мәлімдегенде-ақ мемлекеттегі биліктің осы мәселе бойынша Мәскеумен ынтымақтастық орнатуға ниеті туралы белгілі болды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Еуропаның ықпалды бұқаралық ақпарат құралдары "Спутник V" туралы оң пікір айтылған мақалаларды қарша боратып жатыр. Себебі, ресейлік препаратты қаралаудың бірнеше айға созылған науқаны аяқталып, енді қоғам пікірін шұғыл түрде өзгерту керек болып тұр. Өйткені, бұл препарат ЕО халқын вакциналауда шешуші рөл ойнайтын түрі бар.

Медицина саласынан келген депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды
© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РК
Әйтсе де, сол кезде аса мән бермегенмен, ақпараттық-саяси оң серпіннің алғашқы белгілері осыдан бір ай бұрын пайда болған еді. Бұл процестегі басты рөлді дәл осы ГФР сомдады.

Ресми түрде жағдай мынандай сипатқа ие: Lancet журналындағы жап-жаңа жарияланым "Спутник V" сапасына қатысты көпшіліктің көзін ашты. Алайда Германияда вакцина өндірісіне арналған алаңды дайындау қарқынды жүріп жатыр.

Қалай болғанда да, немістер Еуропадағы көшбасшы өздері екенін кезекті рет дәлелдеді. Басқалары әліптің аяғын күтіп отырғанда, Германия саяси маңызды әрі экономикалық тұрғыдан тиімді мәселенің түйінін өзіне әкеліп тіреп қойды.

Бұл "Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысты жағдайға ұқсас. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін Берлин табандылық танытып, Кремльдің ешбір "қылмысына" көңіл аудармай келеді. Себебі, бұл келешегі зор әрі маңызды мәселе. Сол секілді Ресей вакцинасы да елемеуге болмайтын маңызды жоба болып шықты. Батыстың о бастағы жоспары да осы еді.

Әйткенмен, Еуропадағы жағдай мәз емес.

Вакцина тапшылығы үлкен проблемаға айналды. Әрбір доза үшін талас-тартыс жүріп, ақыры дауға ұласып жатыр. Оның үстіне, ағылшындар мен шведтердің AstraZeneca  вакцинасының орташа деңгейдегі тиімділік көрсеткіші жығылғанға жұдырық болып тиді. Ал Американың Pfizer мен Moderna вакциналарының тиімділігі жоғары болғанымен, тым қымбат, әзірлеу мен сақтауды қиындатып жіберетін өндіріс пен логистикаға қатысты тым күрделі талаптары бар.

Сонымен қатар БАҚ пен билік сирек сөз қозғаса да, адамдардың жиі ойында жүрген тағы бір мәселе бар. Қос препарат та әзірше адам денсаулығы үшін қауіпсіз екені толық көлемде тексерілмеген инновациялық технология бойынша әзірленген. Сондықтан вакциналаудан кейінгі адамдардың көз жұмуы қоғам назарын аударып отыр.

Дәл осы тұста "Спутник V" көзге түсті. Оның тиімділігі америкалық препараттармен салыстырғанда (91,6%) аз болғанымен, бағасы арзан, күрделі температуралық режимді талап етпейді (+6, +8 градуста сақтайды), бірнеше ондаған жыл бойы егжей-тегжейлі тексеруден өткен қауіпсіз платформада әзірленген. Сол себепті ресейлік әзірлеменің қорғаныш әсері жоғары деп бағаланып отыр.

Батыстағылар "Спутник V" вакцинасын әзірлеуді Кеңес Одағының 1957 жылы ғарышқа алғашқы жасанды Жер серігін ұшырумен теңестіруде. Осыны мысал еткен немістердің Welt  басылымының журналисі "сол уақыттан бері Ресей техникалық тұрғыда әлемді ешқандай таңғалдыра алмап еді" деп жазды.

Бұл мақтау сөз атом энергетикасы, гипердыбысты технологиялар, радиоэлектронды шабуылға қарсы күрес секілді салаларда әлемдік көшбасшы болып табылатын елде айтылды.  Бұл мақтау сөз Қытайдағыдай өз интернет-ортасы бар елде айтылды. Бұл мақтау сөз ондағы цифрландыру деңгейін Батыс ешқашан қуып жете алмайтын елде айтылды.

Сондықтан, Ресей Батысты таңғалдыра алмай жүр ме, әлде Батыс оның жетістіктерін әдейі елемей жүр ме деген сұрақ туады. Мұндай төмендету көңілге кірбің түсіргенімен, оның оң тұсы да бар. Еуропа мен АҚШ Ресейді жете бағаламаған сайын орыстардың тосынсый жасауға мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, әркез жеңіске жетуге деген құлшыныс та жоғары.

56
Доставка бронетехники и личного состава российских миротворцев в Армению самолетами Ан-124 Руслан

Ресейлік "Руслан" әскери ұшағы қайта құрастырыла ма

32
Әлемде теңдесі жоқ ұзақ қашықтыққа ұшатын Ан-124 "Руслан" әскери-көлік ұшағы модернизацияланып, екінші рет "өмірге келуі" мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. 2 наурыз күні Ульяновтағы "Авиастар-СП" кәсіпорнында өткен кеңес кезінде РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгуге Ан-124 "Руслан" ұшағының өндірісін қайта жаңғырту туралы ұсыныс жасады. Ульянов авиазуытында 2004 жылға дейін 36 әуе кемесі шығарылды. 2020 жылы дәл осы нысанда алты Ан-124 ұшағы жөндеуден өтті. Кәсіпорынның технологиялық деңгейі қысқа мерзім ішінде "Руслан" өндірісін жаңғыртуға қауқарлы.

Ульянов авиақұрастырушыларының бұл ұсынысы тектен-тек жасалған жоқ. Өйткені бұған дейін Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі мұндай бастаманы бірнеше жылдан бері көтеріп келді. Бірақ бұл жобаға бір нәрсе үнемі кедергі бола берді. Мысалы, 2006 жылы украиналық кәсіпорындармен бірлесе отырып Ульяновта "Руслан" ұшақтарының сериялы өндірісін қалпына келтіру жұмыстарын тоқтатуға тура келді. Себебі сегіз жылдың ішінде украиндер қажетті қозғалтқыштарды жеткізе алмады.

Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігі Ан-124 ұшақтарының өндірісін жандандыруда қажеттілік жоқ екенін айтты. Ведомство авиапарктегі жөндеу жұмыстары "Русландарды" 2040 жылдың соңына дейін қолдануға мүмкіндік беретінін алға тартты. Себебі ұшақтың жұмысқа қабілеттілігі – 50 мың сағат, 10 мың ұшу немесе 45 жыл. Екінші жағынан, дәл осы ведомство 2020 жылдан кейін ресейлік Ан-124 ұшағының ұқсас үлгісін шығаруды жоққа шығармай отыр. Мүмкін дәл қазір "Руслан" мен ресейлік әскери-көлік авиациясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқан болар.

Соңғы жылдардағы Сирия, Таулы Қарабақ пен басқа да қақтығыс орындарындағы жағдайлар әскерді, қару-жарақты және материалдық құралдарды жедел жеткізу үшін қолданылатын ауыр әскери-көлік авиациясының қажеттілігін көрсетті.

Еске сала кетейік, негізгі әскери-көлік "Руслан" сағатына 850 километр жылдамдықпен 120 тоннаны 4800 километрге жеткізе алады (ұшаққа 80 тонна жүк тиелсе, ұшу қашықтығы 7 500 километрге дейін артады). Оның америкалық баламасы "Lockheed C-5 Galaxy" жүк көтергіштігі жағынан біршама артта қалады. Алайда Ресейдің қорғаныс министрлігі он шақты Ан-124 ұшағын ғана қолданып отыр. Жаңа сын-қатерлер әскери-көлік авиациясының саны мен сапасын арттыруды талап етеді.

Сириядағы әскери-саяси ауал әлі де күрделі жағдайда тұр. Мұндағы ахуал мобильдік нығайтуды қажет етуі мүмкін. Сондықтан Сирия жерінде Ресей әскери-ғарыш күштерінің жедел аэродромдары желісі кеңейтіліп жатыр. Америкалық The Drive басылымының ақпараты бойынша, Хмеймимдегі ұшу-қону жолағының ұзындығы 3,2 километрге дейін ұзартылуда. Бұл ауыр жүк тиелген Ан-124 "Руслан" әскери-көлік ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін әскери-көлік авиациясы (Ан-124 ұшақтарын қоса алғанда) жедел түрде Таулы Қарабақтағы бітімгершілік контингентінен 1 960 әскери қызметкерді стандартты қару-жарақ және техникамен бірге Ресейден Арменияға жеткізді. Мұндай операциялар үшін алдын ала пысықтау, резервтегі ұшақтар, экипаждар, бағдарлар мен аэродромдар болуы керек.

Қаңтардың ортасында Брянск облысында Сещинский және Тверь авиация полктері экипаждарының бірлескен оқу-жаттығу ұшулары өтті. Оған Ресей тарихында алғаш рет алты Ан-124-100 "Руслан" стратегиялық әскери-көлік ұшақтары қатысты. Ұшуларды орындау кезінде әскери бөлімдердің жеке құрамын стандартты қару-жарақ және әскери техникамен алыс қашықтыққа жеткізу кезіндегі экипаждың дағдыларын пысықтады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша алты "Руслан" бортына 3 000 әскери мен 48 бірлік броньды техника сыйып кетеді.

Аяқ астынан туындаған әскери қақтығыс кезінде Ресей әскері елдің бүкіл аумағында бір ағза іспеттес бірігіп әрекет етуі керек. Ол үшін ондаған немесе жүздеген әскери-көлік авицаиясы қажет болады. Соған қарағанда, жақын уақытта Ульянов авиазауытында жұмыстар қыза түседі.

Ан-124-100 "Руслан" ұшағы 120 тоннадан астам жүкті әуеге көтере алады. Қорғаныс министрлігінен басқа қосымша тағы осындай 20 ұшақ Ресейдің әртүрлі құрылымдарында қолданылып келеді. Салыстыру үшін айтсақ, украиндық "Антонов авиажелілері" кәсіпорнында небәрі 7 машина бар.

Әрине, Ресейде Ан-124 типті ауыр машиналардың саны өсетіні анық. Мүмкін цифрлық модернизация, НК-32 немесе ПД-14 жаңа ресейлік қозғалтқыштар, авионика мен шасси конструкциясындағы елеулі өзгерістер ауыр әскери-көлік ұшағын басқа атаумен шығаруға алып келуі мүмкін. Мысалы, НАТО біраз уақыттан бері Ан-124 ұшағын "Кондор" деп атайды.

Украинаның ANTONOV мемлекеттік кәсіпорны мұндай өндіріс украиндік тараптың қатысуынсыз іске аспайтынын мәлімдеді. Бірақ РФ өнеркәсіп және сауда министрлігі Ан-124 сертификатының иесі ретінде ANTONOV кәсіпорны әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындамай отырғанын атады. Сондықтан бұл жұмыстарға ресейлік кәсіпорынды тартудан басқа амал жоқ.

Ан-124 ұшағы Кеңес Одағында Воронеж, Ульянов, Киев авиакәсіпорындарымен кооперациясы бойынша дайындалған. Оны 1991 жылы Кеңес Армиясы қару-жарақ құрамына қабылдады. Ол бастапқыда қазіргі тәуелсіз Украинада жоқ құрлықаралық баллистикалық зымырандардың мобильді іске қосу қондырғыларын жеткізуге арналған. Ульяновте жоспарланған 56 "Русланның" 36 бірлігі шығарылды. Өнімнің төрт атауынан тұратын тізімде Украинаның ANTONOV компаниясының болмауы кездейсоқ емес.

Украиналық авиаөнеркәсіп мұндай алып ұшақтарды құрастыруға қауқарсыз. Себебі технологиялық дағдарыс оны Ресеймен қарым-қатынасты біржақты тәртіпте бұзуға итермелеп отыр.

Жалпы бүкіл әлемге әйгілі кеңестік авиақұрастырушы Олег Антонов - Мәскеу губерниясының тумасы. Ол Саратов пен Ленинградта оқып, құрастырушы қызметін Мәскеуде бастаған. Ол 1946 жылдан бастап Сібір авиация ғылыми-зерттеу институтын басқарды.

32
Otokar түрік холдингінің броньды машинасы

Қазақстан түріктің ARMA броньды машинасына не себепті қызықты?

79
ТМД және ҰҚШҰ елдерінің НАТО елдерінен броньды машиналарды сатып алуы дербес сауда саясатын әртараптандыру немесе тестілеу, сонымен қатар нақтылауды көздеп отыр. Алайда ресейлік кәсіпорындар сенімді серіктестер болып қала береді

Қарағанды гарнизонының "Спасск" полигонында Қазақстан қорғаныс министрлігінің мамандары NEFER жауынгерлік модулі бар ARMA 8x8 дөңгелекті броньды машинаны сынақтан өткізуді жалғастыруда. Қазақстан әскерін қаруландыру мақсатында бұл ауыр техниканы түріктердің Otokar компаниясы ұсынған болатын. Сынақтардың ұзақтығына қарағанда ARMA 8x8 машинасының  бет алысы жаман емес секілді. Ол өткен жылдың көктемінен бері қазақ даласында жүйткіп жүр.

Қорғаныс саласындағы сатып алуларды әртараптандыруға қарамастан, Қазақстан ресейлік қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің ең ірі клиенті болып қала береді. Ресейден тауарлар бұл саладағы қару-жарақ пен әскери техниканың жалпы көлемінің шамамен 80%-ін құрайды. Қазақстан қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша 2020-2022 жылдарға арналған үш жылдық қорғаныс бюджеті 961 миллиард теңгені немесе 2,55 миллиард долларды құрайды. Бұған дейін Қазақстан Ресейден БТР-80А және БТР-82А броньді тасымалдағыштарын, "Терминатор" ТҚСМ 10 машинасын сатып алды. Сондай-ақ, лицензия бойынша тағы 20 машина республикада құрастырылады.

Қазақстан Ресейде шығарылған жаңа әскери техниканы Ресей Федерациясының ішкі бағасымен сатып алады. Сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешендері ресейлік броньды машиналарды жөндеу және жаңартуға жақсы бейімделген. "Уралвагонзавод" кәсіпорнымен арадағы келісім бойынша республикада Т-72 танктері мен БМП-1 және БМП-2 жаяу әскер машиналарына қызмет көрсету, модернизациялау және жөндеу орталығы құрылды.

Дүниежүзілік қару-жарақ нарығының шамамен 30%-і Ресейдің үлесінде. Сондай-ақ Ресей әскери мақсаттағы өнім шығару және ол өнімді әлемдегі 50 елге (соның ішінде ТМД-ның жеті еліне) жеткізу бойынша екінші орында тұр. 2020 жылы ресейлік қорғаныс өнімдерінің экспорты 13 миллиард доллардан асты. Тапсырыстар портфелінде 55 миллиард долларға жасалған келісімшарттар бар. Бұл ресейлік қарудың сапасына кепілдік деп бағалауға тұрарлық статистика. Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде жаңа броньды машиналармен жабдықтаушылар рейтингінде көш бастап тұр. Бір ғана 2010-2017 жылдар аралығында 1,48 миллиард долларға 1200-ден астам соғыс техникасы сатылған. Әйтсе де қазақстандық мамандар түріктің ARMA броньды машинасына не себепті қызықты?

Бірқатар сарапшы кей мемлекеттердің өздеріндегі шынжыр табанды техниканы жаңа машинамен ауыстыруға деген ниеттерін Otokar ARMA машинасының басымдылығы ретінде атады. Ал батыстағылар "жаңа машина әлемнің басым елдерінде қолданылып келе жатқан кеңестік броньды тасымалдағыштардың орнын басатынын" айтты. Енді машинамен жақынырақ таныссақ.

Қазақстанға арналған полигондық үлгі қазақ әскері үшін арнайы әзірленген NEFER әскери модулімен жасақталған. Бұл модуль нысананы көздеу кешені мен жылуды анықтау камерасын қолдану арқылы түнгі уақытта атысуға мүмкіндік береді. Алты адамнан тұратын десант артқы жақта орналасқан жалғыз есік арқылы кіріп-шығады. Стандартты жинақта кондиционер бар.

Сынақтан өткізу үшін Қазақстанның қорғаныс министрлігіне ARMA-ның бірнеше үлгісі ұсынылды. Алғашқы сынақтар 2020 жылдың наурызында Қарағанды облысында өтті. Сынақ барысында күндіз де, түнде де оқ ату, типтік кедергілерден өту, 65 сантиметрге дейінгі тереңдіктегі қар құрсауынан шығу секілді машықтар пысықталды. Түріктердің Otokar компаниясы машинаға кез келген модульді қаруды орнатуға көмек көрсететінін жеткізді. Мұндай ұсыныстар әркез жоғары бағаланады.

ARMA 8x8 брондалған машинасы 2011 жылдан бері шығарылып келеді. Otokar фирмасының мәліметі бойынша, 24 тонналық машина маневрі, жылдамдығы, қозғалыстағы ептілігі, баллистикалық және мина қарсы қауіпсіздігі деңгейі бойынша НАТО талаптарына толық сәйкес келеді. Тактикалық дөңгелекті броньды тасымалдаушы сағатына 8 шақырымға дейінгі жылдамдықпен су айдындарынан кедергісіз өте алады. Тас жолдардағы жоғарғы жылдамдық сағатына 105 километрге дейін жетеді. Конструкциясы тапсырыс берушінің қалауы бойынша әскери модульдерді орнату арқылы көлікті әртүрлі міндеттерге қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.

Алайда түрік өндірісіне жататын бұл ауырт техникаларда тек электроника мен броньды корпус қана түріктерге тиесілі. Әйтпесе МТU және "Скания" қозғалтқыштары шведтер мен немістердікі, трансмиссия – Америкаға немесе Германияға тиесілі, зеңбіректері АҚШ-та дайындалған "Бушмастер" немесе Ресейдегі 2А42.

Осыған ұқсас ресейлік броньды тасымалдағыш БТР-90 машинасымен салыстырып көрейік. Оның қозғалтқышының қуаты – 510 л.с. Яғни түріктердің техникасынан әлдеқайда үлкен. Жылдамдығы сағатына 100 километрді құрайды. БТР-90 машинасының маневр жасау мүмкіндігін арттыратын ерекше трансмиссиясы бар. Ол борттық ақпараттық-басқару жүйесімен жабдықталады. Экипаж бен десант саны – сәйкесінше үш және жеті әскери қызметкер. Салмағы – 22 тонна. Түріктердің техникасынан екі тоннаға жеңіл. Оның қарулану кешені де жинақы. 30 миллиметрлі 2А42 автомат зеңбірегі мен 7,62 миллиметрлі оқшашардан бөлек танкке қарсы "Конкурс-М" зымырандары және АГ-17 гранатометтермен жабдықталған. Осы аталғандарды ескерген күннің өзінде Ресей оны мінсіз машина қатарына жатқызбайды. Орыстар әлдеқайда жеңіл БТР-82А немесе "Бумерангтерді" қолдануға басымдық беріп отыр.

Ресейлік "Бумеранг" броньды тасымалдағышы соғыс кезінде пайдалану мүмкіндіктерінің ең жоғарғы үлгісі. Ол халықаралық нарықта 2020 жылдың көктемінде таныстырылды. Броньды тасымалдағыш атыс қаруларынан, мина жарғыш құрылғыларынан және артиллерия снарядтарының сынықтарынан жоғары деңгейде қорғай алады. Машина астында мина жарылған болса, үш адамнан тұратын экипаж бен 8 десанттық жауынгер аман қалады. Үнемді 750 күштік дизельдік қозғалтқыш 20 тонналық "Бумерангты" тас жолда сағатына 100 километр, жолсызда 50 километр, суда 10 километр жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етеді.

Қызығы, Қазақстанда дайындалған "Барыс" 8х8 броньды тасымалдағышы көп көрсеткіш бойынша түрік машинасынан әлдеқайда асып түседі. "Барыс" турбодизельді қозғалтқышының қуаты 500 л.с. Тас жолдағы жылдамдығы – сағатына 100 километр. Экипаж бен десант саны – 11 адам. Салмағы – 19 тонна. Яғни түрік техникасынан 5 тоннаға жеңіл.

"Казахстан Парамаунт инжиниринг" компаниясының машинасында баллистикалық және минадан қорғаудың жоғары деңгейі, жауынгерлік модульдердің кең спектрі бар. Бәлкім өндіріс көлемі әзірше шектеулі шығар. Бірақ әскерді қайта қаруландыру бүгінгі күні аса қажет. Сол себепті ұсыныстарды, таңдаудың технологиялық және әскери-саяси салдарларын мұқият зерттеп алу қажет.

21AAR басылымының "Otokar ARMA НАТО-ға мүше мемлекет құрастырған ең үздік броньды тасымалдағыш және ол Франция мен Германияда жасалған балама машиналардан бірқатар көрсеткіш бойынша жоғары тұр"деген пікірімен келіспеске болмайды. Бірақ бұл артықшылықтар түрік техникасы ТМД елдерінде сәтті қолданылатынына кепілдік емес. Ресей Федерациясы секілді бәсекелестері бар уақытта қазақстандық әскерді қаруландыру түріктерге ғана жүктеледі деп үміттенуге болмайды.

79
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

1411
Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады

АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Алматыдан 40 шақырым жердегі Жауғашты кентінде ЛА-155/4 әйелдер түрмесі орналасқан. Мұнда баласымен бірге отырғандар да бар. Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады.

Алматы облысындағы бұл түрме – әйелдер жазасын өтейтін Қазақстандағы алты мекеменің бірі. Мұнда бір мезгілде 1200-ге жуық адамға орын табылады. Бұл мекеменің бір ерекшелігі – мұнда әйелдер балаларымен бірге тұра алады. Бұл мекеменің ашылғанына бір жылдан кейін 85 жыл болады. Осы уақыт аралығында ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған қанша әйелдің жазасын өтегенін бірден нақты ешкім айта алмас. Себебі жыл сайын ол қатарға қосылып жатқандар мен жазасын өтеп шыққандар саны әртүрлі.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жауғашты кентіндегі әйелдер түрмесінде жазасын өтеушілер

Қазір бұл түрмеде 460-қа жуық әйел бар. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.

Көктемді асыға күтеді

Жауғашты ауылындағы түрмеде отырған әр әйелдің оқиғасы әртүрлі. Түрме аумағына кірер кезде тыйым салынған заттың бәрін қалдыру керек. Осылайша қаншама әйел жылдар бойы сыртқа шығуды армандайтын есіктен сол әлемге кіресің.

Женская колония ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Түрмеде қазір 459 әйел бар. Бұған дейін бұл жерде адам аз болған екен. Оған түрме қызметкерлері пандемияның ықпалы бар деп санайды.

"Қазір бізде 459 тұтқын бар. Бұған дейін аз болды. Пандемияға байланысты сот шешімі кейінге қалып отырды немесе басқа да себебі бар шығар. Карантин жеңілдетілген кезде бізге жаңадан сотталғандар келе бастады. Арасында кәмелетке толмаған екі қыз бар", - дейді ЛА-155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмеде қазір 459 әйел бар

Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады.

Мұнда сотталғандар концертті өздері ұйымдастырады, ал әкімшілік сондай шараларды жиі өткізіп тұруға тырысады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сондай сәт толық болмаса да, қабырғаның ар жағындағы өмірге бір сәтке оралуға мүмкіндік береді.

Ограждение колонии, колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Колония қоршауы, тікенек сымдар

Ал сотталғандардың өзі бұрын бағалы болмаған уақыттың әр минуты алтынға тең деген ойда.

"Біз жақын адамдарымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал сыртта бейтаныс адамдарға жылы сөйлеп, үйге келген соң ашу-ызамызды шығарамыз. Балаларға, жақындарымызға, анамызға қатты сөйлейміз. Алайда ол адамдар ештеңеге қарамастан бізді жақсы көреді. Біздің жақсы не жаман екенімізге қарамайды. Немесе қатыгез, мейірімді, ауру, сау екенімізге қарамай жақсы көреді", - деді сотталған Наталья Кандолова.

Наталья Кандолова - осужденная
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сотталушы Наталья Кандолова

Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.

"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді ол.

Баланы сыртқа теппейді

Мұндағы әйелдерден түрмеге қандай қылмысы үшін түскенін сұрауға болмайды. Мұны жазылмаған заң десе де болады. Себебі әрқайсының еске алғысы келмейтін оқиғасы бар.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Серуендеуге шыққан әйелдер

"Біртүрлі болып көрінгенімен, осы жерде отыруға тура келгеніне өкінбеймін. Не себепті отырғанымды, оған не себеп болғанын білемін. Иә, бұл – сынақ. Алайда ол маған өзімді табуға, түсінуге көмектесті. Бұл жерде әртүрлі адаммен тіл табысуға үйрендім. Еркіндікке шыққан соң қай бағытта әрекет ететінімді, қалай өмір сүру керек екенін түсіндім. Тек жақындарымнан жырақ жүргенім қынжылтады. Аз қалды. Бір айдан астам уақыттан кейін шығамын деп үміттенемін. Сол күнді күтіп жүрмін", - дейді сотталған Ботагөз Бахарова.

Ботагөз өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.

"Баласы бар әйелдер балалар қалашығында тұрады. Бұған дейін олар жасақ құрамында болған. Яғни, белгілі бір бекітілген уақытта балалар үйіне барып, кесте бойынша ол жерден шықты. Жаңылмасам, 2016 жылдан бастап қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес балалары бар сотталғандар олармен бірге тұра бастады. Бұл жақсы шешім болды деп айта аламын. Себебі балалар да тыныш болады, жиі ауырмайтын болды. Аналарға да жайлы", - дейді Гүлжәмилә Байтемірова.

Дом ребенка в женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесіндегі балалар үйі

Әйелдер колониясының жанындағы балалар қалашығында 30 сотталған ана бар. Алайда ол жаққа коронавирустың жоқ екенін растайтын құжатпен де өту мүмкін болмады.

"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Гульжамиля Байтемирова  заместитель начальника учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова

Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.

"Біз де анамыз. Оларды көріп... Егер біз осы жақтағы балаларға қамқор болсақ, біздің де баламызға ол жақта басқалар қамқор болар. Яғни, бәрі – бумеранг. Сондықтан барлығы шын жүректен шығады", - дейді сотталған Әлия Жұманова.

Түрмеге түспес бұрын Әлия табысты кәсіпкер болған. Жұмыс, отбасы, балалары... Адамға бақытты болу үшін қажеттің бәрі бар еді. Қазір оның бостандыққа шығуын екі қызы, ұлы мен немересі асыға күтіп жүр. Өзінің балалары мен немересіне көрсеткісі келген жылулықты түрмеде өсіп жатқан балаларға береді. Ол түрмеде тоқыма үйірмесін ашқан. Сол жерде қыста балаларға шұлық, баскиім мен жейделер тоқып берді.

Осужденная Ботагоз Базарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әлия Жұманова

Әлияның абақтыда отырғанына жеті жыл болды. Енді ол жақындарымен қауышатын күнді асыға күтіп жүр.

"Бұрын ойланбайтын едім... Күн өтті, болды. Енді әр минут пен әр секундты соларға арнағым келеді. Өзімде бардың бәрін, өзімді, өнерімді балаларым мен немереме бергім келеді. Бұрын қарбалас тіршілік, үшінші, оныншы жұмыс деп жүрдім. Енді тек туыстарым мен жақындарыма махаббат пен жылулық сыйласам деймін", - дейді Жұманова.

Бір де бір мерекеде үйінде болмайды

Бұған дейін айтылғандар – үш адамның өмірінің бір бөлігі ғана. Ал мұнда дәл осындай 459 адамның оқиғасы бар. Алайда бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдің бәрі өткенді түсініп, болашаққа нақты жоспар құрып қойған деп айту қиын. Себебі арасында ақтап алуға келмейтін қылмыс жасағандар да бар. Соның бірі – бірге тұратын адамымен ішімдік ішіп отырған кезде жылаған екі баласын өлтіріп, бөлшектеп тастаған жас әйел.

Колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмедегі тікенек сымдар

Ал мекеме қызметкерлері соның бәрін біліп, қылмыс жасағандармен жұмыс істейді.

"Біз судья емеспіз. Бұл әйелдер қазірдің өзінде жазасын алды, ал біздің міндетіміз – жазаның орындалуын қадағалау", - дейді олар.

Бұлай қысқа қайырғанымен шын мәнінде ол сөздің астарында үлкен мән жатыр. Мекеме қызметкерлері демалыс, мейрамға қарамай жұмыс істейді. Соның бірі – Екатерина Бисембаева. Ол әйелдер түрмесінде 16 жылдан бері еңбек етеді.

Екатерина Бисембаева - оперуполномоченный режимного отдела исправительной учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Екатерина Бисембаева

"Бұл жерге жұмыс істеуге жас кезімде келдім. Қиын болды. Алайда жыл өткен сайын тәжірибе де жинала береді. Соның көмегі болды. Қазір жақсы психолог болып алдық. Әр сотталушыға әртүрлі көзқараспен қараймыз. Кіммен қалай сөйлесу керек екенін білеміз. Осындай жұмыс істеп жүріп тұрмысқа шықтым. Күйеуім де мені қолдайды, қызметіме қарсы емес. Бұл жерде жұмыс істеген маған ұнайды. Еңбек демалысында болған кезде жұмысымды сағынамын", - дейді Бисембаева.

Айтуынша, жақындары мен туыстары мекеме қызметкерінің бір де бір мерекеде үйде болмайтынына үйренген. Себебі мереке сайын түрмеде күшейту жұмыстары жүреді. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыста болады.

1411