Белорусь АЭС

Ресейлік АЭС басқа елдердің энергия жүйесіне қалай көмектесіп жатыр

22
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын жүргізуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Энергия қоры таусылған жағдайда жеке атом энергиясы болашақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мүмкін. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының мұғалімі, экономист Владислав Гинько осындай пікір білдірді.

"АЭС – елдегі электр энергиясының үздіксіз түрлендірілуінің кепілі. Егер, электр энергиясы мейлінше көп болса, онда ол мемлекет басқа елдерге электр энергиясын сату арқылы ауқымды табыс көруіне болады. Сұраныс барлық кезде табылады", - деді Гинько.

Экономист атом электр станцияларын құру бойынша Ресей бірінші орында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мәскеу осы тектес жобалардағы серіктестік үшін қандай да бір саяси талап қойып отырған жоқ.

Түркия

Ресей түріктердің "Аккую" атом электр станциясының құрылысына кірісті және құрылыс шығындарын да өз мойнына алды. Бұл шамамен 20 миллиард доллар. Ал, түріктер осы станцияда шығарылатын энергияның 50%-ін сатып алу міндетін өзіне жүктеді.

Құрылысы аяқталғаннан кейін АЭС жылына 35 миллиард кВт/сағ энергия өндіретін болады. "Росатом" бағалауы бойынша ұл электр энергиясындағы Түркия сұранысының 10%-і. Бұл халқы 15 миллион адамды құрайтын Стамбулды жеке электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

АЭС 2025 жылға қарай толық қуаттылықта жұмыс істей бастайды. Алайда, АЭС құрылысының пайдасы қазірден байқалып жатыр. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылды: 2018 жылдың соңында нысандағы 500 жұмысшының 420-сы Түркия азаматтары болды.

Беларусь

Ресей Федерациясымен энергия саласындағы серіктестіктің сәтті тәжірибесі Беларусьте де бар. Ресей республикадағы алғашқы атом электр станциясы – БелАЭС құрылысымен айналысып жатыр. Бірінші блоктың ресми түрде іске қосылуы 7 қарашада өтті. 11 желтоқсанда АЭС 137 миллион кВт/сағ өндіргені анықталды. Салыстыру үшін айтсақ: республикадағы Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы электр энергиясын тұтыну 38 миллиард кВт/сағ құраған. Бір айдың ішінде БелАЭС елдегі жылдық көрсеткіштің 4%-ін өндірді.

Елдегі билік АЭС құрылысы станция жанында орналасқан Островец қаласына да оң ықпал етті деп санайды. Островец аудандық атқарушы комитетінің мәліметі бойынша, станция құрылысының арқасында 2,5 мың жұмыс орны құрылды. Жергілікті инфрақұрылым да жақсара түсті: ауданда жаңа алабақшалар, орта мектеп, заманауи аурухана, стадион мен тұрғын үйлер пайда болды.

Өзбекстан

Өзбекстан да "Росатоммен" бірлесіп АЭС құрылысына кіріспекші. 2022 жылы ССЭР-1200 реакторлық қондырғылары бар "3+" буынының екі энергия блогы бар кешен құрылысы жоспарланып отыр.

Республикада қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығы бар. "Өзатом" агенттігінің мәліметі бойынша, қажеттілік көлемі шамамен 66 млрд кВт/сағ болса, іс жүзінде 63 миллиард энергия шығарылуда. Ташкент қалған энергияны көрші мемлекеттерден импорттауға мәжбүр.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Өзбекстанның электр энергиясына деген қажеттілігі шамамен 120 миллиард кВт/сағ жетеді. Бұл қазіргі көрсеткіштен екі есе артық. Сондықтан, республикадағы энергетика министрлігі энергияны түрлендірудің жалпы қуатын 16,4 ГВт-ға артыруды көздейтін тұжырымдаманы бекітті. Ол құжатқа сәйкес бұл көрсеткіш үн, жел, жылу, гидроэнергетика және атом энергиясы есебінен мүмкін болады. Бұл жүйедегі жалпы түрлендіру қуатының (2,4 ГВт) 8,3%-ке дейінгі көлемі АЭС-ке тиесілі болмақ.

Ташкентте бірнеше жылдан бері "Мәскеу инженер-физика институты" ұлттық ядролық зерттеу университетінің (РФ) филиалы жұмыс істейді. Жоғарғы оқу орны жыл сайын мемлекеттік грант бойынша 100 студентті қабылдайды. Дәл осы мамандар оқуды тәмамдағаннан кейін Өзбекстанның атом саласындағы қызметкерлерге айналады.

22

Армения ресейлік қаруға неге күмәнмен қарап отыр

33
(Жаңартылды 12:19 26.02.2021)
Жоғары технологиялық және жоғары дәлдіктегі қару-жарақ жүйелерін жауынгерлік қолдану үшін арнайы оператор мамандарды даярлау, сенімді барлау мен соққы жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ, саяси даналық пен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік қажет

Әйтпесе, ең жетілдірілген зымырандардың өзі "дұрыс емес жүйенікі" болып шығуы, ұша алмауы, нысандардың жанынан ұшып өтуі немесе 10 проценті ғана жарылуы мүмкін.

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашиня 1in.am басылымына берген сұқбатында Таулы Қарабақта жақында өткен соғыс әрекеттеріне баға бере отырып, ресейлік қарудың сенімділігі және соғысқа жарамдылығына күмән келтірді. Оның айтуынша, "Искандер" зымырандары біресе мүлде жарылмады, біресе тек "10 проценті ғана жарылды". Сондай-ақ, мемлекет басшысы әскер саласында құрылымдық және қару-жараққа қатысты реформалар жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Армения Республикасының қорғаныс министрлігі премьер-министрдің "Искандерлер" туралы екіұдай ойына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ресейдің әлемдік қару-жарақ нарығының үштен бірін бақылауда ұстап отыруы кездейсоқ емес. Оның қару-жарақ экспортының көлемі 2020 жылы 13 миллиард долларды құрады. Бұл цифрлар мен фактілер көптеген ел өзіндік құнына сатып алатын қорғаныс өнімдерінің сапасының айшығы болса керек.

"Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешендері ебі бар қол басқарса, Кавказ тауларында да, теңізде де, ал соғыс жағдайында Сирия аумағы мен Африканың солтүстігінде де нысандарға дәл тие алады. Мұндай қаруды көп мемлекет сатып алғысы келгенімен, "Искандер-Э" экспорттық модификациясына қол жеткізетіндер қатары санаулы ғана.

Ресей жоғары технологиялық мүмкіндіктерін оңды-солды кез-келген мемлекетпен бөлісіп жатқан жоқ. Сондықтан, Пашинянның сұқбаты төбеден қойып қалғандай болды. "Искандер-М" кешені Ресей қару-жарағының қатарына 2006 жылы қабылданды. Осы орайда оны "80-ші жылдардың қаруы" деп атаған жөн емес.

Ресейлік ЖТЗК қатысты Армения премьер-министрінің ашық айыптауы бірнеше болжамды тұжырымдар жасауға итермелеп отыр. Ресей қаруын кемсітудің астарында армян әскерін сапалы реформалаудың алғышарттары жатқан жоқ па деген ой туады. Олай болса, Ереван алдағы келешекте қандай қару сатып алмақ және қорғаныс қабілетін қандай стандарттар бойынша нығайтпақшы?

Әрине, Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін бірқатар тұжырым жасалып, жоспарлар құрылғаны анық. Пашинянның сұқбатынан қорғаныс министрлігі мен бас штабта "соғыс туралы шындықты анықтау, дәлелдеу, білу" үшін аналитикалық жұмыстар жүріп жатқаны белгілі. Сондай-ақ, мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. 

Көлемді сұқбатта ҰҚШҰ атауы тек бір ғана тұста аталған: ұйымның міндеттемелері Арменияның халықаралық деңгейде мойындалған шекарасында қалыптасқаны туралы сөйлемде. Алайда, ҰҚШҰ Қарабақтағы аумалы-төкпелі жағдай мен тұрақсыздық кезіндегі Арменияның арқа сүйер жалғыз тірегі емес пе. Жиі қолданылатын "революция" мен "конституция" сөздері өздігінен ештеңені реттемейді, ел қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Кез келген мемлекеттің тұрақтылығының негізі – әскер. Бірақ, нақты іс-әрекет жоспары болмай, қандай да бір ауқымды реформалар жайлы айту бос сөз. 

"Искандер-М" зымыран кешені жаудың маңызды нысандарын жоғары дәлдікпен 500 километрге дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Мысалы, әскери базалар, командалық пункттер мен байланыс тораптары, зымыран кешендері, аэродромдардағы ұшақтар мен тікұшақтар. Армения иелігінде 300 километрге дейінгі қашықтықта оқ ата алатын "Искандер-Э" ЖТЗК бар. Кешеннің негізгі артықшылықтары: стратегиялық мобильділігі, жауынгерлік кезекшілікті жасырынды түрде өтеу және зымыранды соққылар жасау мүмкіндігі, ұшу тапсырмасын автоматты түрде есептеу және іске қосу, оқ ату және радиоэлектронды қарсы әрекеттер кезінде жауынгерлік тапсырманы орындау ықтималдылығы жоғары.

Зымырандардың екі түрін - баллистикалық және қанатты зымырандарды пайдалану есебінен оның жауынгерлік тиімділігі жоғары. Зымыранды ұшыру уақыты бірнеше минутты құраса, іске қосу арасындағы аралық бір минутты құрайды.

"Искандердің" әрбір іске қосу қондырғысы мобильді әрі дербес. Ол кез-келген жерде және уақытта әрекет ете алады. Зымырандарды ұшу кезінде қайта бағыттауға болады. Бұл қозғалыстағы нысандарды көздеуге мүмкіндік береді. Соңғы сәтте айрықша дәлдікті қамтамасыз ететін өздігінен бағыттаудың ақылды оптикалық бастиегі іске қосылады. 9М728 немесе Р-500 бастиектері нысаннан небәрі 1 метрге ғана ауытқуы мүмкін.

"Искандер-М" ЖТЗК дәлдігі, зымырандарды дайындау жеделдігі және басқа да сипаттамалары бойынша LORA, Lance, ATACMS, Pluton сынды шетелдік жедел-тактикалық зымыран кешендерінен асып түседі. Ресейлік кешенге қатты ұқсас израильдік LORA зымыранының өзі қашықтығы мен дәлдігі жағынан осалдау. 2020 жылы ATACMS кешенін модернизациялаудан бас тартқан америкалықтар да кейіндеп келеді.

33
Самолет F-35A Lightning II

Американың F-35 жойғышы қандай сәтсіздікке ұшырады

133
Америка паркіндегі F-35 ұшақтарының үштен екісі қозғалтқыштағы проблемаға байланысты ұшуларды орындай алмай отыр. Ұшақтың конструктивтік кемшіліктері өте көп, Пентагон белгілеген сынақтардан өте алмады және әлі күнге дейін оның жаппай өндірісіне рұқсат берілген жоқ

Бүгінде АҚШ әскери-әуе күштері F-35 ұшағының орнына 4+ буынына F-16 жойғышын қолдануды құп көріп отыр.

Бастапқыда Пентагондағылар F-35A тапсырысының көлемін кемінде 40%-ке, яғни, 1 763 бірліктен 1 050 ұшаққа дейін қысқартуды ұсынды. АҚШ F-16 Fighting Falcon ұшағының тапсырыстарын арттыруды көздеп отыр.

 Су-57
© Sputnik / Андрей Станавов
F-35 бомбалаушы жойғыш ұшағы бес жылдан астам уақыт бойы АҚШ әскери-әуе күштерінде қызмет етіп келеді. Бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары Эллен Лорд F-35 Lightning жойғыштарының 36%-і ғана ұшуға жарамды екенін, қалған ұшақтар "жартылай жұмыс істеп тұрғанын" мәлімдеді.

F-35 жойғыштарын шамамен 100 миллион доллар бағамен сатып алған америкалық одақтастар мен серіктестердің (Ұлыбритания, Норвегия, Израиль, Италия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония) үміті ақталмады. Себебі, ұшақ 5-ші буын параметрлеріне сәйкес келмейді, жауынгерлік дайындығы болмағандықтан, белгіленген тапсырмаларды орындай алмайды.

Әйтсе де, АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешенінің өніміне кезекке тұрғандар азаяр емес. Жақында Біріккен Араб Әмірліктері елу F-35 ұшағын сатып алуға келісімшарт жасады. Израиль жойғыштар паркін үш эскадрильяға (40 машинаға дейін) көбейту жөнінде ниет білдірді.

Бұған дейін жоғары жылдамдықта ұшақтың стелс-жабыны және корпусының бұзылғаны, ұшқыштарға ауа жіберудегі ақаулар және бағдарламалық жасақтамадағы проблемалар туралы хабарланған болатын. Инженерлер кемшіліктерді жойғышты пайдалану кезінде түзетуге тырысқанымен, проблемалар аз емес.

АҚШ әскери-әуе күштерінің F-35A жойғыш ұшағы F135 қозғалтқышымен жұмыс істейді. Алайда, бұл F-35 жойғышының төмен өнімділігінің негізгі себебі болып отыр. Себебі, турбина қалақтарындағы үстіңгі бет қабатының қызып кетуі қозғалтқыштың ерте істен шығуына алып келеді. F135 жиі техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді және ұшақты пайдалану құнын едәуір арттырады. Салыстыру үшін айтсақ, F-35 ұшағының бір сағат ұшуы 31 мың доллар болса, F-16 жойғышының ұшуы 8 мың доллар көлемінде. Оның үстіне, Pratt&Whitney компаниясы F135 қосалқы қозғалтқыштарын бейбіт уақыт кезінде де шектеулі көлемде шығарып жатыр.

АҚШ әскери-әуе күштерінің жауынгерлік тиімділігін сақтау үшін F-35 ұшақтарының үлесін азайтып, оларды жаңартылған F-16 Fighting Falcon жойғыштарымен алмастыруды жоспарлауға мәжбүр болып отыр (олар 1979 жылы қаруға қабылданған, бүгінде қызметте осы типтегі 790 жойғыш бар). Төртінші буынға жататын F-16 көпфункционалды жеңіл жойғышының максималды ұшу салмағы 21,8 тонна. Ол 9 аспалы нүктелер арқылы 7,7 тоннаға дейін бомба мен зымыранды көтере алады. Соғыс радиусы - 1700 километр, ал ең жоғарғы  жылдамдығы 2 200 км/сағ.

АҚШ ӘӘК штабының басшысы кіші Чарльз К.-Браун оны пайдалануға наразылық білдіріп, F-35 жойғышына қарағанда әлдеқайда арзан, F-16 ұшағынан едәуір заманауи бірмоторлы жеңіл жойғыштар әзірлеуді ұсынды. АҚШ әскери-әуе күштері F-16 Fighting Falcon жойғыштарын жаңа жауынгерлік ұшақтармен алмастырудың мақсатқа сәйкестігін бағалауға арналған зерттеу бағдарламасын іске қосты. Зерттеулер 2023 жылдың басына қарай аяқталады.

F-35 ұшағы батыс әлемінде шығарылған жалғыз "бесінші буын" жойғышы болуы мәселені қиындатып тұр. Ал,  Boeing өндірісіне жататын F-15 және F-18 жойғыштары қырғи қабақ соғысының төртінші буынының конструкциясы болғанымен, олардың тозығы жетті. АҚШ-тың еуропалық одақтастары өздерінің 5-ші буын жойғыштарын құрастыруға асығар емес. Ал Ұлыбритания, Польша, Бельгия, Италия америкалық F-35 ұшақтарын сатып алуға қаражат салуда.

Американың F-35 жойғышының бұл сәтсіздігі жағдайында ресейлік Су-57 ұшағының технологиялық серпіні әлдеқайда оптимистік сипатқа ие. Ол әлемдегі бесінші буын жойғышы ретінде гипердыбысты зымырандарды игеріп жатыр.

133
Архивтегі фото

Жұмаға қараған түні белгісіз біреулер мектепке баса-көктеп кірді

0
Нигерияда террористер түнгі уақытта қыздарға арналған мектепке басып кірген. Жергілікті тұрғындар оқушы қыздарды құтқару үшін содырларды іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.

Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.

0
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды