Ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуИспытания боевого беспилотного авиационного комплекса "Охотник"
Испытания боевого беспилотного авиационного комплекса Охотник - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Жазылу
Ол ұшу және әскери сипаттамалары бойынша басқаларын басып озып, интеллектіні пысықтап жатыр. Бұл техника алдағы жылдары қару-жарақ ретінде қабылданады деген жоспар бар

Чкалов атындағы Новосибирск авиа зауыты С-70 "Охотник" ұшқышсыз ұшу аппаратының тағы үш тәжірибелік үлгісін құрастырып жатыр. Машиналар бірте-бірте жетілдіріліп жатыр және жоспарлы түрде 2022-2023 жылдар ішінде ұшы сынақтарына жұмылдырылады. Бірінші "Охотниктің" 2019 жылдың тамызында өткен сынақтарын есепке ала отырып, екінші үлгісіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости

Ұшақ конструкциясы, борттық радиоэлектронды қондырғылар және қозғалтқыштың жүйелері жетілдіріліп жатыр. РИА Новости агенттігінің Ресей Федерациясындағы қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніндегі дереккөзінің ақпараты бойынша, үшінші және төртінші ұшқышсыз ұшу аппараттары сериялық нұсқаға сәйкес келетін болады.

© РИА НовостиҰшақ конструкциясы, борттық радиоэлектронды қондырғылар және қозғалтқыштың жүйелері жетілдіріліп жатыр
Ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Ұшақ конструкциясы, борттық радиоэлектронды қондырғылар және қозғалтқыштың жүйелері жетілдіріліп жатыр

Қаңтардың басында Ашулук полигонындағы ұшу сынақтары кезінде алғашқы "Охотник" 500 келілік бомбалармен жердегі нысандарға сәтті шабуыл жасады. Мамандардың пікірінше, ең жаңа дәлдеу және навигация кешені жоғары дәлдіктегі басқарылатын қару тиімділігімен төмен қарай еркін құлайтын оқ-дәрілерді пайдалануға мүмкіндік береді.

"Охотник" алдын ала белгілі координаттары бар жердегі стационарлық және қозғалысы шектеулі нысандарға автономды түрде соққы жасауға қабілетті. Оның сыртқы түзетулері соққы дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Ресейлік ұшқышсыз ұшатын ауыр машина үшін фюзеляж ішінде басқарылатын "әуе-әуе" және "әуе-жер үсті" зымырандары арнайы әзірленуде. 

Бортында үлкен қару-жарақ арсеналы бар "Оотниктің" жауынгерлік миссиясы - алыс қашықтыққа барлау жүргізу және жаудың қорғаныс аумағына жоғары дәлдіктегі соққылар жасау. Оның әлем бойынша баламасы жоқ.

Бұған дейін америкалық Forbes журналы былай деп жазды: АҚШ әскери-әуе күштерінің MQ-9 Reaper машинасына қарағанда, ресейлік барлау-соққы жасау дроны көтерілісшілермен күресуге емес, ауқымды әскери қақтығыстарды жүргізуге арналған. Ол 5 000 километрге дейін барлау құралдары мен 6 тонна бомба немесе "әуе-әуе" және "әуе-жер үсті" зымырандарын алып ұша алады. Оның ұшу қашықтығы мен қару-жарағының түрлілігі бойынша сипаттамаларын мінсіз деуге болады. 

21 ғасырдың басында Израиль мен Америка Құрама штаттары әскери-әуе қорғанысындағы ұшқышсыз ұшатын аппараттардың негізін қалаушы болып саналды. Дрондар мәселесінде Түркия бұл екі елді қуып жетуге тырысты. Оған Bayraktar ТВ2 соққы жасаушы ұшақтарының Қарабақ қақтығысындағы тиімді әрекеттері дәлел. 

Ресей әуе-ғарыш күштерінің мүддесіне сәйкес ұшқышсыз машиналар саласын салыстырмалы түрде жақында ғана дамыта бастады. Бұл қадамдар сәтті жүзеге асып жатыр. 2020 жылы қаруландыруға қабылданған "Орион-3" ұшқышсыз ұшу аппараты алғашқы сәтті жобаның бірі. 

С-70 "Охотник" әлемдегі көшбасшы рөліне әбден лайық технологиялық жетістікке айналды. Оның артықшылықтарын ақындау үшін "Охотникті" басқа мемлекеттердегі барлау мен соққы жасауға арналған ауыр үшқышсыз ұшу техникаларымен салыстыру керек. Бұл израильдік  IAI Eitan, түріктердің Bayraktar Akinci, америкалық MQ-9А Reaper. 

Зенитный ракетно-пушечный комплекс Панцирь-С во время командно-штабных учений  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2020
"Панцирь" – ұшқышсыз ұшу құрылғыларына қарсы тиімді құрал

Қанаттарының құлашы ең шағын бола тұра (19 м) "Охотник" 6 тоннаға дейінгі салмақта қару-жарақ арсеналын тасымалдай алады. Ал, жүк көтерімділігі бойынша ресейлік дронға ұқсас IAI Eitan 2 тонна қаруды аспа арқылы алып жүре алады. Сәйкесінше, ресейлік "Охотник" Израиль, Түркия немесе АҚШ машиналарының үшеуін алмастыра алады.

"Охотниктің" крейсерлік жылдамдығы 1000 км/сағ. Бұл бәсекелесі MQ-9A Reaper (480 км / сағ) максималды мүмкіндігінен екі есе жоғары. Сонымен бірге, ұшқышсыз ұшу аппаратын бесінші буын Су-57 жойғышымен бірге пайдалану жоспарланып отыр. Оның дыбыстан жоғары крейсерлік жылдамдығы (2100 км/сағ) "Охотниктің" 1000 км/сағ жылдамдығы мүмкіндіктер шегі емес екенін көрсетеді. 

Ресейлік ҰҰА  шетелдік баламаларына қарағанда әлдеқайда ауыр екені, оның турбореактивті қозғалтқышпен жабдықталғаны, жасанды интеллекті бар және "ұшатын қанат" пішінді екені белгілі. Жалпы алғанда, ол фантастикалық фильмдегі өзге планеталықтардың ғарыш кемесіне ұқсайды. Бұл Ресейдің феноменалды технологиялық жетістігін көрсетеді. 

Барлау мен шабуыл жасауға арналған ауыр ұшқышсыз ұшу машиналарын әзірлейтін мемлекеттер саны шектеулі. Сондықтан, "Охотниктің" әрбір қадамы шетелдік мамандар мен серіктестердің жіті назарында тұр. 

Мысалы, америкалық X-47B (Northrop Grumman) ұшқышсыз ұшу аппаратының балама жобасы тұралап қалды. Оның алғашқы ұшуы 2011 жылы болғанын ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстарды сәтсіз деуге болатын секілді. Пентагон 2013 жылы UCLASS әскери-теңіз күштері үшін перспективалық ұшақты бейімдеудің қымбат бағдарламасын іске қосты. 2020 жылға дейін машина толық дайын болады деп жоспарланған. Бірақ қандай да бір себептермен АҚШ Әскери-теңіз күштерінің мамандары палубалық шабуылдаушы ұшақтың тиімділігі мен қауіпсіздігіне күмәнданып отыр.

Жаңалықтар
0