Ресейлік "Буревестник" Пентагонды неге алаңдатып отыр

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуИспытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник»
Испытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник» - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
"Буревестник" шектеусіз қашықтыққа ұша алатын ресейлік қанатты зымыраны Пентагонды алаңдатып отыр

Ол қондырғы АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастарының әскери-саяси әлеуеті үшін нағыз сын-тәуекел болмақ.

16 наурызда Конгресте өткен тыңдалым кезінде ядролық күш қондырғысы бар "Буревестник" қанатты зымыраны Ресейге кез келген вектордан соққы жасауға мүмкіндік беретінін және бұл АҚШ-қа ядролық оқ-дәрі жеткізуге кепілдік беретінін туралы пікір айтылды. Бұл болжаммен АҚШ қарулы күштері Солтүстік қолбасшылығының генерал-лейтенанты Глен Ван Херк бөлісті. Херктің пікірінше, Ресей Америка үшін әркез әлеуетті қауіп төндіріп, америкалық қорғану қабілеттілігінің шынайы тәуекеліне айналып отыр. Сондай-ақ ресейлік көшбасшылар ғаламшардағы америкалық ықпалды әлсіретіп, өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан көрінеді-міс.

Доставка бронетехники и личного состава российских миротворцев в Армению самолетами Ан-124 Руслан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Ресейлік "Руслан" әскери ұшағы қайта құрастырыла ма
Ресей "Авангард" гипердыбысты жауынгерлік блоктары бар құрлықаралық баллистикалық зымырандарды әлемде бірінші болып әскери кезекшілікке қойды, "Посейдон" трансмұхиттық ядролық торпедасын сәтті сынауды жалғастырып жатыр және ядролық тиаданың барлық компоненттерін модернизациялауды жалғастырып жатыр. Сонда да Мәскеу мүдделер тепе-теңдігі мен компромисс іздеуге негізделген әділ әрі тең диалогқа тұрақты дайын екенін паш етіп келеді. Өкінішке қарай Вашингтон тең дәрежеде әңгімелесуге әлі дайын емес. Ал ресейлік "Буревестник" стратегиялық аппараты Пентагонның ұйқысынан шошып оятар қорқынышына айналды.

РФ қорғаныс министрлігінің радиолокациялық станциясы бір аптаның ішінде Ресей шекарасына жақын маңда барлау жүргізген шетелдік мемлекеттердің 27 барлаушы ұшағы мен 14 ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады. Мұның барлығы АҚШ әскерінің DEFENDER Europe 21 жыл сайынғы ауқымды оқу-жаттығулары аясында өтіп жатыр. Бұл шараға Грузия, Молдова, Украина мен Балтық елдерін қоса алғанда 27 одақтас мемлекеттің 28 мың әскери қызметшісі қатысып жатыр. Ресей АҚШ шекарасына жақын аумақта бірде-бір мұндай маневр жүргізген емес.

"Буревестниктің" технологиялық ерекшелігі оны артықшылығы басым аппаратқа және РФ қорғаныс министрлігінің ең құпия жобаларының біріне айналдырады. Әлемде еш баламасы жоқ ядролық қозғалтқышы бар қанатты зымыранның сипаттамасы туралы ақпарат аз.

"Буревестник" көлемі бойынша біршама бұрын әзірленген ресейлік қанатты зымырандармен тең түседі. Стелс технологиясы бойынша дайындалған "Стандартты корпусында" ядролық энергетикалық қондырғы орналастырылған. Шартты түрде шектелмеген ұшу қашықтығы соғыс кезінде қолданудың мүлде жаңа стратегиясы мен тактикасын құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қарсыласқа қарсы болжап білуге болмайтын траекторриялар бойынша шабуыл жасап, әуедегі және зымыран шабуылынан қорғаныс жүйелерін істен шығара алады. "Буревестниктің" оқ-дәрі зарядының қуаты тротилдық эквивалентте мегатоннадан асып түседі. Бұл стратегиялық кез келген нысанның көзін жою үшін жеткілікті.

Российские многофункциональные истребители пятого поколения Су-57 на воздушном параде Победы в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2020
Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?
Ядролық ректоры бар қанатты зымыранды анықтау және тойтарыс беру мүмкін емес. Спутник "Буревестниктің" іске қосылуын анықтауы мүмкін. Бірақ одан кейін зымыран көзден таса болады.

Болашақта гипердыбысты жылдамдықта стратосферада ұша алатын жаңа ұшақ құрастыру үшін тура ағынды әуе және турбореактивті қозғалтқыштарды әлдеқайда қуатты ядролық реактормен біріктіру жоспарлануда. Бұл фантастика емес. Жаһандық қашықтықтағы жаңа қанатты зымыранды сынау бағдарламасына кемінде екі ресейлік полигон – Капустин Яр мен Жаңа жер жұмылдырылған.

Бұған дейін Military Watch америкалық басылымы ядролық қозғалтқышы бар ресейлік 9М730 "Буревестник" қанатты зымыранының сынақтары қайта басталғаны туралы хабарлады. БАҚ ақпараты бойынша, жаңа зымыран үшін полигон ретінде Жаңа жер полярдан тыс архипелагы қызмет етеді. Спутниктер "Буревестник" зымырандарын төрт рет іске қосқан сынақ алаңындағы жоғары белсенділікті тіркеді.

Military Watch "Буревестниктің" ерекшелігін сипаттауға басымдық берген. Ядролық реакторы бар зымыран көп жыл бойы ұша алады және қарсыластың РФ территориясында алдын ала соққы жасауы кезінде де зақым келуі екіталай. Шиеленісті эскалациялау кезінде мұндай зымыранды іске қосу күш басымдығын паш етудің үлгісі болады. Бұл технологияны Ресейдің басқа да зымыран бағдарламаларында қолдану тіс батпас тактикалық әрі стратегиялық ядролық зымырандар құрастыруға мүмкіндік береді. 

Дәстүрлі қанатты зымыран конструкциясы реактивті қозғалтқышы мен шектеулі әрекет ету радиусы бар оқтұмсық түрінде болады. Ядролық реакторы бар зымыран жүздеген мың километрді еңсеріп, атмосфера қабаттарында "Жер спутнигіне" айнала алады.

Америкалық сарапшылар Ресейдің жаңа қанатты зымыраны шамамен 2025 жылы қарулануға қабылданады деп есептейді. Ресейлік мамандардың бағалауы бойынша, стратегиялық "Буревестник" 2027 жылы әскер қатарына қосылады.

Жаңалықтар
0