Кремль

Ресей мен Батыс қарым-қатынасының болашағы қандай?

73
Ресей мен Батыс арасындағы шиеленістің ушығуы жағдайында дәл қазіргі сәтте Шығыс Еуропа қарқыны бәсеңдейтін түрі жоқ, деп жазады халықаралық шолушы Ирина Алкснис

Чехия, Латвия, Литва ресейлік дипломаттарды елден қуды, артынша Польша Вышеград тобының онлайн-кеңесін өткізіп, оның қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері Чехияны қолдау жөнінде декларация қабылдады; Румыния Ресейдің әскери атташесінің көмекшісін нон грата тұлға деп жариялады; Италия Мәскеудің кері жауап ретінде өз дипломатын ел аумағынан шығарғанына ренжіп қалды; Ұлыбритания ресейліктердің санкциялық тізімін тағы 14 адаммен толықтырды және мұндай тізбектеп отыратын оқиғалар жетерлік.

Осы аталғандарға қатысты Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеме жасап, Чехияны халықаралық келісім нормаларын бұзды деп айыптады. Мұнда сөз қару-жарақ саудасына қатысты болып отыр. Жалпы Праганың 2014 жылы жарылыс болған Врбетицтегі жарылысқа қатысты мәлімдемелері түсініксіз болып отыр.

2010 жылдың ортасынан бері Ресейдің халықаралық мәселелерде, әсіресе өз мүддесіне қатысты позициясын қатаңдатқаны байқалады. 2010 жылы Мәскеудің кез келген дау мен айыптауға қатысты достыққа, бірлікке шақырған жауаптары көп ресейліктің ашуына тиген болатын. Ал қазір Мәскеу әлем сахнасында болып жатқан жайттарға қатысты өткір пікір айтуы қоғамның қолдауына ие болды.

Екінші жағынан, Ресейде Кремльдің қатаңдығын жеткіліксіз деп санап, сыртқы саясатқа көңілі толмайтындар да жетерлік. Олардың ойынша, Батыс русофобия мәселесінде ақылға қонымсыз айыптауларға баруы Ресейдің Батыспен диалог жүргізуден түбегейлі бас тартуы мен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге лайықты сылтау болады.

Мұны түсінуге де болады. "Петров пен Боширов арнайы агенттері", Англияда Скрипальдердің улануы, Чехиядағы қару-жарақ қоймасының жарылуы сынды алып-қашпа әңгімені көбейтіп отырған мемлекетпен қандай дииалог орнатуға болады? Сондықтан эмоцияға беріліп, дәл осындай шешім қабылдауға болар еді. Бірақ рационалды қарастыру кезінде оның дұрыс болуы екіталай.

Интернет-пікірталаста "Годвин заңы" деген құбылыс бар. Оған сәйкес, қарсыласын кім бірінші болып нацист немесе Гитлермен салыстырса, сол жеңілген болып саналады. Себебі мұндай аргументке сүйену дауласып отырған тараптың басқа ешқандай маңызды дәлелі қалмағанын білдіреді.

Саясат жайлы да осылай деуге болады: дипломатиялық қарым-қатынасты үзу сыртқы саяси мәселедегі ең соңғы қолданылатын құрал болып саналады. Көп жағдайда бұл әдіс мемлекеттің қуатын емес, керісінше әлсіздігін паш етеді. Сол себепті бұл жағдайға барлық мемлекет қатысып отырған сыртқы саяси құралдар жиынтығы тарапынан қарастырса, онда көзқарас түбегейлі өзгеріп шыға келеді.

Батыс Ресейге қысым көрсетудің барлық мүмкіндіктерін тауысты. Сондықтан оның қазіргі әдіс-айлалары ерсі болып көрінеді. Солардың ішіндегі ең айқын үлгі ретінде SWIFT халықаралық төлемдер жүйесі төңірегіндегі жағдайды атауға болады. Көп жылдан бері белгілі бір күштер Ресейді осы жүйеден ажыратуды ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде Ресей Федерациясы өзінің қаржылық байланыс жүйесін әзірледі. Сондықтан халықаралық жүйеден ажыраудың салдары айтарлықта ауқымды бола қоймайды. Қалай болғанда да Батыс әлі күнге дейін SWIFT-тен Ресейді ажырату бойынша бірде-бір шара қабылдаған жоқ. Өйткені мұның салдарынан аса ірі көлемдегі шығындар туындауы ықтимал.

Жалпы 2014 жылы АҚШ пен Еуропа Ресейге қарсы текетіресті бастаған шақта бір дегенде ең ауыр әдістен бастағаны осындай салдарға әкеліп соқты. Өйткені медиа-саяси русофобия айналасындағы санкциялар да о бастағыдай әсер етіп жатқан жоқ. Батыс саясатының сырт көзге соншалықты өрескел көрінуі де, қоғам тарапынан сынға ұшыруы да үйреншікті жағдайға айналды.

Ресей халықаралық дау мен шиеленіс кезінде асығыстық танытпай, көп жағдайда үнсіз қалуы өз тиімділігін дәлелдеп жатыр. Себебі негізсіз қаралау мен дәлелсіз айыптаулардың аяғы жақсылыққа алып келген емес.

Автор пікірі редакция көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

73
Подводный крейсер стратегического назначения Князь Владимир

Ресей әскери-теңіз флотын күшейтеді

75
Әскери-теңіз флотын дамыту Ресейдің мемлекеттік басымдылықтарының бірі болып қала береді. Әскери кеме құрылысының тұрақты қарқыны теңіз бен мұхиттардағы заманауи қауіп-қатерлерге төзімді, әскери-теңіз флотының саны мен сапасы жағынан да тиімділігін көрсетуде

Ресейде ірі соғыс кемелерінің құрылысы артып, жаппай сериялы өндіріске көшуде. Мысалы, 9 мамырға дейін Ресей Федерациясында тағы алты кеменің құрылысы басталады: "Севмашта" – "Борей-А" стратегиялық мақсаттағы жобаның екі атомдық суасты крейсері ("Дмитрий Донской" мен "Князь Потемкин"), "Адмиралтеские верфи" – 636.3 жобасының "Можайск" және "Якутск" екі дизель-электрлі суасты қайығы, Амур кеме жасау зауытында – 20380 жобасының екі корветі (әзірше атау берілмеген).

 Адмирал флота Касатонов фрегаты
© Sputnik / Александр Гальперин
"Севмаштағы" "Борей-А" жобасының төрт стратегиялық субмаринасының дайындығы түрлі сатыда тұр. Сондай-ақ "Ясень-М" жобасына жататын "Воронеж" бен "Владивосток" көпнысаналы атомды суасты қайықтарының құрылысы да жалғасып жатыр. "Хбаравоск" субмаринасының аясындағы жұмыстар да қызу жүріп, "Белгород" атомды суасты крейсері сынақтан өтуде.

Еске салсақ, 2020 жылы Ресейдің әскери-теңіз флоты қырыққа жуық әскери кемемен және қамсыздандыру кемесімен толықты. "Князь Владимир" стратегиялық суасты зымыран тасымалдағышы, "Петропавловск-Камчатски" субмаринасы, "Адмирал флота Касатонов" алғашқы сериялы фрегаты, "Петр Моргунов" үшкен десантты кемесі, "Яков Баляев" минаға қарсы кемесі, "Гремящий" корветі, "Алдар Цыденжапов" корветі, "Одинцово" шағын зымыран кемесі жауынгерлік қатарда пайда болды. Сонымен қатар, 2020 жылдың соңына қарай Тынық мұхиты флоты үшін 636.3 жобасының "Варшавянка" суасты қайықтарының құрылысы басталды.

Стратегиялық мақсаттағы суасты зымыран крейсерлері "Дмитрий Донской" мен "Князь Потемкин" ресейлік ядролық триаданың теңіз құрылымын күшейтеді. Бұл кемелер 2026 және 2027 жылдары пайдалануға беріледі. "Борейлер" бортында 8 мың километр қашықтыққа ұша алатын "Булава" континентаралық баллистикалық зымырандарын тасымалдайды.

Ресейдің ӘТФ-да үш стратегиялық "Борей" бар. Олар – "Юрий Долгорукий", "Александр Невский" және "Владимир Мономах". Бұл кемелердің әрқайсысы 16 континентаралық баллистикалық зымыран тасымалдайды. Келесі сериядағы кемелер бортында бұдан да көп зымыран алып жүруі ықтимал.

"Варшавянка" дизель-электрлі суасты қайықтарын жоғары құпиялылығына байланысты "Әлем мұхитындағы қара саңылау" деп атайды. Заманауи "Варшавянкалар" бортында суасты және суүсті нысаналардың көзін жоюға арналған 18 торпеда мен 24 мина, "Калибр" қанатты зымырандарын алып жүреді. litary Watch басылымы да "Варшавянка" әлеуетіне жоғары баға беріп, ресейлік аймақтық суларды қорғауға сенімді техника екенін атап өтті.

636.3 жобасының субмариналары су астында 20 торапқа дейінгі жылдамдықта қозғала алады. Әрекет ету радиусы – 2000 миля. Дербестігі – 45 тәулік. Суасты қайығының көлемі – ұзындығы 73 метр, ені 10 метр, шөгуі – 6,2 метр. Бұл шағын суларда да жасырынуға мүмкіндік береді. Суға шөгу тереңдігі 300 метрден аспайды. Күш қондырғысы мен экипажға (52 адам) арналған ауа қоры бойынша "Варшавянка" 260 сағатқа дейін су астында бола алады.,

Ресейде шақын теңіз аймағының 3-дәрежедегі кемелердің жобалары (20380, 20385 және 20386) жүзеге асырылып жатыр. Бұл – су сыйымдылығы 2000-3000 тонна болатын корветтер. Жалпы 20385 пен 20386 жобалары 20380 жобасының әлдеқайда күрделі, бірақ жетілдірілген нұсқалары. Мысалы, 20385 жобасында "Редут" зениттік зымыран кешенінің қару-жарақ жиынтығы 12-ден 16 ұяшыққа дейін ұлғайтылды. Сол сияқты Х-35 "Уран" кемеге қарсы зымырандары "Калибр-НК" кешенінің 8 зымыранымен ауыстырылды және болашақта кеме "Циркон" гипердыбысты зымырандарымен жабдықталуы мүмкін.

Корветтер патрульдеуге, мемлекеттің жақын теңіз аймағында қарсыластың кеме және субмариналарымен шайқасуға, жағалаудағы нысаналарға зымыран-артиллериялық соққы жасауға, десанттық операциларға қолдау көрсетуге арналған. Мұндай кемелер балтық, Қара және басқа да теңіздерде әркез сұранысқа ие болады.

Бүгінгі таңда армия мен флотта заманауи қарудың үлесі 70%-тен асты. Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі өзіндік ерекшелігі мен қолтаңбасы бар қару-жарақ дайындап келеді. Қазіргі көпполярлы әлемде жоғары технологиялық қару-жарақ жүйесі кез келген мемлекетті тәуелсіз әрі қуатты қарсыласқа айналдырады.

Ресей әскери-теңіз күштерінің жедел-стратегиялық құрылымдары: Солтүстік, Тынық мұхиты, Балтық және Қара теңіз флоттары, сондай-ақ Каспий флотилиясы тиісті өңірлік бағыттарда ұлттық теңіз саясатын орындап жатыр.

75
Ауғанстан

Ауғанстанда әскери-саяси ахуал қайта ушықты

87
АҚШ пен НАТО әскері елден кетуде, тәлібтер провинциялардың басым бөлігіне билік етіп отыр. Орталық Азияның басқа елдерімен бірлесіп Ресей мен Тәжікстан оңтүстік бағыттағы әскери қауіпке тойтарыс беруге дайындалып жатыр

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 27 сәуірде Душанбеге жұмыс сапары кезінде көрші Ауғанстандағы жағдай шектен шығып жатқанын, сондықтан Ресей мен Тәжікстан оқу-жаттығулар кезінде оңтүстік бағыттағы қауіпке тойтарыс беруді пысықтап жатқанын жеткізді. Біраз бұрын шекара маңындағы Харб-Майдон, Самбули және Момирак полигондарында 201-ресейлік әскери базаның 3 500 әскери қызметкері мен Тәжікстан қарулы күштері қатысқан бірлескен маневрлер өтті. Сонымен қатар РФ тәжік әскерилердің оқу-жаттығуларын қамтитын бағдарламаны кеңейтті. Мәскеу мен Душанбе әуедегі шабуылдан қорғануға арналған бірлескен жүйе құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сергей Шойгудың Тәжікстанға сапары мен әскери-техникалық өзара ынтымақтастыққа баса назар аударуы кездейсоқ емес.

АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастары 25 сәуірде өз әскерлерін Ауғанстан аумағынан шығара бастады. Құны 1 миллиард доллар тұратын шетелдік әскери базалар мен жабдықтар ауған армиясына беріледі. Ал тәлібтер үкімет әскерлерімен аяусыз шайқаста маңызды әскери нысандарды басып алуға ұмтылып жатыр. Олар солтүстік Балх провинциясында біраз жетістікке қол жеткізді. Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар кезінде бір аптаның ішінде 90-нан астам сарбаз бен полиция қызметкері, 14 бейбіт тұрғын көз жұмып, 165 террорист өлтірілді.

АҚШ пен НАТО қару-жарағын Ауғанстанның үкімет күштеріне қалдыруы Орталық Азиядағы көрші мемлекеттер үшін қауіп тудырып отыр. Біраз жыл бұрын Америка 1 миллиард долларға Ирактың "оң" әскерін жабдықтаған болатын. Алайда көп ұзамай-ақ барлық қару-жарақ, танктер, артиллерия, зымыранға қарсы TOW кешендері мен Stinger ТЗЗК "Ислам мемлекеті"* содырларының қолына тиді. Егер бұл жағдай Ауғанстанда да қайталанса, онда бүкіл өңір үшін оның салдары ауыр болмақ. Қазірдің өзінде АҚШ-тың "Талибанмен"* бейбіт келісімі азаматтық соғыстың жаңа тармағына бастау болайын деп тұрғаны белгілі. Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштері қарулы террористік топтарға төтеп беруге қауқарсыз.

23 сәуірде тәлібтер Балх провинциясындағы үкімет әскерінің базасын басып алып, сегіз сарбазды өлтірді. Бір күн бұрын жиһадшылар Мазари-Шариф қаласының маңындағы ауған армиясының бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасаған кезде де сегіз әскери қаза тапты. Егер Ауғанстан армиясының базалары тәлібтерді қару-жарақ арсеналымен қызықтыратын болса, алдыңғы шептегі өткізу бекеттері үлкен магистральдердің "кілті" іспеттес. Солтүстіктегі Тахар провинциясында "Талибан"* содырлары  17 сәуірде үкіметтің бақылау бекетіне шабуылдап, төрт сарбазды өлтірді.

Ауғанстанның солтүстігі оттың ортасына айналып барады. Әзірше тәлібтер көршілес Орталық Азия елдерінде төбе көрсетпегенімен, Тәжікстаннан келген содырлар ауған жеріне жетіп, "Талибан"* жасақтарымен бірге әрекет етіп жүр. Сондықтан ауған соғысы көрші мемлекеттерге қарай ығысуының ықтималдылығы жоғары.

Шабуылдау кезіндегі аяусыздық әрекеттері де өршіп барады. Мысалы, 21 сәуірде тәлібтер Кабул маңындағы Вардак қаласында орналасқан полиция учаскесін басып алды. Қызметкерлер өз еріктерімен берілгеніне қарамастан содырлар бес тәртіп сақшысын өлтірді. Бұл қоғамда үлкен дүрбелең тудырды. Себебі  Ауғанстанда полициядан "Талибан"*, "ИМ"* құрамына ауысу жиі болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Сол сияқты 17 сәуірде Ауғанстан әскери-әуе күштері солтүстіктегі Балх провинциясында орналасқан тәлібтердің лагеріне әуеден соққы жасап, 8 содырдың көзін жойды. Олардың қатарында командир де болатын. Нимроз провинциясындағы әуеден жасалған соққы тағы 22 жихадшының өмірін қиды. Ал Забульдегі үкімет күштері мен "Талибан"* арасындағы шайқаста 14 тәліб шейіт болды.

АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Фрэнк Маккензи ауғандық қауіпсіздік күштерінің елді өз бетінше қорғай алатынына күманданады. ОБҚ директоры Уильямс Бернс Кабулға сапармен барып, шетелдік контингент елден кеткен соң ауған күштерінің жауынгерлік дайындығын талқылады. Біраз бұрын Бернс әскерді елден шығару Ауғанстанда "Ислам мемлекеті"* мен "Әл-Каида"* ықпалының артуына алып келуі мүмкін екенін айтты. 24 сәуірде АҚШ Конгресі үшін Пентагон әзірлеген баяндамада "Әл-Каида" Ауғанстанда тәлібтермен өзара әрекеттесуді жалғастырып жатқанын және жаңа шабуылдар қаупі сақталып тұрғанын мәлімдеді.

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Ауғанстанның 11 провинциясында "Әл-Каида" топтары бар, тәлібтер елдің жартысынан астам бөлігін бақылауда ұстап отыр және үкіметке қарсы күресті жалғастыруда. Ауғанстан елдегі 4 мыңға жуық содырдан тұратын және үнемі террористік актілер жасайтын жаһандық қауіп "Ислам мемлекетінің"* панасына айналды. Сонымен қатар НАТО әскері Ауғанстанда болған шақта апиын өсіру алаңы 20 есе өсіп, 163 мың гектарға дейін жетті. Бұл әлемдегі апиын нарығындағы сұраныстың  80%-ін қамтамасыз етеді. Жалпы есірткі Ауғанстан Ислам Республикасының 34 провинциясының 24-інде жаппай өндіріледі.

"Талибан"* ел билігіне келген тоқсаныншы жылдардың соңынан бері аса өзгере қойған жоқ. Оның Ауғанстанды босату және елде мемлекеттік құрылым ретінде ислам жүйесін енгізуді қамтитын мақсаты да сол қалпында. Біраз бұрын тәлібтер Ауғанстанда орнатқысы келетін Ислам Эмиратының принциптерін түсіндіріп берді. Олар жүйе негіздері Құранда, хадистер мен ислам заңнамасында жазылғанын айтты. Әйтсе де нақты мысал келтірмеді.

Олардың көксегені – елді "шетелдік идеология мен күштерден азат етіп, кез келген батыстық құқық жүйесін қолданыстан шығару" және барлық іс-әрекетті шариғатқа сәйкес жүргізу. Тәлібтер басқарып отырған тұрғындардың айтуынша, бұл жүйе іс жүзінде басқаша жұмыс істейді: қыз балалар мектепте оқи алмайды, емханаға баруға және дәрі-дәрмек сатып алуға рұқсат жоқ, әйелдер ер адамның ілесуінсіз көшеге шықпайды, қандай да бір көңіл көтеретін шараларға тыйым салынған, кінәлілерді таяқпен ұрады.

* Қазақстанда, Ресейде және басқа да елдерде тыйым салынған террористік ұйым

87
Процент

Қаржыгер кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

0
Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.

Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 

0
Кілт сөздер:
банк, несие, үнемдеу
Тақырып бойынша
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ