Ауғанстанның әскери қызметкерлері

Ауғанстан Орталық Азия елдерінің арнайы жасақтарын біріктіруді ұсынды

150
Америка әскері Ауғанстан аумағынан кеткеннен кейін елдегі бейбіт реттеу шаралары арнайы құралдар мен опцияларды қажет етеді

Бірнеше елдің арнайы жасақ бөлімшелерінің мүмкіндіктері мен құралдарын сәтті ықпалдастырып, арадағы кикілжіңді шеше алса, онда Кабулдағы өңірлік арнайы операциялар күштері халықаралық орталығының (АОК) жобасы нәтижелі болмақ.

Америка әскерінің ауған жерінен кетуі және Ислам республикасында тәлібтермен қақтығыстың өршуі жағдайында үкімет армиясының арнайы операциялар корпусының қолбасшысы генерал-лейтенант Мохаммад Фарид Ахмади көрші мемлекеттерге арнайы мақсаттағы ортақ базада терроризммен іс жүзінде күрес жүргізуді біріктіруді ұсынды. Мұндай құрал Ауғанстан аумағындағы моджахед содырларының шабуылдарын тиімді айқындауға және Орталық және Оңтүстік Азияға террористік топтардың көшіп-қонуын тежеуге мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар ұлттық АОК жауынгерлік тәжірибеге қол жеткізер еді.

Генерал Ахмадидың бұл бастамасы іске асу жолында бірқатар кедергіге тап болатыны анық. Әйткенмен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан қарулы күштерінің арнайы жасақ бөлімшелерін дамытуға ерекше мән беретіні белгілі. Ауғанстандағы бұл халықаралық жобаға Сирия Араб республикасында үлкен тәжірибе жинақтаған Ресей әскерилері де қосылуы әбден мүмкін.

Айта кетсек, 2020 жылдың 29 ақпанында АҚШ пен "Талибан"* арасында жасалған келісім аясында түрмеден босатылған 5 мың тәлібтің басым бөлігі соғыс алаңына оралып, елден Америка мен олардың НАТО бойынша одақтастарының әскерлерін шығаруды көздеп отыр. Тәлібтер көктемде басталған шабуылдарды тоқтатар емес, үкіметтік қауіпсіздік күштеріне және азаматтық инфрақұрылым нысандарына соққы жасау жалғасуда. 8 мамырда Кабулда мектеп жанындағы жарылыс салдарынан 75 жасөспірім оқушы қыз көз жұмды және 190 адам жараланды. Біраз бұрын Пули-Алам қаласындағы теракт кезінде жергілікті университеттің 100-ден астам абитуриенті көз жұмды және зардап шекті. 12 мамырда Кабул провинциясында үшінші рет электр жеткізу желісі жарылды. Ол ЭЖЖ Өзбекстаннан Ауғанстанға электр қуатын жеткізу үшін қызмет етеді.

Ауған ұлттық армиясы терроризммен күресудегі ең маңызды ресурс саналады. Сондықтан өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін АҚШ пен НАТО әскері елден кеткенде де ұлттық армияны сақтап қалу маңызды. ANASOC қолбасшысы генерал Ахмади ауған арнайы жасағының әлеуетін жоғары бағалап, Арнайы операциялар күштерін басты мемлекеттік жетістік деп санайды. Бірақ тәлібтер ауған арнайы жасағына қырғидай тиюде.

Жаңа азаматтық соғыстың табалдырығында тұрған Кабулға Орталық Азияның іргелес елдері өз арнайы жасақтарымен үлкен көмек көрсеткен болар еді. Мысалы, Ұлыбританияда өткен Cambrian patrol-2019 беделді халықаралық жарысында Өзбекстан Республикасы қорғаныс министрлігі арнайы операциялар күштерінің өкілдері жеңіске жетті. КСРО ыдырағаннан кейін аумағында арнайы мақсаттағы 15-бригаданы алып қалған бұл ел кейінірек ресейлік, америкалық, британдық, түрік, неміс, италиялық "мамандардың" тәжірибесін қолданды. Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі арнайы жасағының да әлеуеті жоғары.

Тәжікстандағы арнайы мақсаттағы әскердің негізін мобильді күштердің 7 десанттық-шабуылдау бригадасы құрап отыр. Сондай-ақ МҰҚК құрамындағы "Альфа" және ІІМ құрамындағы арнайы әскер бригадасы тағы бар. Сонымен қатар Тәжікстанда ресейлік 201-ші әскери база орналасқан.

Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері де бірлескен оқу-жаттығу өткізуді әдетке айналдырған. Олар арнайы барлау, бұғаттау және таулы аймақта ықтимал қарсыластың көзін жою бойынша әрекеттерді пысықтайды.

Орталық Азия елдері арнайы операциялар күштерін қолдану туралы шешім жоғары деңгейде қабылданады. Ауғанстанда бірнеше мемлекеттік арнайы жасақ бас қосып, бірлескен операция жүргізуі екіталай.

"Арнайы жасақтар достастығының" идеологы – АҚШ президентінің арнайы өкілі Залмай Халилзад. Ол өткен аптада Ташкент, Доха және Душанбеге іссапармен барып, Кабулдағы республикалық үкіметке халықаралық қолдау көрсетуді жұмылдыру идеясымен бөлісті.

Доха – тәлібтермен келіссөз жүргізудің негізгі алаңы. Душанбе мен Ташкент – Ауғанстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналары. Тәлібтер көп жылдан бері солтүстік провинцияларды өз бақылауына алуға тырысып келеді. АҚШ пен НАТО әскері елден кеткен соң бұл аймақтарды басқару қарсылас тараптар үшін тіпті үлкен мәнге ие болады. Оның үстіне Өзбекстан мен Тәжікстанның көптеген азаматы "Талибан"* мен "Ислам мемлекеті"* қатарында соғысып жүр.

Орталық Азияда дәл осы Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасы ең ұзын болып саналады. Іргелес аймақтың ұзындығы – 1300 километрден асады. Еске салсақ, кеңес жылдарында тәжік-ауған шекарасын 25 мың сарбаз күзетсе, КСРО тарағаннан кейін және 2005 жылға дейін Тәжікстан Республикасының оңтүстік шекарасына Ресей Шекара әскері жедел тобының 19 мың әскери қызметкері жауапты болды. Кейіннен олардың орнын 16 мың тәжік сарбазы басты. Мұнда мәселе әскерилердің санында болып отырған жоқ. Шекараның әрбір километрін заманауи талаптарға сай жабдықтау үшін шамамен 1 миллион доллар қажет. Мұндай қаражат жоқ болғанымен, әзірше шекараны күзетуге күш пен қаражат жетіп тұр. ҰҚШҰ жүйесіне интеграцияланған Тәжікстан қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелерін Ауғанстан аумағында Қытай, Пәкістан, Иран арнайы операциялар күштерімен бірге қолдану бүгінде іске аспайтын идея болып көрінеді. Ол үшін маңызды саяси шешімдер мен ауқымды алдын ала дайындық қажет.

Ташкент алдында ҰҚШҰ міндеттемелері болмаса да ол ұжымдық қауіпсіздік қажеттілігін ескере отырып, жақын көршілерімен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты ойдағыдай дамытып келеді. Өзбекстанның қорғаныс саясаты елдің қарулы күштерін шет елдердегі бітімгершілік операцияларға және әскери қақтығыстарға қатыстырмау қағидасына негізделген. Алайда Өзбекстан Орталық Азиядағы Ауғанстандағы ұлттық мүдделерді ілгерілету стратегиясын қабылдаған жалғыз республика. Ташкент Ауғанстан мен Өзбекстанның қауіпсіздігі бір деп санайды.

Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілінің институты құрылған. Ол негізгі аймақтық мемлекеттермен, оның ішінде Ресей, Қытай, Иран және АҚШ-пен өзара әрекеттеседі. Жазда Ташкентте Ауғанстандағы реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық конференция өтеді. Онда Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері аймақтық қауіпсіздік шараларын талқылайды.

Әрбір мемлекеттің өз ұлттық шектеулері немесе ерекшеліктері бар. Қазіргі әскери-саяси жағдайда Орталық және Оңтүстік Азия елдері Ауғанстан аумағында ұзақ әскери әрекеттерге барудан гөрі соғыста жеңіске жеткен тараппен келісімге келуге басымдық береді.

Пәкістан әскерінің бас қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджва 11 мамырда ауғандағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейтінін мәлімдеді. Қытай 12 мамырда Орталық Азияны Ауғанстан Ислам республикасында бейбітшілікке бағытталған процестерді ілгерілетуге көмектесуге шақырды.

Сондықтан "Ислам эмираты" Ауғанстан аумағынан тыс кеңейе бастаса Кабулда Оңтүстік және Орталық Азия елдерінің арнайы операциялар және терроризммен күрес күштерінің өңірлік орталығын құру идеясы жүзеге асуы мүмкін.

* – Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік ұйым.

150
 Бейбіт миссия - 2021 командалық-штабтық оқу-жаттығулары, архив

"Бейбіт миссия-2021": Орталық Азия террористерге төтеп бере ала ма

30
(Жаңартылды 12:53 22.09.2021)
Ауғанстандағы террористер Орталық Азияға лап беруі ықтимал. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері "Бейбіт миссия - 2021" командалық-штабтық оқу-жаттығулары кезінде ондай қауіпке төтеп бере алатынын көрсетті

20 қыркүйекте Орынбор облысының Донгуз полигонында ШЫҰ-ның бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығулары басталды. Оған Беларусь, Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан мен Өзбекстанның 5 500 сарбазы қатысып жатыр. Полигонға 1 200 әскери техника жеткізілді. Айта кетер жайт, Беларусь ШЫҰ-ға бақылаушы ретінде кіреді. Ал осы елдің қарулы күштері "Бейбіт миссияға" алғаш рет келді.

Қазақстаннан Орынбор облысына "Батыс" өңірлік қолбасшылығының барлау-шабуылдаушы ротасы бронетранспортерлерге мініп келді. Сондай-ақ, танкілері мен пилотсыз ұшу аппараттары бар. Бірлескен оқу-жаттығуларға Қазақстанның әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары да қатысып жатыр.

Ал Ресей Федерациясы орталық әскери округтің құрылымдарын, арнайы жасақ пен бес аймақтың жазғы экипаждарын шығарды. Бұдан бөлек, Қырғызстандағы "Кант" бірлескен әскери базасының сарбаздары тартылды. Ал 30 ұшақ пен тікұшақтың ішінде Су-34 жойғыш бомбалаушылар, барлаушы мен шабуылдаушы Су-24МР, Ми-24, Ми-8 және Ил-76 әскери-көлік ұшағы бар.

Биылғы "Бейбіт миссияның" негізгі мақсаты – Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері кіретін коалициялық топты басқару жүйесін жетілдіру, террористердің жаңа тактикалық әдіс-тәсілдеріне тойтарыс беру бойынша өзара тәжірибе алмасу.

Командалық-штабтық оқу-жаттығулары кезінде әскерилер заңсыз қарулы жасақтардың шабуылын тоқтатады, одан кейін қарсы шабуылға шығып, жаудың көзін жоюға тиіс. Бұдан бөлек, олар пилотсыз ұшу аппараттарын атып түсіруді, диверсиялық топатарды жоюды, химиялық және биологиялық қарумен шабуыл жасау әрекеттерін тоқтатуды үйренеді.

Ресей мен Қытай неге алаңдап отыр?

АҚШ пен НАТО әскері ауған жерінен кеткеннен кейін көрші елдердің алаңдаушылығы күшейе түсті. Себебі тәлібтердің келуімен Орталық Азияға террористердің өтіп кету қаупі туындады. Ресей, Қытай, Пәкістан мен Иран да алаңдап отыр. Бүгінде көші-қон дағдарысы былай тұрсын, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерге сан алуан террористік топтар қауіп төндіреді. Оларда АҚШ әскері тастап кеткен қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар. Соның арқасында ауған жерінде өз ықпалын күшейтіп жатыр. 

Ресейдің орталық әскери округінің қолбасшысы Александр Лапиннің айтуынша, билікке тәлібтер келгесін басқа да халықаралық террористік ұйымдардың қаупі артып отыр.  

"Ауғанстандағы билікті тәлібтер жаулап алғаннан кейін ИМ* және тағы басқа халықаралық террористік ұйымдардың  күшейіп кетуі ерекше алаңдаушылық туғызып жатыр. Олар көрші тұрған елдердің шекаралас аймақтарына өтіп кетуі мүмкін", - деді Лапин "Бейбіт миссия-2021" оқу-жаттығуларының ашылу салтанатында.

Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстан елінің әскерилері де бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларының маңыздылығын ерекше атап өтті. Құрлықтағы әскер қолбасшысының орынбасары Фатхулло Идоятуллозоданың айтуынша, "Бейбіт миссияның" арқасында аймақтық қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, бауырлас халықтарды жақындастыруға мүмкіндік бар.  

Ал Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзіне қарағанда, бірлескен оқу-жаттығулары кезінде Сириядағы әскери іс-қимылдың тәжірибесі ескеріледі. 

Мәселен, бүгін Қазақстан мен Ресей ұшқыштары авиациялық барлау жасап, колоннамен жүрген "террористерді" және олардың зеңбіректерін жою шараларын жетілдірді. Қазақстанның Су-25 шабуылдаушы ұшақтары жаудың артиллериялық бекіністеріне зымыранмен соққы жасады. ВСМ-1 миналау жүйесі бар Ми-8 тікұшақтары қорғаныс шебінде шұғыл мина орнату шараларын атқарып шықты.

Ал жердегі әскери топтардың құрамында заманауи ГМЗ-3 шынжыр табанды мина бөгеуші бар. Ресейлік әскерилер жарылғыш заттың көмегімен танкіге қарсы екі шақырымдық ор жасады. Ол үшін 20 тонна жарылғыш зат қажет. Коалициялық топқа жол ашып отыратын ИМР-3 бөгет бұзатын машиналар да қолданылады.

"Бейбіт миссияның" аясы кеңейіп келеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғалы бері оған мүше мемлекеттер терроризмге қарсы "Бейбіт миссияны" талай рет өткізді. Алғашқы оқу-жаттығулар 2003 жылы Қазақстан мен Қытай жерінде ұйымдастырылды. Оған Өзбекстаннан басқа ұйымға мүше барлық ел қатысқан.

Ал 2005 жылы бірлескен оқу-жаттығуларға 10 мың әскери қатысты. Сол кезде Ресей мен Қытайдың стратегиялық авиациясы, сондай-ақ әскери кемелері де тартылған.

Уақыт өте келе, ұйымға мүше мемлекеттер көбейді. "Бейбіт миссияның" аясы да кеңейе түсті. Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Иран мен Өзбекстан кіреді. Ал бақылаушы мемлекеттер - Беларусь, Ауғанстан мен Моңғолия ұйым отырыстарына қатысып, күн тәртібін талқылай алады. Алайда шешім қабылдауға құқығы жоқ.

Бұдан бөлек, ШЫҰ-ның әріптес елдері де бар. Олар: Әзербайжан, Армения, Түркия, Камбоджа, Непал мен Шри-Ланка. Осы елдердің бәрі Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы әскери-саяси ынтымақтастықты дамытудың маңызды резерві бола алады.

*"Ислам мемлекеті" (ИГ) - Қазақстанда және басқа бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

30
тиындар

Қымбатшылық қысып тұр: Еуропа елдерінің жағдайы не болып жатыр