Бойцы спецназа во время тактической операции

Ресей Ауғанстан шекарасының жанында бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді

100
Ауғанстандағы жағдайдың ушығуына байланысты Ресей Орталық Азия елдерінің әскерилерімен бірнеше оқу-жаттығу өткізеді

Ресей Қарулы күштерінің арнайы және бітімгерлік құрылымы тамыз бен қыркүйекте Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан әскерімен терроризмге қарсы бірлескен тоғыз оқу-жаттығу өткізеді. Ауқымды іс-қимылдар топтамасын қамтитын бұл оқу-жаттығулар Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері қарулы күштерінің "Бітімгерлік миссиясы – 2021" стратегиялық маневрлерімен аяқталады. Егер ауған жеріндегі жағдай өзгерістер алып келмесе, оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстаннан мыңнан астам әскери қызметкері қатысады деп жоспарланып отыр.

Орталық Азия бағытындағы оқу-жаттығуға Ресей арнайы әскерінің барлық дерлік құрамы қатысқалы отыр. Оның қатарында жалпы әскер армиясының арнайы мақсаттағы бөлімшелері, арнайы мақсаттағы 2-ші және 24-ші жеке бригадалар, 31-ші жеке десанттық-шабуылдау бригадасы, 55-ші тау бригадасы, 15-ші бітімгерлік бригадасы бар. Бұл бригададағы мамандар бүгінде Таулы Қарабақта арнайы миссияны орындап жатыр.

Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстандағы Ресей әскери базаларының авиация топтары, 201-ші әскери базаның құрамындағы С-300 зениттік зымыран жүйелері тартылады. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан атынан жүріп-тұру күрделі таулы аймақтарда жұмыс істеуге арнайы дағдыланған бөлімшелер қатысуы ықтимал.

"Талибан"* өкілдері қауіпсіздікке кепілдік ұсынғанымен Ресей және оның Орталық Азиядағы одақтастарына Ауғанстандағы жағдайдың ең нашар сценарийіне дайындала берген абзал. Себебі заңсыз қарулы құрылымдардың көзін жою үшін әскерді сапта, қаруды қолда ұстаған дұрыс. Өйткені Ауғанстандағы бұл дүрбелең жағдайды отызға жуық террористік ұйым өз пайдасы үшін қолдануы мүмкін.

Тамыздың басында өтетін оқу-жаттығу кезінде Ресей мен Өзбекстанның біріккен әскери топтары өзбек жеріндегі Сурхандария облысында, яғни Ауғанстан шекарасына жақын маңда бірқатар маневр жасайды. Олардың басым бөлігі өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады. Айта кетері, Термез атты өзбек полигонында ресейлік арнайы жасақ тұрақты жаттығып келеді. Мұнда шекарадан заңсыз өткен және Өзбекстандағы елді мекеннің бірін басып алған террористік топтың көзін жедел жою сценарийі пысықталады.

Екінші кезеңде Қырғызстандағы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында бірлескен топтың кезекті іс-қимылы орындалады. "Рубеж-2021" арнайы оқу-жаттығулары аясында Орталық Азия өңіріндегі жедел әрекет етуге арналған ұжымдық күштер (ҰҚШҰ) оңтүстіктен тап берген террорристік жасақтарды бұғаттау және жоюды орындайды.

Күздің басында Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базада да әскери маневрлер жиілейді. Қазірдің өзінде 100 әскери қызметші Красноярск өлкесінде 3000 метр биіктікте – "Ергаки" оқу орталығында таулы биіктіктегі іс-қимылдар дайындығынан өтті. Ресейлік әскери база құрамында бірнеше мотоатқыш батальоны, артиллериялық дивизион, авиатоп және қамтамасыз ету бөлімшелері бар.

Тәжікстанда Ауғанстандағы әскери қауіпке қарсы әрекет етуді жоспарлаумен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бірлескен штабының жедел тобы айналысып жатыр.

Ауғанстанның солтүстік провинцияларындағы мыңдаған адам тәлібтердің шабуылынан кейін өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Содырлар ауған жерінен кеткен АҚШ пен НАТО қару-жарағының біразын иемденіп алғаны да жасырын емес. Сондықтан содырлардың қарқынды шабуылы үдей түсті. Алдағы уақытта жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Ауған шекарасын түгел жауып тастау мүмкін емес.

Ауған бейбіт процеске қолдау көрсету мақсатында Өзбекстан, АҚШ, Пәкістан мен Ауғанстан консультацияларға арналған төрт тарапты жаңа алаң құру туралы шешім қабылдады. Бірақ АҚШ ауған жерінен өз әскерін шығаруды аяқтап жатқан шақта және Баграм авиабазасын тағдырдың тәлкегіне қалдырған бұл кезде америкалықтардың қатысуымен өтетін кез келген келіссөздер алаңы сенімсіз сипатқа ие болып отыр.

Пәкістан Ауғанстан бойынша бейбіт конференция өткізу жоспары туралы мәлімдеді. Бірақ ресми Кабул егер ауғандар Спин-Болдау ауданынан (Пәкістанмен шекарадағы) тәлібтерді ығыстыруға әрекет жасаса, пәкістандық әскери-әуе күштері күш қолдануға дайын екені туралы хабарлама алғанын жеткізді.

* – Қазақстан Республикасында, Ресейде және басқа бірқатар мемлекетте тыйым салынған террористік ұйым

100
Автомат в руках афганского ополченца в Мазари-Шарифе

ҰҚШҰ тәлібтердің шабуылына төтеп беруге дайындалып жатыр

57
Орталық Азия елдері мен Ресей Ауғанстанмен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуды көздегенімен ауған жеріндегі ондаған террористік топ бар екенін ұмытып отырған жоқ

Ресей мен Өзбекстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығулары 2 тамызда өзбектердің Ауғанстанмен шекаралас Термез тау полигонында басталды. Әскери топтар Өзбекстанның аймақтық бүтіндігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша әрекеттерді пысықтап жатыр. Оқу-жаттығу барысында құрлықтағы күш, соққы жасау авиациясы, заманауи барлау және нысанды анықтау жүйелері қолданылды.

Маневрлерге 1500 сарбаз бен офицер, 200 әскери техника, ресейлік Кант авиабазасындағы Су-25СМ шабуылдаушылар тобы тартылды. Ұшқыштар әуеден жасалған соққы арқылы бірлескен әскердің әрекеттеріне қолдау көрсетеді.

ҰҚШҰ күштері де тыс қалған жоқ. Ресейдің Кант біріккен әскери авиабазасы – жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштердің авиациялық компоненті. Кант авиабазасы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің территориясы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1 тамызда 200-ге жуық өзбек әскери қызметкері Ауғанстанмен шекаралас Харб-Майдон тәжік полигонына келді. Мұнда 5-10 тамыз аралығында Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Ол әрекеттер осы үш мемлекеттің бірлескен әскери топтарының соғыс кезіндегі үйлесімділігінен басталады. Жалпы Термез бен Харб*-Майдон полигондарындағы шекаралық оқу-жаттығулар Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірлескен операциясына айналғаны байқалады. Бір ескеретін жайт, Өзбекстан ҰҚШҰ құрамына кірмейді. Алайда ол өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет ету қажеттілігін түсініп отыр.

Азаматтық соғыспен әуре болып жатқан тәлібтер Орталық Азия елдеріне басып кіруді жоспарлап отырған жоқ. Әйтсе де ҰҚШҰ шекарасындағы жағдай алаңдауға тұрарлықтай. Шілденің басында "Талибан"* Ауғанстанның бес ел – Иран, Түрікменстарн, Тәжікстан, Қытай және Пәкістанмен және Кашмир аумағымен шекарасын бақылауға алды. Мәскеу Ауғанстандағы биліктің тәлібтердің қолына өтуіне және түрлі сценарийге дайын. Бұл туралы күні кеше президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Азия СІМ екінші департамент директоры Замир Кабулов мәлімдеді.

Ауғанстанмен 1344 километрге созылып жатқан ортақ шекарасы бар Тәжікстанның жайы қатты алаңдатып отыр. Ресей "Талибан"* мен басқа да террористік ұйымдарға өз одақтастарын қорғауға дайын екені туралы ескертті. Қажет болған жағдайда ресейлік 201-ші әскери база Тәжікстанға жедел көмек көрсетеді. Осы тұста Орталық әскери округтің жауынгерлік әлеуетінің нығаю мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ауғанстандағы жағдай шиеленіскен соң 201-ші база айтарлықтай нығайтылып, бирагадалықтан дивизиялық штатқа ауыстырылды және жаңа соғыс техникасымен қамтамасыз етілді.

Ресей шекарашылары тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатыспайды. Бірақ Тәжікстанға Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара кеңесшілер тобы көмектеседі. Мемлекеттік шекараның беріктігінде соғыс авиациясының рөлі маңызды. Сондықтан Пянж өзеніне жақын жерде, Гиссар аэродромына ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшақтары орналастырылды.

Ауғанстанның түрлі провинциясында қақтығыстар жалғасып жатыр. Нангархар, Пактия, Пактика, Логар, Кандагар, Герат, Фарьяб, Джаузджан, Балх, Саманган, Гильменд, Тахар, Кундуз, Баглан және Каписа провинцияларында соғыс белең алды.

1 тамызға қараған түні тәлібтер Кандагар әуежайына зымыранмен шабуыл жасап, осыдан кейін барлық рейс тоқтатылды. Гератта содырлар БҰҰ кеңсесіне шабуыл жасады. Яғни кешенге кіреберіске гранатомет пен пулеметтен оқ атылып, адамдар мерт болды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани бүгін парламенттің төтенше отырысын жариялап, үкімет ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың алты айлық жоспарын іске асыруға кіріскенін мәлімдеді.

Біраз бұрын "Талибанның"* баспасөз хатшысы Twitter-аккаунтында әскери-діни қозғалыс содырларының суреттерін жариялады. Олар америкалық арнайы жасақтан еш кем түспейтіндей деңгейде жабдықталған.

АҚШ елден кеткеннен кейін ауған қарулы күштерінің болашағы күдікке толды. Бұл ең алдымен жанармай жеткізетін сенімді көздің болмауына қатысты. Ауғанстанды қалыпқа келтіру бойынша арнайы бас инспектордың жаңа есебіне сәйкес, Пентагон соңғы 10 жылда ауған қауіпсіздік күштеріне жанармай жеткізу үшін 3,74 миллиард доллар жұмсады және 2025 жылға қарай тағы 1,45 миллиард доллар жұмсауы қажет.

Мұнда басты проблема логистика болып отыр. Ауғанстан мен Түркия әскери ведомстволарының басшылары Бисмилла Хан Мохаммади мен Хулуси Акар 31 шілдеде телефон арқылы Кабул әуежайының қауіпсіздігін талқылады. Соған қарағанда бензин мен дизель отынын авиатанкерлер арқылы жеткізудің жолы қарастырылмақ.

НАТО-ның әскери нұсқаушылары Түркияда ауған арнайы жасағын даярлауды бастады. Сонымен қатар 200 ауған аудармашысынан тұратын бірінші топ АҚШ-қа, Вирджиниядағы Форт Ли базасына қоныс аударды.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

57
 Уран-6 кешені

Әскери роботтардың болашағы қандай