Архивтегі фото

Ауғанстандағы қақтығыс: босқындар саны артты

68
АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстаннан шығару процесі аяқталғаннан кейін тәлібтердің үкімет күштерімен қақтығысы үдей түспек. Террористік қозғалыс елдегі билікті өз қолына алуға барын салып, қарсыластарымен қандай да бір келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін жасырмай отыр 

20 шілдеде мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі кезінде үш зымыран Кабулдағы президент сарайына соққы жасады. Бір күн бұрын тәлібтер Ауғанстанда оқ атуды тоқтату және тұтқындарды босату бойынша келіссөздің құрдымға кеткені туралы мәлімдеді. Соғыс әрекеттерінде Пәкістанның да үлесі бар екені байқалады.

Біраз бұрын Ташкентте өткен қауіпсіздік жніндегі халықаралық конференцияда Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Гани ауған бағытындағы Пәкістанның әрекеттерін сынға алып, Пәкістандағы "Талибан"* жақтаушылары ауған халқының басына түскен жағдайға аса қынжылып отырмағанын айтты. Барлау қызметінің мәліметі бойынша, соңғы айда Ауғанстанға 10 мың содыр Пәкістаннан келген. Ал "Талибан"* халықаралық террористік ұйымдармен байланысты үзбей отыр. Алайда Дохада АҚШ-пен арадағы келісім бойынша "Әл-Каида"* және басқа да ұйымдармен (ауған аумағында 30-ға жуық террористік топ бар) қарым-қатынасты тоқтатуы керек болатын.

Ауғанстандағы татуласу жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі Залмай Халилзад 20 шілдеде Исламабадта елдің премьер-министрі Имран Хан және Пәкістан армиясының басшысы генерал Камар Джавед Баджвамен келіссөз жүргізді. Тараптар қазір тәлібтер үлкен зиян келтіріп жатқан ауғанаралық бейбіт келіссөздің маңызын баса атап өтті.

Сонымен қатар Ауғанстан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері Ханиф Атмар мен Шах Мехмуд Куреши 19 шілдеде Исламабадтағы ауған елшісінің қызын ұрлау қылмысын талқылады. Бойжеткен тұқыннан бостылғаннан кейін ауруханаға түсті. Сол себепті Кабул Пәкістандағы өз елшісі мен бірқатар дипломатты елге қайтарды.

Солтүстік провинциялардағы қиян-кескі қақтығыс пен Ауғанстанның шекара маңындағы аудандарды "Талибанның"* бақылауға алуы босқындар легінің артуына себепші болып отыр. Бадахшан провинциясындағы Вахан уезінде орналасқан Андемин елді мекенінің (этникалық қырғыздар) тұрғындарынан құрылған адамдар тобы 14 шілдеде бас сауғалап Тәжікстан территориясына өтіп кетті. Біраз бұрын Қырғызстан ауғандық қырғыздарды өз жеріне орналастыруға дайын екенін хабарлады. Алайда тәжік билігі төрт күн өткен соң барлық құжат-қағазымен және 4 000 бас малымен 345 ауған азаматын қайтадан ауған жеріне қайтарды.

Сонымен қатар тәлібтерден қашқан Ауғанстанның бейбіт тұрғындары да Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасынан өткені белгілі болды. БҰҰ конвенциясына сәйкес босқындарға уақытша баспана беріліп, оларды ас-су және медициналық көмекпен қамтамасыз етті де, ауған жеріне қайтадан қайтарды. Егер соғыстың өршуіне байланысты босқындар саны ондаған немесе жүздеген адамдармен есептелетін жағдайға жетсе, оларды Ауғанстанға жедел қайтару мүмкін болмайды. Сонда Орталық Азия елдері тәлібтер шекарадан өтпей-ақ ауғандық тұрақсыздықтың ықпалына енеді.

Иран арқылы Түркияға бас сауғалап қашқан босқындар саны артып жатыр – күніне 1000 ауған. Мигранттар өз өмірі үшін қорқып, тәлібтерден қашуға мәжбүр болғандарын және жәрдемақыға үміттеніп отырғандарын айтуда. Түрік билігі үшін әзірше босқындар ағыны аса қауіпті деңгейге жеткен жоқ. Бірақ босқындардың басым бөлігінің құжаты жоқ.

Тәлібтердің қоқан-лоқысына қарамастан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Вашингтонның әкімшілік-қаржылық қолдау көрсетуімен Анкара Кабулдағы халықаралық әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін 20 шілдеде кезекті рет мәлімдеді. Түркия өзін Ауғанстанмен бауырлас мемлекет екенін алға тартып, ислам дінін қабылдағанға дейін көптеген түрік тайпасының отаны болғанын, сондай-ақ Ауғанстан 1921 жылдың 1 наурызында "жаңа" Түркияны мойындаған алғашқы мемлекет болғанын да айтуда. Сонымен қатар Түркияға келген алғашқы шетелдік дипломат Ауғанстан королі болған. Сондықтан түрік әскері Кабулды қалдырып кете алмайды. Алайда Ердоған бұл гуманитарлық миссияның қажеттілігіне тәлібтерді көндіре алмай отыр. Түрік оптимизмін Мәскеу де қолдап отырған жоқ.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Ауғанстан шекарасына жақын жерде терроризмге қарсы маневрлер сериясын дайындап жатыр. Мысалы, 30 шілдеде Сурхандария облысында Ресей-Өзбекстан оқу-жаттығуы басталады. Өзбекстан шекараға жақын Хатлон облысындағы Харб-Майдон әскери полигонында өтетін бірлескен Ресей-Тәжікстан-Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығуы үшін авиация мен арнайы жасақты жеткізіп жатыр. Ауған шекарасында ҰҚШҰ жедел тобы жұмыс істеп тұр.

Тәжікстанда ресейлік 201-ші әскери база, Қырғызстанда ресейлік "Кант" базасы орналасқан. Олар тұрақты әскери дайындықта тұр және ұжымдық қауіпсіздіктің оңтүстік шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отыр.

Мысалы 22 шілдеге дейін Ми-8 модернизацияланған тікұшақтар экипажы Тянь-Шань таулары мен Ыстықкөл облысында "Эдельвейс" авиация полигонындағы оқу-жаттығу барысында десантты жеткізу әрекеттерін пысықтап жатыр.

Экстремистер Орталық Азияға енген жағдайда Мәскеу өзінің ҰҚШҰ бойынша өңірлік одақтастарына көмек көрсетуге дайын. Бұл ұстанымды күні кеше Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов растады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Орталық Азия елдері өз аумағында америкалық базаны орналастырмайтынын еске салып, ҰҚШҰ мызғымастығын кезекті рет айшықтады.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

68
Киев

АҚШ Украинаға өз қаруын не үшін сатып жатыр

41
Адамзат тарихында шетелдік армияны дайындау және қаруландыруды АҚШ жүргізуінің сәтті мысалы кемде-кем. Керісінше, Пентагон қолдауы және стандарты бойынша құрылған әскердің сәтсіздіктері артып келеді

Мысал ретінде Грузия (2008 жыл), Ирак (2015 жыл), Ауғанстанды (2021 жыл) айтуға болады. Жақын уақытта бұл тізімді Украина толықтыратын түрі бар.

10 қазанда АҚШ Киев маңындағы Борисполь әуежайына Украина Қарулы күштеріне қосымша әскери көмектің алғашқы партиясын жеткізді. Бұл жалпы сомасы 60 миллион долларды құрайтын дәлдігі жоғары қару-жарақ, оқ-дәрі, радиолокациялық бақылау құралдары.

АҚШ бюджетінен 2021 жылы Украина Қарулы күштері үшін бөлінген қаражат 250 миллион доллардан сәл асады. Америкалықтар жалпы жеті жыл ішінде украиндерге әскери көмек ретінде шамамен 2 миллиард доллар жұмсады. Бұл қызметтегі 255 мың әскериге шаққанда әрқайсысы үшін жылына шамамен 1000 доллар шығынды құрап отыр.

АҚШ қорғаныс бюджетінің жобасында 2022 жыл үшін Украинаға 300 миллион доллар қарастырылған. Алайда екі жүз мыңнан астам сарбазы бар армияны заманауи үлгіде қайта қаруландыру және жасақтау он есе көп шығынды қажет ететіні анық. НАТО-ның Шығыс Еуропа елдерінде жаңа ұшақтары мен танктерінің жоқтығы да біраз жағдайдан сыр беріп отыр.

Әйтсе де жақын уақытта америкалық қару-жарақты Украинаға жеткізу белсенділігі артатын сыңайлы. 1 қыркүйекте АҚШ пен Украина әскери ынтымақтастық туралы келісімге келді. Дәл сол күні Пентагон басшысы Ллойд Остин Вашингтонда өткен кездесу барысында Украина президенті Владимир Зеленскийге танкке қарсы Javelin зымыран кешендері мен басқа да қажетті әскери техниканы жеткізуге уәде етті. Ал кейінірек The American Conservative журналы Вашингтон Украинаны НАТО мүшесі ретінде қарастырып отырғанын жазды.

Қыркүйектегі кездесу қорытындысы бойынша "Украина қорғаныс өнеркәсібі" америкалық компаниялармен ынтымақтастық туралы жалпы сомасы 2,5 миллиард долларды құрайтын үш келісімге қол қойды.

Ресей АҚШ пен НАТО-дан Донбастағы азаматтық соғыс қарсаңында тұрған және тиімсіз сыртқы саясаты салдарынан Еуропадағы жағдайды тұрақсыздандырып отырған Украинаға әскери техника жеткізуді және әскери салада қолдау көрсетуді доғаруды бірнеше рет талап етті.

Өткен жексенбіде америкалықтар Украинаға дәлдігі жоғары қару, оқ-дәрі, радиолокациялық бақылау құралдары, медициналық жабдық жеткізді. Суреттегі HMMWV броньдалған автокөліктерінің сыртқы бояуына қарағанда, Киев Ауғанстан арқылы транзитпен жеткізілген бұрын қолданылған техниканы алған болуы керек. HMMWV мүмкіндіктері мен төбесіндегі пулеметінің Еуропада оқ пен минадан қорғауға мүмкіндігі жетпейді.

Қару-жарақ саласындағы көп маман "Хамвиді" жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер қатарына жатқызғанымен, оларды соғыс машинасы деп атамайды. Украина Қарулы күштері HMMWV бұған дейін де алған. Украиндер оның қозғалтқышы нашар екенін, фильтр мен тазалау үшін 4000-5000 километр жүріс қажет екенін, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің тапшылығы тиісті деңгейде техникалық қызмет көрсетуді қиындататынын айтты. Украин президентінің баспасөз қызметі наурызда АҚШ 73 миллион доллар тұратын 10 дана HMMWV автокөлігін әскери-техникалық көмек ретінде тарту еткенін хабарлаған болатын. Сол кезде бұл автокөліктерді украиналық танкке қарсы зымыран кешендерімен қосымша жабдықтау жоспарланды. Алайда дәл қазір бұл автокөліктер қайда екені белгісіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
© Официальный сайт Президента РК
Біраз бұрын "Украина қорғаныс өнеркәсібі" кәсіпорны "Раптор", "Козак", "Кугуар", "Спартан", "Шрек", "Фиона" деген атаумен әскери мақсатта қолданылатын отандық броньды автомобильдер шығаруды ұсынды. Бірақ қазіргі жағдайда миллиардтаған инвестиция салудың орнына америкалықтардан әскери-техникалық көмек алу әлдеқайда тиімді болып отыр. Вашингтон Украинаға ұсынған автомобильдер, артиллериялық радарлар мен медициналық жабдықтар үшін Киевтен сыртқы саясат бойынша қолдау күтетіні анық. Сондықтан бұл екі елдің әскери саладағы ынтымақтастығының астарында АҚШ мүддесіне қатысты үлкен жоспар жатыр.

Киевке жеткізілген дәлдігі жоғары қару-жарақтың ішінде негізгі екі түрі бар. Олар – калибрі 12,7 миллиметр Barrett M82 снайпер винтовкасы, Javelin танкке қарсы зымыран кешені және оған қажетті оқ-дәрілер.

Салмағы 15 килограмм болатын Barrett M82 бір жарым метрлі винтовкасы 1800 метр қашықтықтан нысананы көздеуге мүмкіндік береді. Алайда ресейлік калибрі 12,7 миллиметр болатын "Корд-М" снайпер винтовкасының салмағы 10 килограмм және ол 2000 метр қашықтықтан атуға арналған.

Донбастағы әскерилердің қолында Barrett M82 2015 жылы көзге түсті. Сол кезде ішкі істер министрі Арсен Аваков осы снайпер винтовкасының Ұлттық гвардия қарулануына жеткізілгенін мәлімдеді. Бірақ америкалық винтовка Barrett M82 украин халқының жағдайын оң бағытқа өзгерте алды ма? Мәселе осында.

Сол сияқты Javelin танкке қарсы зымыран кешені де 2017 жылдан бері Украина Қарулы күштерінің қатарында тұр. Ол ауыр броньді техниканы, жердегі қорғалған нысандарды, орта жылдамдықпен және биіктікте қозғалатын әуе нысандарын жоюға арналған. Оның қашықтықтағы нысанды төрт есе жақыннан көруге арналған оптикасы түн уақытында да атыс жүргізуге мүмкіндік береді.

АҚШ мұндай қымбат әрі бағалы техниканы басқа елге тегіннен-тегін беруі екіталай. Сондықтан бұл "сыйдың" қайтарымы болатыны анық.

Украина Қарулы күштерінің қатарында 1000-ға жуық FGM-148 Javelin кешені бар. Бір "Джавелиннің" құны 125 мың доллар болса, кешенге арналған зымыран құны шамамен 40 мың долларды құрайды.

Украина қорғаныс министрлігі "АҚШ үкіметінің Украина Қарулы күштеріне қосымша әскери көмек ұсынуы екі ел арасындағы мызғымас стратегиялық ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып отыр" деген пікір білдірді.

Расында америкалық қару-жарақтың Киевке жеткізілуі Ресей Федерациясы мен Шығыс Еуропадағы іргелес жатқан елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Себебі көрші украиндердің "қызыл сызықтан" асқан қадамы үшін Мәскеу де жауап беруі мүмкін.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы

41
Қызылорда облысындағы көне Құмиян шаһары

Құмиян туралы аңыз немесе жеті нан тарату дәстүрі қайдан шыққан