Ресейдегі "Армия-2021" форумында роботтандырылған техникаға басымдық беріледі

© Sputnik / Alexander Vilf / Медиабанкке өтуЗрители перед началом демонстрационной программы военной техники в рамках Международного форума "Армия-2020"
Зрители перед началом демонстрационной программы военной техники в рамках Международного форума Армия-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
"Армия-2021" халықаралық әскери-техникалық форумы Ресей мен оның одақтастарының қорғаныс өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық жетістіктерін паш етеді

Көрмеге әлем мамандары үлкен қызығушылық танытып, 97 елден келген делегация қатысқалы отыр. Іс-шара жаңа қару-жарақты жеткізу түрінде жалғасуы мүмкін. Қазір шамамен 7 миллиард долларды құрайтын 45 ресейлік келісімшартты дайындау аяқталып жатыр.

22 тамызда "Алабино" полигоны, "Кубинка" аэродромы, "Патриот" көрме орталығында "Армия-2021" VII Халықаралық әскери-техникалық форумы өтеді. Мамандар 22-25 тамыз күндері "жабық" форматта жұмыс істесе, 26-28 тамз аралығында кез келген азамат стендтер, алаңдар мен полигондарды тамашалай алады.

97 шетелдік делегацияның 37-сіне әскери ведомство басшылары жетекшілік етеді. Салыстыру үшін айтсақ, "Армия-2020" жұмысына 92 шетелдік мемлекет өкілдері қатысып, оның ішінде жоғары деңгейдегі 18 ресми әскери делегация болған еді.

13 елден келген 1500-ға жуық кәсіпорын әскери саладағы 20 мыңнан астам үлгіні көрермен назарына ұсынады. "Армия-2021" форматындағы іс-шара сондай-ақ Ресейдің 14 өңіріндегі 26 алаңда және Абхазия, Армения, Оңтүстік Осетиядағы ресейлік әскери базаларда өтеді. Мұнда 300-ден астам заманауи соғыс және арнайы техника, 20 кеме, 70-ке жуық ұшақ пен тікұшақ таныстырылады.

Әскери-теңіз флотындағы соғыс авиациясы, роботтандырылған армия (жасанды интеллект), "скери медицина, әскери құрылыс форумның негізгі тақырыбына айналады. Құрлықтағы, судағы және авиациядағы ауқымды таныстыру бағдарламасы форум қатысушыларына өз бұйымдары мен техникаларын жақыннан таныстыруға, әскери техникаға қызығатындар үшін керемет сезімге бөленуге, қару-жарақтың әлеуетті тапсырыс берушілері үшін жаңа техниканы лайықты түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Форум интеллектуалды қару мен соғыс техникасының заманауи үлгілерін дайындау аясындағы жетістіктерді паш етуге арналған айрықша алаң болып отыр. Ол әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық  интеграцияның жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ҰҚШҰ елдері

Ресейдің стратегиялық одақтастары – Қазақстан мен Беларусь "Армия" форумында белсенділік танытып, Мәскеу маңында әскери және екі мақсатта да қолданылатын өнімнің жоғары технологиялық үлгілері қойылған ондаған стенд дайындап жатыр.

Беларусь Республикасы қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің қуатын мына кәсіпорындар таныстырады:

  • әуедегі шабуылға қарсы мобильді кешендер мен стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлеріне арналған платформалар бойынша бүкіл әлемге танымал Минск дөңгелекті тартқыш техника зауыты;
  • радиорелелік станциялар, мобильді байланыс тораптары, атвоматтандырылған басқару пунктері, террористерге қарсы арнайы құралдар дайындайдын "Агат – электр механика зауыты";
  • сұйық кристалды панельдердегі бейнемониторлар мен қолайсыз ауа райында қолдануға арналған жылжымалы электронды есептеуіш машиналар өндіретін "Дисплей" конструктор бюросы;
  • стационарлы және жылжымалы автоматтандырылған басқару жүйелерін, АБЖ бағдарламалық және техникалық құралдарын, соғыс әрекетін модельдеу жүйелерін, пилотсыз авиациялық кешендерін дайындайтын "Геоақпараттық басқару жүйелері" ходдингі;
  • сонымен қатар цифрлық әскери байланыс құралдарын шығаратын "АГАТ-СИСТЕМ, ұшақтар мен тікұшақтарды модернизациялаумен айналысатын 558-ші авиация зауыты, танктерді жөндеу және модернизациялау бағытындағы 140-шы зауыт, зенитті зымыран кешендері мен радиолокациялық жүйелерді автоматтандырылған диагностикалау құралдарын дайындайтын ATE–Engineering кәсіпорны да бар.

Ал Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің мүмкіндіктерін мына кәсіпорындар таныстырады.:

  • шекара кемелері мен катерлерін қоса алғанда екі мақсаттағы өнімдерді дайындайтын ірі машина жасау кәсіпорындарын біріктіретін "Қазақстан инжиниринг" компаниясы;
  • пилотсыз ұшу аппараттарын дайындайтын және шынжыр табанды техникаға жөндеу жүргізетін 881-ші зауыт;
  • Орталық Азиядағы жетекші №405 авиажөндеу зауыты;
  • соғыс ұшақтары мен тікұшақтарындағы авиациялық автоматика құралдары мен авиация техникасына арналған тораптармен агрегаттар дайындайтын "Тыныс" кәсіпорны;
  • жоғары технологиялық радиоэлектронды өнімнің 100-ден астам түрін шығаратын Киров атындағы зауыт;
  • халықаралық стандарт бойынша оқ-дәрі дайындайтын Steel Manufacturing жоғары технологиялық кәсіпорны;
  • заманауи электронды-оптикалық өнімдер мен байланыс құралдарын дайындайтын "Қазақстан ASELSAN Инжиниринг" кәсіпорны.

Қазақстан мен Беларусь кәсіпорындарының тізімі бұдан әлдеқайда ауқымды. "Армия-2021" форумына бұл одақтас екі мемлекеттен қатысатын кәсіпорындар саны әлдеқайда көп.

Форумның ерекшелігі

"Армия-2021" форумында әуеде, құрлықта және теңізде қолдануға арналған роботтандырылған қару-жарақ кешендеріне ерекше мән беріледі. Бұл әлемдік үрдіс, жақын арада адам баласы соғыс қимылдарының алдыңғы шебінен кетеді.

Сонымен қатар арктикалық әзірлемелер де ерекше орын алып отыр. Көрмеде Заполярьеге арналған техникалар қойылатын мамандандырылған экспозиция да дайындалды: "ТРЭКОЛ ВЕГА" қар мен батпақта жүруге арналған машинасы (қысымы төмен дөңгелектерімен), "Тор-А" және "Панцирь-СА" тундраға бейімделген зенитті зымыран кешендері, А1 және ТТМ 1901-40 әскери қар кешу техникасы (жылытылатын кабинасы бар). Жаңа әрі перспективалық әскери техника мен қару-жарақ үлгілері жалпы аумағы 320 мың текше метрден асатын Алабино полигоны мен Кубинка аэродромы, "Патриот" орталығының алаңдары мен павильондарындда орналастырылған.

Форум алаңдарында алғаш рет "Армата" платформасындағы үш әскери машина – Т-14 танкі, Т-15 жаяу әскердің соғыс машинасы және Т-16 броньдалған жөндеу-эвакуациялау машинасы таныстырылады. "Бахча-У" оқ-дәрі модулін басқарудың цифрлық жүйесі мен "Аркан" басқару зымырандары бар БМД-4М десанттың жаңа жауынгерлік машинасы да көпті қызықтыратыны анық. Сонымен қатар бортындағы екі экипаж мүшесі және 13 десантпен кез келген жолсыз аймақта жүре алатын "Ракушка" көпмақсатты десантты броньды тасымалдаушы да назар аударуы ықтимал.

Халықаралық форумда Ми-35М және Ми-35П "Феникс" көпмақсатты әскери-тасымалдаушы тікұшақтарының бірнеше үлгісін , Ми-28НЭ соққы жасаушы экспорт нұсқасын, Ми-26Т2В ауыр тікұшағын көруге болады. Мамандар әскери техниканы көріп, оны іс жүзінде тексеріп, тіпті сатып та алуына болады.

РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу 18 тамызда форум аясында құны 500 миллиард рубльді құрайтын 45 мемлекеттік келісімшартқа қол қойылатыны туралы мәлімдеді. Бұл Ресей әскеріне "Уран-14" робот-техникалық кешендерін, қашықтықтан мина қою жүйелерін, артиллериялық жүйелер мен оқ ататын ауыр техниканы, Құрлықтағы әскерге арналған арнайы техника мен Т-90М танктерін жеткізуді қарастырады. Сонымен қатар барлау кемелері мен мина сүзетін тралшы кеме құрылысына, авиатехниканы жеткізу және модернизациялауға, дәлдігі жоғары қаруды сатып алуға арналған келісімшарттар да қамтылады.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram-арнасы

Жаңалықтар
0