Ресей теңіздегі әскери базасының орнын ауыстырды

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуКорабли Каспийской флотилии, архивное фото
Корабли Каспийской флотилии, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Каспийск қаласы мен порты Ресейдегі оңтүстіктің ең қиыр шетінде орналасқан әскери-теңіз бекінісіне айналды. Каспий флотилиясының Дағыстандағы жаңа базасы Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азиядағы іргелес жатқан аймақтардың қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етеді
Қажет болған жағдайда 2600 километр радиуста, яғни Жерорта теңізі мен Қара теңізде, Парсы мен Оман шығанағында, Ауғанстан, Болгария, Балтық жағалауы елдері, Украина, Түркияның бүкіл аумағында және басқа да бірқатар елде күш қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Зымыран және артиллериялық кемелер, базалық мина тазалау кемелері, Каспий флотилиясының қамсыздандыру кемелері (барлығы 20-дан астам) жаңа орын – Каспийск портына келді. Кеме бригадаларының инженерлік-техникалық құрамы мен кеме жөндеуге арналған техникасы да тұрақты орналасу пунктіне жеткізілді. Әскери теңізшілер жайғасып, кемелерді әскери тапсырмаларды орындауға дайындап және қару-жарақ пен техниканы сайлап жатыр.
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Саясат
Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты мақұлдады
Бұған дейін Каспийскте пирстер, қызмет көрсету орындары, 177-ші теңіз жаяу әскерінің қалашығы (2018 жылы құрылған), суастындағы диверсиялық күштер мен құралдарға қарсы күресу жасағының оқу-материалдық базасы, әскери қызметкерлер мен оардың отбасыларына арналған тұрғын үй құрылысы аяқталды. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы әскери-теңіз құрамасын оңтүстікке көшіру туралы стратегиялық шешімі толығымен орындалды.
Каспий флотилиясы Оңтүстік әскери округінің теңіздегі құрауышы және Ресей Әскери-теңіз флотының көне жедел құрамасы (1722 жылы I Петр құрған). Бірнеше теңіз бригадасы мен дивизиондар, флотилияның жағалаудағы әскери бөлімдері Ресейдің Каспий теңізі аймағындағы ұлттық-мемлекеттік мүдделерін (терроризмге қарсы шаралар, сауда жолдарын, мұнай кен орындарын қорғау) сенімді қамтамасыз етіп отыр. "Калибр" зымыран кешендері Каспий флотилиясына ядролық қарусыз тежеуге және бастапқы нүктеден 2600 километр радиуста күш аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бірлестік құрамында 18 жаңа әскери кеме, іздеу-құтқару кемелері, жағалаудағы зымыран кешендері, теңіз авиациясы, сондай-ақ арнайы, техникалық және тылдағы қамтамасыз ету бөлімдері бар.
Каспий флотилиясының теңіз жаяу әскері 27 желтоқсанда орманды-таулы аймақта орналасқан Аданак полигонына аттанды. Мұнда әскери қызметшілер бірнеше күн бойы шайқас жүргізудің заманауи тактикалық әдістерін, барлау, басқару және байланыс жүйелерін қолдануды пысықтайды. Маневрлерге 2000-ға жуық теңіз жаяу әскері мен 100-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылған.
Теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің әскери іс-қимылы әртүрлі нысаналарға атыс қаруының барлық түрінен, гранатометтен және БТР-82А мен БТР-70М броньді тасымалдаушылар қаруларынан оқ атумен аяқталады. Бұған дейін Аданак полигонында тиімді жауынгерлік дайындық жүргізуге арналған барлық жағдай жасалып, инфрақұрылым жаңартылды, төрт командалық пункт, 100 метр фортификациялық бекініс, 10-нан астам оқу орны жасақталып, жаңа үлгідегі 20-ға жуық нысана орнатылды.
Боец Талибана с автоматом M16 стоит у здания Министерства внутренних дел в Кабуле, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Тәлібтердің әскери-оқу жаттығуы Орталық Азия үшін қауіпті ме
Ресей Әскери-теңіз флотының толыққанды, мобильділігі жоғары теңіз жаяу әскери полкі Ресейдің оңтүстік шекарасындағы ықтимал агрессорға қарсы тұрып, Кавказ бен Орталық Азияның проблемалы аймақтарында тұрақтандыруға ықпал ететін факторға айналады. Дегенмен, Ресей әскери-теңіз флотының жағалау әскері мен кемелерін Каспийскке орналастырудың негізгі себебі ретінде оның оңтүстіктегі стратегиялық маңызды нысандарға жақын орналасуы және Шығыс Еуропада НАТО елдерімен әскери қақтығыс жағдайында тұрақтылықтың жоғары деңгейін атауға болады.
Сириядағы әскери іс-қимыл кезінде Каспий флотилиясы жоғары жауынгерлік тиімділік көрсетті. "Дагестан", "Град Свияжск", "Великий Устюг" және "Углич" зымыран кемелері 2015 жылдың 7 қазанында әлемге алғаш рет ресейлік "Калибр" қанатты зымырандарының соққы жасау әлеуетін көрсетті: 26 рет атылған оқ бастапқы нүктеден 1500 километр қашықтықта Сирия аумағындағы жаудың 11 нысанының көзін жойды.
2027 жылға қарай қанатты зымыранның "Калибр-М" жаңа модификациясының ұшу қашықтығы 4500 километрден асады. Бұл зымыран НАТО елдері, Испания, Ұлыбритания және Норвегия сияқты географиялық тұрғыдан шалғай жатқан мемлекеттерді де қамти алатынын айқындап тұр.
С-400 зениттік зымыран кешені бар "Бал" жағалаудағы зымыран кешендерімен қорғалған Каспийск Ресейдің Каспий теңізіндегі, Кавказдағы, Орталық және Оңтүстік Азиядағы негізгі теңіз бекінісіне айналады. Флотилияның жаңа негізгі базасы Ресейдің одақтастары - Абхазия, Оңтүстік Осетия, Армения, Әзербайжан және Каспий теңізінің маңызды акваториясы мен Қазақстан территориясының бір бөлігі үшін әуедегі және зымыран шабуылына қарсы қосымша қауіпсіздік кепілдігі болып отыр.
Дағыстан Республикасындағы Каспий флотилиясының жаңа пунктінде алты кеме айлағының құрылысы аяқталды, қазір әскери техниканың тұрағы мен оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған жаңа гидротехникалық нысандар, жағалау инфрақұрылымының құрылысы жалғасып жатыр.
Вооруженные силы РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Саясат
Қазақстан көрші елдерге оқ-дәрі мен әскери техника береді
Ұзындығы үш километрге жуық айлақтары бар Солтүстік және Оңтүстік қорғаныс молдары аумағы 700 мың шаршы метр болатын теңіз нысандарын Каспий теңізінің толқынынан, шөгінділері және басқа да жағымсыз әсерінен қорғауға арналған. Спутниктен түсірілген суреттен жұмыстың қаншалықты аяқталғанын, Каспийск әскери-теңіз базасы инженерлік тұрғыдан алғанда жоғары деңгейде салынғанын көруге болады.
Құрылыс жобасында жаудың ықтимал шабуылы мен табиғи апаттан қорғалған гарнизонның барлық қажетті инфрақұрылымы қарастырылған. Оның қатарында заманауи оқу-жаттығу базасы, РФ Қорғаныс министрлігінің жалғыз суасты атыс тирі, оқ-дәрі сақтауға арналған сенімді қоймалар, жайлы баспаналар мен казармалар, Мәдениет үйі, балабақша, мектеп, аурухана, жетілдірілген жол желісі бар.
Каспий флотилиясының штабы мен негізгі базасын Астраханьнан оңтүстікке қарай 400 километр аумаққа көшіру бірлестік кемелерінің операция жүргізу мүмкіндігін кеңейтеді, Оңтүстік әскери округінің қапталын және Ресей шекарасын нығайтады, Еуразияның осы бөлігіндегі одақтас мемлекеттердің қауіпсіздігін арттырады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0