Орталық Азияда ынтымақтастық нығайып келеді – сарапшы

© Photo : сайт ОДКБУчения разведчиков стран-участниц ОДКБ
Учения разведчиков стран-участниц ОДКБ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Аяқталып жатқан жыл Орталық Азия үшін өте қиын болды. Өңір әскери, саяси, экономикалық және табиғи бірқатар күрделі сынаққа тап болды. Туындаған бұл проблемалардың көбі келесі жылы да өзекті болып қала береді

Ауған қаупі

Ауғанстандағы әскери жағдайдың күрт өзгеруі қауіпті ахуалға айналды. Саны мен технкалық үстемдігіне қарамастан, жаз бойы НАТО әскери мен ауған армиясы Талибан* қозғалысынан бірнеше рет ауқымды сипатта жеңіліс тапты. Бұл соғыс жазда шетелдіктерді Кабулдан жаппай эвакуациялау, ұшаққа міну үшін әуе көлігінің қанатына жармасқан босқындардың суретімен аяқталды. Осыдан кейін Орталық Азия елдері үшін тікелей сыртқы қауіп төнді.
Халық 39 миллионнан асатын іргелес мемлекет тыйым салынған ұйым содырларының бақылауына өтті. Ел аумағында Талибаннан* бөлек, Әл-Каида**, Өзбекстанның ислам қозғалысы**, Джамаат Ансаруллох** сынды топтардың бірнеше мыңдаған содыры бар. Бұл ұйымдар Ауғанстанды экспанцияға арналған плацдарм ретіндее қарастырады және олар Орталық Азия мемлекеттері үшін іткелей қауіп болып саналады. Олар соңғы жылдары тәлібтермен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Қарулы қақтығыстың қорытындысы бойынша ауған содырларының қолында кем дегенде 500 мың әскер, ескі режимдегі армиядан қалған Black Hawk соғыс тікұшақтарының паркі, бірнеше ондаған танктер, артиллерия, соның ішінде "Град" жаппай оқ ату жүйесі бар. 2020 жылы Ауғанстан армиясы GFP елдің әскери қуаты жөніндегі рейтингте Тәжікстан мен Түркіменстаннан жоғары тұрды. Сондықтан ауған жеріндегі содырлар көрші мемлекетке қауіп төндіріп отыр.

Жаңа әскери саясат

Қалыптасқан жаңа ахуалға қарай өңірдегі елдер қауіпсіздік саласындағы әріптестерін нақтылауға мәжбүр болды., Құрамында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар ҰҚШҰ аймақта ерекше рөлге ие болып отыр. Сонымен қатар Өзбекстан Ұйымның қыркүйек айында өткен саммитінің жұмысына қосылды. Ол ҰҚШҰ-ға қайта мүше болмағанмен, қазіргі жағдайға байланысты күш-жігерді біріктіру қажет деп санады.
Сириядағы халықаралық терроризмге қарсы соғысқан Ресей ҰҚШҰ-ның негізгі күші болып отыр. Ресейлік, тәжік және өзбек әскерилері қатысқан содырлардың шабуылдарына тойтарыс беру бойынша тамызда өткен оқу-жаттығуда жеке құрамның 72%-ін және әскери техниканың 84%-ін Ресей армиясы ұсынды.
Ауғанстаннан өз әскерін алып кеткеннен кейін өңірде АҚШ және НАТО-мен әскери ынтымақтастыққа деген қызығушылық бәсеңдеді. ҰҚШҰ елдері "Ауғанстанда орналасқан АҚШ пен НАТО елдерінің әскери инфрақұрылымын, сондай-ақ шетелдік әскери бөлімшелермен ынтымақтастық орнатқан ауған азаматтарын өз аумағында орналастыруға қарсы" бірлескен декларация қабылдады. Дәл осы ұстанымды Өзбекстан да ресми түрде қолдап, Американың өз аумағында әскери нысандар құру туралы ұсыныстарын қараудан бас тартты.
Сонымен қатар НАТО елдері және Қазақстан мен Өзбекстанды қоса алғанда Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен өтетін "Дала қыраны" жыл сайынғы оқу-жаттығуы өткізілмеді. АҚШ-тың қолдауымен 20 жыл бойы жасақталған ауған армиясын тәлібтердің бірнеше айда күл-талқан етуі Орталық Азия ғана емес, бүкіл өңір Батыс армиясына иек артпай, жаңа қауіпсіздік жүйесін құратын уақыт жеткенін көрсетті.

Жылдағы саяси ахуал

Коронавирус пандемиясының жалғасуына және қатты қуаңшылыққа қарамастан, 2021 жылы өңірдегі саяси ахуал айтарлықтай тыныш өтті. Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстандағы сайлау ешқандай оқыс оқиғасыз аяқталды.
Қаңтарда өткен сайлауда халық дауысының 80%-іне ие болған қырғыз президенті Садыр Жапаровтың жетістігін атап өтпеске болмайды. Бұл көрсеткіш оның алдындағы президент Жээнбековтың нәтижесінен 20%-ке және 100 мың дауысқа жоғары.
Өзі ұсынған жаңа конституцияны қолдайтын референдум мен қарашадағы парламент сайлауы да Қырғызстан президенті үшін сәтті өтті. Себебі сайлаудан кейін әдеттегідей елде көтеріліс пен тәртіпсіздіктер басталады деп қауіптенген еді.
Сондай-ақ осы жылы қайта сайланған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің электоратты дауыс нәтижесі де төмен нәтиже көрсетті. 2016 жылмен салыстырғанда ол шамамен 3 миллион дауыс жоғалтқан.

Пандемиямен күресудің жаңа кезеңі

Коронавирус пандемиясы өңірдегі тыныс-тіршілікке үлкен залал келтірді. Сондықтан биыл вакцинаның таралуына басымдық берілді. Ресейлік "Спутник-V" тестілеу аяқталысымен-ақ Орталық Азияда пайда болды. Оның өңірдегі бес мемлекеттің барлығында қолданады: бірі сатып алса, бірі гуманитарлық көмек аясында алған.
Ал Қазақстан ресейлік вакцинаның ең ірі сатып алушысына айналды. Ол бұл препаратқа 114 миллион доллар жұмсады. Сонымен қатар Қарағандыда Ресейден жеткізілетін субстанция негізінде "Спутник-V" пен "Спутник-Лайт" өндірісі жолға қойылды.
Өзбекстанда да "Спутник" өндірісі басталды. Ал Қырғызстан жаздан бері кәсіпорын ашу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. асқа мемлекеттер ресейлік вакцинаны импорт ретінде алып отыыр.

Ынтымақтастық нәтижесі

Пандемияға, Ауғанстандағы дағдарысқа, құрғақшылыққа қарамастан, 2021 жыл ынтымақтастықтың дамуымен ерекшеленді. Өзбекстанда "Росатом" корпорациясының атом электр станциясын салуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Аймақ елдерінің ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығы дамып келеді. Ұйымның Ереванда өткен кезекті саммитінде Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына ортақ кеңістіктің кез келген жерінде кредит алуға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Бірыңғай дәрі-дәрмек нарығын құру, тариф шектеулерін жою және тағы басқа мәселелер жөніндегі қосымша құжаттар бекітілді.
ЕАЭО-ға жақын уақытта Өзбекстан қосылуы мүмкін. Еуразиялық кеңестің кезекті отырысында республика 2022 жылы кем дегенде 22 техникалық регламентін одақ стандарттарына сәйкестендіруге міндеттеме алды.
*Террористік іс-қимылына байланысты БҰҰ санкция енгізген ұйымдар.
**Ресейде, Қазақстанда және бірқатар елде терроористік қозғалыс деп танылған ұйымдар.
Жаңалықтар
0