Мәдениет

Әнші Қайрат Нұртас концертке бара жатып жол апатына ұшырады

© Photo : Официальный сайт Кайрата Нуртаса Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайрат Нұртас алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін Қазалыда сахнаға шығып, ел алдында ән шырқады.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас  Қызылорда облысы Қазалы қаласында өтетін концертіне бара жатып, жол апатына ұшырады, алайда алған жарақатына қарамастан сахнада өнер көрсетті деп хабарлады әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

"Бәрі жақсы. Аздап аяғын жарақаттап алды, бірақ, құдайға шүкір, сынықтан аман. Аздаған жарақатына қарамастан, көрермендерге сыр білдірмей Қазалы қаласында сахнаға шықты", — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Ол ұлының тыңдармандарына игі тілектері үшін алғысын айтты. 

 

 

 

Жаңалықтар
0