Мәдениет

Би-би-сиге Үндістанда жолбарыстар туралы фильм түсіруге тыйым салынды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖолбарыс
Жолбарыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Би-би-сидің мүйізтұмсықтар бар саябақта браконьерлермен күрес туралы түсірген фильмі Үндістан билігінің ойынан шықпады

АСТАНА, 28 ақп — Sputnik. Британдық Би-би-си телерадиокомпаниясына Үндістан қорықтарында жолбарыстарды түсіруге тыйым салында, тиісті шешімді жолбарыстарды қорғау жөніндегі ұлттық басқарма (NTCA) шығарды, деп хабарлайды РИА Новости Daily News and Analysis газетіне сілтеме жасай отырып. 

Мұндай шешімнің қабылдануын ведомство телерадиокомпанияның "Казиранга: мүйізтұмсықтарды қорғау үшін адамдарға оқ ататын саябақ" деректі фильмін түсіру кезінде "сенімді пайдаланып кеткенімен" түсіндіріп отыр. NTCA Би-би-сидің теріс сценарий ұсынғанын алға тартып отыр. 

Өз кезегінде, фильмнің авторлары БИ-би-сидің түсірілім кезінде ешкімді жаңылдыру ниеті болмағанын, сонымен қатар кез келген уақытта саябақтың стратегиясы "өлтіру мақсатымен ату" екенін көрсетуге тырыспағанын мәлім етті. Алайда ведомство Би-би-си қызметкерлеріне Үндістанда бес жыл жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды. 


Жаңалықтар
0