Мәдениет

Димаш Құдайберген Францияға не үшін барды

Жазылу
Димаш Құдайберген өнерсүйер қауымға үлкен сый дайындап жатқан секілді

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Димаш Құдайберген инстаграмдағы парақшасында жуырда Парижге барып келгенін жазған. Бірақ ол Францияға не үшін барғанын әзірге құпия сақтап отыр. 

"Париждегі уақытым тез өтіп кетті. Көп кездесулер мен істердің басын қайырдық! Келесі кездескенше, Франция!.. Раxмет!" – деп жазған Димаш. 

© Photo : Димаш Құдайбергеновтың Instagram парақшасынанДимаш Құдайбергенов Францияда
Димаш Құдайбергенов Францияда - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайбергенов Францияда
Әншінің досы әрі продюсері Алпамыс Шәрімов те инстаграмдағы парақшасында Парижде түскен бірнеше суретін жариялаған. Ол Францияға қандай мақсатпен барғандарын ашып айтпағанымен, жақында жақсы жаңалықтар көп болатынын айтып қалды. 

"Айтпақшы, біз Францияда не істеп жүрміз? Сәл шыдаңыздар, жақын арада бәрін де білетін боласыздар! Жаңа жылда жақсы жаңалықтар көп болсын!" – дейді ол.

Алпамыстың, әсіресе, американың танымал әншісі Лаура Перголиццы мен көптеген әлемдік хиттердің авторы Флабиенмен түскен суреттері  ерекше қызығушылық тудырады.  Димаш екеуінің олармен бекер кездеспегені анық. Жуық арада жаңа ән шығатын секілді. 

"Танисыздар ма? LP – Лаура Перголиццы – американың танымал әншісі. Рианна мен Кристина Агилера, Шер, Backstreet Boys-тердің 90% әндерінің авторлары. Жанды дауыста әлемнің танымал ареналарында көпшілік жинаған музыкалық тұлға".

"Селен Дионның “Ma faille”, Лара Фабианның “Love by grace” әндерін тыңдап көрсеңіздер, бұл жігіт сол әндердің авторы. Флабиен көптеген әлемдік xиттердің авторы. Көптен әлеуметтік желімен жақсы араласатын досыммен бүгін көрістік. Жақсы кездесу болды", – деп жазады Алпамыс Шәрімов. 

Айта кетсек, Димаштың Қытайда өтіп жатқан байқаудағы жеңістерінен кейін қазақ әншісі туралы Франция елінде де айта бастады. Жақында француздық телеарналардың бірі Димаш туралы арнайы репортаж жасаған еді. Ал француз тілінде ән шырқайтын Лара Фабиан Димашты "I am a singer" телешоуының алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтап, кездесуге ниет танытқан болатын. 

Жаңалықтар
0