Мәдениет

Әлия Назарбаева жүлде алды

© Photo : пресс-служба АО "Казахфильм" им. Ш.АймановаӘлия Назарбаева
Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің кіші қызы "Кинодағы еуразиялық әйел" марапатын алды

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Қазақстан президентінің қызы, қазақстандық продюсер Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды. 

Галактика сақшылары. 2 бөлім фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тағы бір голливудтық фильм қазақша сөйледі

Фестиваль сайтында хабарланғандай, Әлия Назарбаева "Анаға апарар жол" фильмі үшін "Кинодағы еуразиялық әйел" марапатын алды. Бұған қоса, осы фильм "Үздік көркем фильм" жүлдесіне ие болды. Ал басты рөлдердің бірін ойнаған Алтынай Нөгербек үздік актриса атанды.

"Қаратас ауылындағы оба" фильмін түсіруге аталысқан Серік Әбішев пен Ольга Хлащева үздік продюсерлер атағын иеленді. 

Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалі заманауи еуразиялық киноны паш етуге арналған. 

Айта кетейік, Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі өткен жылы жарыққа шықты. Әлия Назарбаева — кинотуындының бас продюсері. 


Жаңалықтар
0