Мәдениет

Төреғали қазақ елі атынан түрік әншісіне домбыра тарту етті

© Photo : официальный аккаунт в соцсетиТөреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті
Төреғали түрік әншісіне қазақ елі атынан домбыра тарту етті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төреғали түрік әншісімен бірге "Алло" әнін орындады

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Төреғали Төреәлі түрік әншісі Фулинге қазақ елі атынан домбыра тарту етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Silk Way Star" байқауында Түркиядан келген әнші Фулин Төреғали Төреәлімен белгілі "Алло" әнін орындады. Әнді шырқап болғаннан кейін Төреғали түркі әншісіне қазақтың домбырасын сыйға тартты. 

"Түбіміз түрік қой. Құрманғазы, Динадан қалған, ата-бабамыздан мұра болған қазақтың қара домбырасын сыйға тарту етуге рұқсат етіңздер", — деді Төреғали. 

Айта кетсек, Silk Way Star халықаралық телевизиялық шоуына 9 елдің өкілдері қатысады. Алматыда өтіп жатқан шоу 12 кезеңнен тұрады, жоба үш ай көлемінде өтеді деп жоспарланған. Түсірілімге Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Башқұртстан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен әншілер бақ сынап жатыр. 

Жаңалықтар
0