Мәдениет

Париж тұрғындары қазақ әртістерінің өнеріне тәнті болды

© Photo : ҚР МСМ баспасөз қызметіПарижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады
Парижде Astana Musical театрының әртістері Қыз Жібек қойылымын сахналады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында театр әртістері Еуропада гастрольдік сапармен жүр

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik.  Франция астанасы Парижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

"Қыз Жібек" қойылымы Париждің "Le Trianon" театрында сахналанды. "Astana Musical" театры әртістерінің өнеріне риза болған париждік көрермендер ерекше қошамет көрсетіп, ду қол шапалақтады.

© Photo : ҚР МСМ баспасөз қызметіПарижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады
Парижде Astana Musical театрының әртістері Қыз Жібек қойылымын сахналады - Sputnik Қазақстан
Парижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен гастрольдік сапар басталды. Еуропаның бес елінде өтетін еуротур Парижден бастау алды. 

Еуропадағы бұл шетелдік тур – "Astana Musical" жас театрының тарихындағы жаңа белес. Қазақстан құрамасының экскурсиялары Еуропаның Берлин (Германия), Париж (Франция), Вена (Австрия), Брюссель (Бельгия), Мәскеу (Ресей) қалаларында өтеді. 

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік", – дейді "Astana Musical" театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.

Жас қазақ театры Париж тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл "Қыз Жібек" қойылымын сыйлады. Көрермендердің айтуынша, қойылым қазақ мәдениетін айрықша ерекшеліктерімен айшықтайды.

© Photo : ҚР МСМ баспасөз қызметіПарижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады
Парижде Astana Musical театрының әртістері Қыз Жібек қойылымын сахналады - Sputnik Қазақстан
Парижде "Astana Musical" театрының әртістері "Қыз Жібек" қойылымын сахналады

"Қыз Жібек" – қазақ фольклорының інжу-маржаны, әлемдік әдебиеттің кез-келген жұмысынан кем түспейтін керемет туынды. Сүйіспеншіліктің әнұраны болып табылатын туынды – халықтың поэзиялық мұрасының барлық салтанатты ұлылығын сіңірген. 

Танымал қазақ әуендері мен әндерінің музыкалық дәйектемелерінен басқа, көрермендер халықтың бай мәдениетін – бата беру, жоқтау, айтыс сынды дәстүрлерін көрді.

Астана Опера театры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхтар Әуезовтің “Қарагөз" спектаклі алғаш рет неміс тілінде Еуропада сахналанады

"Тіл кедергілеріне қарамастан, маған өте қатты ұнады. Мен ешқашан мұндай атмосферада болып көрмеппін. Мәдениеттеріңіз ғана емес, тарихтарыңызды да сезіне алдым. Спектакль ғажап. Бәрі де өте шебер және терең ойластырылған. Драматургия да, киімдер де ұнады", – дейді франциялық театртанушы, режиссер Давид Чавлис Ассатиани.

"Асқан сезімтал ұлттық колорит назарды баурап алады, қазақ мәдениетіне айрықша  әсер беріп тұрған – өзіндік ішкі дүниесімен және айқындығымен тартады. Керемет қойылым. Әртістер мен бишілердің орындауы соншалықты ғажап, айналаны түгел баурап, көңіл түкпіріне шейін жаулап алды", – дейді  театр сыншысы, өнертану докторы Мари-Кристин Сирижол. 

Еске салайық, "Astana Musical" театры 2016 жылдың маусым айында Астанада ҚР мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде ашылды.

Жаңалықтар
0