Мәдениет

"Әміре" фильмінің трейлері жарияланды

Санжар Мәдиев Әміренің рөлінде
Санжар Мәдиев Әміренің рөлінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы "Әміре" фильмінің трейлерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Киностудияның баспасөз қызметі хабарлағандай, мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген "Әміре" фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының түсіру тобы картинаның трейлерін жарыққа шығарды.

Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.

Халықаралық түсірілім тобының құрамында америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған.

Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдері арқылы танылған австралиялық және америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен. 

Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильмнің түсірілімі аяқталды - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанда Балуан Шолақ туралы фильм түсірілді

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. 

Фильм, сондай-ақ, дарынды әнші Әміре Қашаубаевтың джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен достығы туралы сыр шертеді. 
"Әміре" фильмі Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына шыққалы отыр. 

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы "Балқадиша", "Үш дос", "Дударай", "Бес қарагер" және т.б. әндері орындалады. 
Картина Латвия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді. Әміре Қашаубаевтың есімін кең насихаттау мақсатында былтыр "Әміре Парижде" атты кітап жарық көрген болатын.
Жаңалықтар
0