АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Алматы қаласының кішкентай тұрғыны Лиэль Махпирова Мәскеуге барып, Максим Галкиннің "Лучше всех!" бағдарламасына қатысты.
Алты жасар қыз бағдарлама барысында күрделі гимнастикалық трюктерді көрсетіп, Первый канал көрермендерін тәнті етті.
Максим Галкин атап өткендей, бұрын Лиэльдің әпкесі де шоуға қатысқан болатын.
Өнерлі қызға бағдарлама ұйымдастырушылары медаль мен тәттілерге толы жолдорба, гүл сыйлады.