Мәдениет

Димаш Құдайберген Астанада Елбасы қатысқан концертте ән айтты

© Photo : Instagram Christy ChanДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш қарындасы Раушанмен бірге ағылшын тілінде ән шырқады

АСТАНА, 28 сәуір  — Sputnik. Димаш Құдайберген Астанада Ассамблеясының XXVI сессиясынан кейін өткен концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген шетелдік жұлдыздармен бірге концерт өткізеді

Қазақстан Ассамблеясының XXVI сессиясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтті. Жиын соңы концертке ұласты. Концертте Димаш Құдайберген қарындасы Раушанмен бірге "All by myself" әнін орындады. 

"Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, қадірлі өнерсүйер қауым! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету Раушан екеуімізге үлкен бақыт, үлкен мәртебе. Қауышып отырғаныма өте қуаныштымын. Қазіргі таңда еліміз әлемде ерекше даңқ, құрметке ие. Осы орайда Раушан екеуіміз кішігірім өнерімізбен сіздерге осы үшін мың мәрте алғыс айтқымыз келеді. Туымыз әрқашан биік тұғырдан көрінсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", — деді Димаш өнер көрсетіп болған соң. 

Жиналған қауым Димашқа зор қошемет көрсетті.

Жаңалықтар
0