Мәдениет

Роза Рымбаеваны үкіметтік концерттерге кім шақырмай жүр?

© Минобороны КазахстанаРоза Рымбаева
Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Роза Рымбаева соңғы жылдары неге үкіметтік концерттерден көрінбей жүргенін түсіндірді

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Белгілі әнші Роза Рымбаева соңғы бес жылда үкіметтік концерттерге шақырылмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Роза Рымбаевадан Астананың 20 жылдығы мерейтойына арналған концерттік бағдарламалардан неге көрінбей жүргенін сұрады. 

"Кейінгі бес жылда мен мәдениет министрлігінің, президенттік аппараттың бірде-бір концертінде жоқпын. Мені шақырады, кейін қоңырау соғып, сізді бағдарламадан алып тастадық деп айтады. Осы жолы да тура солай  болды. "А+" компаниясы Нағима Есқалиева екеумізді әуелі бағдарламаға қосып, ертесіне хабарласып, алып тастадық деді. Не үшін, не себептен  екенін айтпайды", — дейді әнші.  

Рымбаева мерекелік бағдарламаларға неге шақырылмай жүргенін ұйымдастырушылардың өзінен сұрауды ұсынды.

Қыдырәлі мен Қарақат Астанада коттеджді тартып алды деп айыпталып жатыр>>

"Астананың бірде-бір мерекелік бағдарламасында жоқпын. Оның себебін солардан (ұйымдастырушылардан – Sputnik) сұраңыздар. Әндерім дайын, шығармашығылым сол баяғы қалпында. Мен тек қана жанды дауыспен, тек қана оркестрмен ән айтатын әншімін. Сондықтан менің деңгейіммен ұялмай шығуға болады. Кез келген бағдарламаға әніммен үлесімді қоспасам, бұздым деп айта алмаймын. Мен хит әнші емеспін, той әншісі емеспін. Қазақстанды шетелге таныстыру керек болса, мен әрқашан дайынмын", — деді Роза Рымбаева.

Төреғали Төреәлі"Мен емес, елім кешірмейді" Төреғали Алтынбек Қоразбаевтың көңілін қалдырды>>

Айгүл Иманбаева Димаш туралы не ойлайтынын айтты>>

Жаңалықтар
0