Мәдениет

"Азия MIX" КВН командасы эфирге шықпаған видеоны жариялады

© Photo : Facebook/KVN UZ"Азия MIX"
Азия MIX - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Азия MIX" құрамындағы әзілкештер Қырғызстанның жапан даласында қалай аман қалуға болатынын көрсетті

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. 2016 жылғы КВН Жоғарғы лигасының жеңімпазы — "Азия MIX" қырғыз командасы әзілге толы видеосымен бөлісті.

Роликтің астында жазылғандай, видео 2016 жылы КВН Жоғарғы лигасының эфирінде көрсетілмепті. Төрт минуттық видеоның авторлары әзіл түрінде Қырғызстанның жапан даласында аман қалу жолдарын түсіндірген.

"Азия MIX" 2016 жылы КВН Жоғарғы лигасының финалында жеңіске жетті. Сол жылы ақтық сында қазақстандық "Спарта", ресейлік "Сборная Мурманска", "Сборная Большого московского государственного цирка" және "Радио Свобода" командалары өнер көрсеткен болатын.

Жаңалықтар
0