Мәдениет

Ерке Есмахан "Қайданы" 9-сынып оқушысынан қалай алды?

© Photo : GAKKU TVЕрке Есмахан
Ерке Есмахан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ютубтен 35 миллион адам тамашалаған әнді шығысқазақстандық оқушы жазған

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Белгілі әнші Ерке Есмаханның орындауындағы "Қайда?" әні жастардың арасында хитке айналды. Алайда, көпшілігіміз осы әннің авторы үржарлық Диана Исмаилова екенін біле бермейміз. 

Микрофон - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Биылғы жылғы хит әндердің бірі ұрланған болып шықты

Алтайньюс порталының хабарлауынша, бүгінгі күні Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтап отырған "Негры" эстрадалық тобының әншісі, жас композитор Диана Исмаилова "Қайда?" әнін сөзімен қоса  9-сынып оқып жүген кезінде Үржарда жазған. Кейін мектепті тәмамдап, Алматыға келген соң ол туындысын қайыра қолға алып, аранжировкасын жасай бастаған. Осы кезде аталмыш ән  әлдекімдер арқылы Ерке Есмаханның құлағына жетеді.  Ерке Есмахан репертуарына алып орындағысы келетінін айтып Дианаға хабарласыпты.

Диана екі-үш күн ойланып, қинала-қинала рұқсатын берген.

"Әннің кейбір шумақтарын ақын Қайнар Алагөзов жазып, тағы бірнеше қала аттарын қосты. Мен оған аса ренжи қоймадым. Өйткені, әннің барлық авторлық құқығы менде сақталған",-дейді ол.

Өзбектер ютубтен 35 миллион адам көрген Ерке Есмаханның бейнебаянын білмейтін болып шықты   

Ән эфирге кетіп, шырқала бастағаннан соң бір айдан кейін қырғыздар хабарласыпты. Қазір қырғыз әншісі Гүлназ Чыныбек қызы әнді өз тіліне аудартып, қырғызша айтып жүр. Ол жақта да жастардың сүйіп айтатын әніне айналған. Үржарлық Диана алдағы өмірін тек өнермен байланыстырып отыр.


Жаңалықтар
0