Төреғали Төреәлі

"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті

5633
(Жаңартылды 11:00 05.09.2018)
Әзілкеш Павлодар халқының Төреғали Төреәліден кешірім сұрағанын жеткізді

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Белгілі әзілкеш әнші Төреғали Төреәлімен әзілдесіп, павлодарлық қариямен арада болған жайсыз жағдайды еске салды. 

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жұлдызбен осылайша әзілдесіп, залда қорықпай ән сала беруіне болатынын айтып жұртты күлкіге қарық қылды. 

"Бәріміз де сағындық сені. Шыны керек, сені Павлодардағы концерттен кейін көріп тұрғанымыз осы. Қысылмай айта бер, мен залдың бәрін қарап шықтым. Мұнда ешқандай шал жоқ. Кілең әжелер, жігіттер мен ұл-қыздар. Төреғали  қазақтың еркесі. Әндері де керемет. Бірде Павлодарға концертке біз де барғанбыз. Өзіміздің басымыздан өткен қызықты айтып берейін. Концерт беріп жатқан жерімізге жаңағы шал да келген екен",  деді Тұрсынбек Қабатов. 

Әрі қарай ол қарияның неліктен мұндай әрекетке барғанын түсіндірді. Айтуынша, бір кездері ол өздерінің де мазасын алған. 

"Әншілердің концертіне келіп шу шығару өзінің стилі екен. Жасыратын ештеңесі жоқ. Әлгі кісі ащы суын алып, балконда отырады. Сахнада тұрғанымда "Ананы айт, мынаны айт" деп айғайлады. "Аға, ретімен келе жатырмыз, айтамыз ғой" дедім де қойдым. Әбден берекемізді алды. Содан сенің мақалыңды айтпағанмен, соған жақындаттық. Бір кезде үлкен кісілер дауыс көтеріп, өзін залдан шығарып жіберді. Халық "Төреғали Павлодар халқына ренжімесін. Бес саусақ бірдей емес" деп айтты. Осы жағдайдан кейін Төреғалиді жақсы көріп кеттім. Сондықтан Төреғалидің ешқандай айыбы жоқ, дұрыс істедің",  деп әзілкеш халықтың әншіден әлі күнге дейін кешірім сұрап жатқанын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы жайсыз оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрап, қателігін мойындаған еді. 

5633
Кілт сөздер:
кешірім сұрады, айып, концерт, қария, халық, әнші, Төреғали Төреәлі, Павлодар
Тақырып бойынша
Тұрсынбек Қабатов туралы не білеміз?
Төреғали Төрәлінің әні астаналық әйелдердің толғағын жеңілдетеді
"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді?
"Мен емес, елім кешірмейді" Төреғали Алтынбек Қоразбаевтың көңілін қалдырды
Есіңді жи, Төреғали: продюсер Жан Мұқанов әншімен арадағы кикілжіңді жайып салды
"Кем-кетігім болса, еркелігім деп қабылдарсыздар". Төреғали халықтан кешірім сұрады
Ты кто такой? Төреғали Төреәлінің концертінен тағы бір видео жарияланды
Отандық радио Төреғали Төреәлінің әндерін эфирден алып тастады
Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

49
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

49
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
Абай өзбек, Науаи қазақ тілінде жарық көрді

Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді

47
(Жаңартылды 17:51 03.11.2020)
Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алған. Сондықтан екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар, деп атап өтті Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның өзбек тіліне аударылған шығармалары мен шығыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген "Хамса" атты кітабы көпшілікке таныстырылды.

"Хамса" – Әлішер Науаидің әйгілі бес дастаннан тұратын еңбегі. Қазақ тілінде жарық көрген кітапқа "Ләйлі-Мәжін" және "Ескендір қорғаны" атты екі дастан енген. Бұл шығармаларды көне өзбек тілінен қазақтың белгілі ақыны Несіпбек Айтұлы аударды.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл күннің қазақ және өзбек әдебиеті үшін, сондай-ақ, тұтас түркі жұрты үшін маңызы зор екенін айтты.

"Абай қазақтың ғана ақыны емес. Ол – барша адамзатқа ортақ ғұлама. Ақынның ой-толғамдары мен өсиеті барша түркі жұртына арналған десек те, артық бола қоймас. Қазіргідей сын-қатерлер заманында біз осындай ортақ құндылықтарымызды кеңінен дәріптеуіміз керек. Әсіресе, жас буынға жан-жақты насихаттасақ, түркі дүниесінің бірлігін нығайтуға қосылған үлкен үлес болар еді", – деді сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол Абай мен Науаи мұраларының рухани сабақтастығына назар аударды.

"Шығыс шайырларының дара тұлғасы, ежелгі түркі әдебиетінің атасы Әлішер Науаидің еңбегін қазақ тіліне аударуды маңызды оқиға деп қабылдаймыз. Бұл – қазақ әдебиетіне қосылған құнды үлес. Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алғанын бәріміз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан келгенде, екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар", – деген Мәулен Әшімбаев Науаи поэзиясының маңызы мен әлемдік әдебиеттегі орны туралы да сөз қозғады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды 

Салтанатты рәсім кезінде Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов және ақын Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, мұндай шаралар түркі әлемінің ынтымағын нығайта түсетінін айтты, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Аталған игілікті іске Халықаралық Түркі Академиясы ұйытқы болды.  

47
Тақырып бойынша
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Петропавл түрмесінде Абайдың алып суреті салынды – фото
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Абайдың мерейтойы кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа​ жол берген жоқпыз – Тоқаев
Сенатор ұлттық құндылықтар эфирде насихатталмай жатқанына күйінді
Маска таққан қыздар

Қазақстанда 27 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 18:48 26.11.2020)
Sputnik Қазақстан 27 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Азап вагондарында" видеоэкскурсиясы (трансляция Сәкен Сейфуллин музейінің Instagram парақшасында жасалады)

11.00 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XVI съезі, алдағы Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына байланысты мәселелер талқыланады (Park Inn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы 8а. Аккредитация +7 701 190 00 18, +7 707 716 11 92 телефондары арқылы жасалады)

11.15 - Орталық коммуникациялар қызметі базасында "Junior Eurovision-2020 ("Балалар Евровидениесі") конкурсының финалы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: "Хабар" агенттігі " АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин,"Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, Қазақстанның "Балалар Евровидениесі конкурсындағы өкілі Қарақат Башанова, Қ.Башанова әнінің авторы Хамит Шанғалиев. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.   

12.30 – "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

16.00 – "Бозайғыр" қобызшылар квинтетінің онлайн-концерті (трансляция Қазақстанның Мемлекеттік филармониясының Instagram парақшасында жасалады)

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавируспен күрес шаралары туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

9 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры орыс және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0