Мәдениет

Рымбаева бетіне жасалған пластикалық ота туралы айтты

© Sputnik / Виктор ТолочкоРоза Рымбаева
Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші өткен жылы 60 жылдық мерейтойын атап өтті

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Танымал әнші Роза Рымбаева алғаш рет бетіне жасалған пластикалық оталар туралы айтты. Десе де, ол мұны көп ұната бермейтінін жасырмады, деп хабарлады Sputnik "Собеседник" сайтына сілтеме жасап.

Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін

Өткен жылы Роза Рымбаева 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Әншінің өз жасынан жиырма жылға жас көрінетіні сөзсіз. Десе де, Рымбаеваның өзі бетіне пластикалық оталар жасатқанын жасырмайды.

"Менің жасымда бетке күтім жасап, әжімдердің көбейіп кетпеуін қадағалау қажет. Оның үстіне жастық шағының өтіп бара жатқанына қарамастан, актриса әрдайым өзгелерді өзіне қызықтыра білуі тиіс. Әрине, менің гендерім жақсы. Бірақ қазір пластикалық хирургияның мүмкіндіктері мол! Мен мұны аса қатты сүймесем де, оның көмегіне жүгінбеске амал жоқ екенін жақсы түсінемін. Пластикалық отаны ізі байқалмайтындай етіп жасау керек", — дейді әнші.

Жаңалықтар
0