Димаш Кудайбергенов

"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді

4804
(Жаңартылды 15:33 19.09.2018)
Жұлдыз махаббат сезімін қалай түсінетінін айтты

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Махаббаттың көкжиегін көзбен көру жеткіліксіз. Оны сезініп, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осылай деп пікір білдірді Димаш Құдайберген шетелдік арналарға берген сұхбатының бірінде. Сондай-ақ, әнші жуырда түсірілген кішігірім туындыға қатысты да пікір білдірді.

Жуырда Қытай режиссерлері Димаш Құдайберген туралы кішігірім фильм-бейнебаян түсірді. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде осы бейнебаянға қатысты әншінің айтқан пікірін де ұсынды. Аталған видеода Димаш Құдайберген бұл бейнебаянды түсіруіне не түрткі болғанын түсіндіреді.

"Махаббаттан өзге қандай тақырыпты көтерген дұрыс деп ойлайсыз?! Ең ерекше сезім махаббат қой. Бұл махаббатты аңсап жүргендерге, оны сезініп үлгергендерге де, махаббатын тапқан және махаббатынан айырылған жандарға да әсер етеді. Бір-бірлеріңізбен бақытты өмір сүрсін деген ниетпен осындай кішігірім көріністі дайындаған жайымыз бар", — деді ол.

Әрі қарай қазақстандық жұлдыз махаббат сезімін қалай түсінетінін сипаттап берді.

"Махаббат деген — әлемдегі ең ұлы сезім. Оның шегін ешбір адам сезініп көрмеген шығар деп ойлаймын. Өйткені, оның көкжиегін көзбен көру жеткіліксіз. Оны сезіну, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осы ұлы сезім әрқайсыңыздың жүрегіңізде ұяласын деген ниетім бар. Өмірлеріңіз сыйластыққа, махаббатқа, жылулыққа толы болсын", — деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетсек, осы кішігірім туындыдан кейін жанкүйерлері әншіні қытайлық арудан қызғанып қалған еді. Тіпті, Димаш шетелдік қызға ғашық болып, сол жаққа кетіп қалуы мүмкін деп болжады.

 

4804
Кілт сөздер:
сезім, махаббат, бейнебаян, режиссер, фильм, әнші, Димаш Құдайберген
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (123)
Тақырып бойынша
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты
Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Құдайберген Теннің отбасына көңіл айтты
Димаш Құдайберген Ресейдің танымал әншісін қалай гүлсіз қалдырды?
Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Димаш Құдайберген жанды дауыспен ән айтпайтын "жұлдыздарды" ұялтты
Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео
Димаш Құдайберген

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында ән шырқады видео

91
(Жаңартылды 14:02 18.01.2021)
Димаш –  АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған салтанатты шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған шарада өнер көрсетті. Әнші қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.

Салтанатты шараны Халықаралық бауырлас қалалар қауымдастығы (Sister Cities International немесе SCI) ұйымдастырды. Мерекелік шара коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өтті.

Спикерлер мен қонақтар арасында губернатор Билл Аноабутти, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессвумен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз жаяу әскері оркестрі және тағы басқалары болды.

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс екені хабарланып отыр.

"Баршаңызға тек жақсылық тілеймін! Әлемде бейбітшілік және тыныштық болсын!", - деді әнші.

SCI бас директоры Лерой Аллала қазақстандық жұлдыздың шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілдерін біріктіретінін атап өтті.

20 қаңтарда SCI ресми сайтында Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткен сәті көрсетіледі.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалағанын хабарлады.

91
Кілт сөздер:
видео, АҚШ президенті, әнші, Димаш Құдайберген
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті қалай өтті

61
"DIMASH DIGITAL SHOW" әлемдік пандемия басталғаннан бері әншінің алғашқы жаһандық концерті болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалады.

TIXR америкалық стримингтік платформада ұйымдастырылған онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарға концертті үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды dimashnews.com.

Стримингтік платформа өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік әншінің концертіне билет сату осындай жоғары көрсеткішке жеткен.

В ходе шоу Димаш Кудайберген спел на шести языках
© Photo : Dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті

Порталдың хабарлауынша, концерттің онлайн-чаты бір секундқа да саябырсыған жоқ, барлық жанкүйер сүйікті әртісін қайта көргеніне өте қуанды. Шоу барысында Димаш Құдайберген 6 тілде ән шырқады: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілі. Сондай-ақ, ол жаңа әндер ұсынды, оның ішінде әнші өзі жазған композициялар бар.

"Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет айтамын. Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесем де, қолдауды сезіндім. Сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіздер. Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!", - деді әнші концерттен кейін.

Онлайн-концерт Димаша Кудайбергена посмотрели поклонники в ста странах мира
© Photo : Dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті

Еске сала кетейік, Димаштың онлайн-концертін 16-23 қаңтар аралығында көруге мүмкіндік бар. Концерттің дайындық жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған билет сатылымы шоу аяқталғаннан кейін қайта басталды.

61
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Ядролық реактор

Атом энергетикасының жаңа бағыттары дамиды

0
Америкалықтар атом энергетикасының әскери бағытын дамытуға бел буды. Қазіргі президент Дональд Трамп қарулы күштер мен ғарышты игеру үшін төмен қуатты ядролық реакторлар әзірлеу туралы жарлыққа қол қойды

Қосымша қуат көзі ме

Елу жылдан бері алғаш рет АҚШ атом энергиясын әскери-теңіз күштерінен тыс қолданбақ. АҚШ Қарулы күштерінде атомдық реакторлар сүңгуір қайықтар мен әуе тасымалдағыштарда қолданылады. Осының арқасында америкалық флоттың ең үлкен кемелері теңізде шектеусіз уақыт бойы бола алады.

Өзге елдердің әскери-теңіз күштері де ядролық энергияны пайдаланады. Мысалы, француздардың "Шарль де Голль" әуе тасымалдағышы мен Ресейдің "Петр Великий" ауыр зымыран крейсері атомдық тартылыс күшінің арқасында жұмыс істеп тұр. Алайда, АҚШ-та атоммен жүретін кемелер бұдан да көп. Америкалықтар мұнымен тоқтап қалмақ емес.

"Президент Трамптың тапсырмасы бойынша қорғаныс министрлігі елдегі әскери алаңда шағын атомдық реакторлардың шығындары есебінен олардың энергетикалық икемділігі мен экономикалық тиімділігін көрсету жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ қуаттылығы шағын мобильдік реакторды сынақтан өткізеді. Мұндай қуат көздері күн энергиясын қолдану мүмкін емес қиыр ғарышты зерттеуде және қорғаныс саласында таптырмас құрал екені анық", - деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Билік шағын ядролық реакторлар нақты не үшін қажет болғанын айтпай отыр. Defensenews.com порталының сарапшылары мұнда мәселе армия базаларындағы резервтік қуат көздері туралы болып отыр деп санайды. Егер, әскери нысанда электр қуаты өшіп қалса, реактор маңыздылығы өте жоғары жабдықты қуатпен қамтамасыз етеді.

Жарлықтың мәтініне сәйкес, алғашқы прототиптің сынақтары жарты жыл ішінде басталуы керек. Сарапшылар бұл сынақ АҚШ-тағы ең ірі полигонның бірі - Невада полигонында өтеді деп болжап отыр. 

Ғарышты бағындыру 

"Secure World Foundation" коммерциялық емес ұйымының ғарыш қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшысы Брайан Уиден Айға, Марсқа және басқа планеталарға бағытталған ұзақ мерзімді рейстер ядролық энергиясыз ұша алмайтынын еске салды. Болашақта ракторлар Жерден тыс алғашқы колониялар үшін қажет болады.

Кейбір сарапшылар жаңа технологияларды орбиталық қару-жарақ платформаларында қолдануға да болады деп санайды. Негізінде, бұл сценарий ғарышты әлеуетті ұрыс алаңы деп санайтын АҚШ-тың ғарыш күштерінің агрессивті доктринасына сәйкес келеді.

Әскери кемелер, архивтегі сурет
© Photo : Официальный сайт Минобороны РК

"Менің ойымша, бұл америкалықтарға бірінші кезекте ғарыштағы әрекеттер үшін қажет», - деді "Арсенал Отечества" журналының бас редакторы Виктор Мураховский. – Бізде "атомдық реактор" деген сөз тіркесі әртүрлі заттарды білдіреді. Біріншіден, бәсеңдеткіш серіппелері мен қуат реттеуіші бар уранды бөлудің тізбекті реакциясы негізінде жұмыс істейтін құрылғы. Ресейде мұндай құрылғылар "Буревестник" пен "Посейдон" бұйымдары үшін әзірленіп қойған. Екіншіден, жер серіктерінде және метеостанцияларда қолданылатын изотоптық ядролық энергия көздері. Олардың тиімділігі әлдеқайда аз болғанымен зияны аса үлкен емес". 

Сарапшы 1950-1960 жылдары АҚШ та, КСРО да ұшақтарға арналған шағын ядролық реактор жасауға тырысқанын еске түсірді. Алайда, бұл жобалардан бас тартты. Себебі, тіпті ең үлкен ұшақтың өзі экипажды биологиялық қорғау жүйесін тарта алмады. Сондықтан реакторларды пайдалану аясы тек үлкен кемелермен шектелді.

Мураховскийдің айтуынша, осы уақытқа дейін әлемдегі бірде-бір ел ұшқыш басқаратын ұшақтарда, шағын кемелерде немесе жерүсті көлік құралдарында қолдануға болатын бөліну реакциясындағы шағын реакторын жасай алмады. Сонымен бірге, сарапшы америкалықтардың ресейлік "Буревестник" пен "Посейдонды" қайталағысы келетініне күмәнданатынын айтты.

"Бұл жүйелер ерекше, - деп түсіндірді ол. – Олар жау ядролық соғыс бастаған кез-келген жағдайда кепілдендірілген жауапты соққы жасау үшін және батыстағылардың зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің көзін жою үшін әзірлденді. Америкалықтарға бұл мақсатты орындауға жарамды қару-жарақ жетерлік". 

Радиация проблемасы 

Ядролық күш қондырғысы бір кездері 1949-1959 жылдар аралығында АҚШ әскери-әуе күштерінде қызмет еткен Convair В-36 құрлықаралық стратегиялық бомбалаушылары үшін жасалған болатын. NB-36H ұшатын зертхананың тұмсық бөлігінде 12 тонналық қорғаныс капсуласы орнатылды. Ал, қуаты бір мегаватт, диаметрі 1,2 метр және салмағы 16 тонна болатын жылдам нейтрондар негізіндегі реакторды бомбалар бөлігіне орналастырды. Ол ұшу кезінде іске қослып, әуе кемесінің бортына ауа тартқыштар арқылы кіретін атмосфералық ауамен салқындатылуы керек болатын. Экспериментті ұшақ 47 ұшуды орындады, бірақ ядролық қозғалтқыш қысқа уақытқа ғана қосылды.

Шыны керек, бұл идея өте тартымды көрінді. Мұндай ұшу аппаратын бірнеше күн бойы жанармай құюды қажет етпей, әуедегі әскери кезекшілікті орындай алатын стратегиялық бомбалаушы немесе барлаушы ұшақ ретінде пайдалануға болады. Алайда проблемалар тым көп болды.

Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан

Біріншіден, кез-келген ұшақ өз еліне құлап кетуі ықтимал "үрейлі "бомба болып табылады. Екіншіден, эксперименталдық борттың соңында радиоактивті заттар "еріп жүрді". Оның үстіне, экипаж бәрібір үлкен сәулеленуге ұшырапды. Ядролық қарудың жалғыз тасымалдағышы ретінде құрлықаралық баллистикалқ зымырандарды дамыту атомды ұшақтардың күрделі әрі қауіпті бағдарламасын келешектен айырды. 

Жиырма бес тонналық Chrysler TV-8 танкісі ешқашан жаппай шығарылған емес. Ол штатты жүйелердің белгілі бір бөлігімен ғана жабдықталған толық көлемді макет түрінде болған. Машинаны атомдық реактор әсерінен жылумен жабдықтайтын бу қозғалтқышы іске қосуы керек болды.

Алайда, америкалық әскерилер Chrysler корпорациясының бұл инновациялық жаңашылдығын бағаламады. Танкті тым күрделі деп танып, оның жауынгерлік қабілеті мүмкіндіктері дәстүрлі түрде қолданылып келе жатқан машиналардан бас тарту үшін жеткіліксіз деп санады. 1956 жылдың 23 сәуірінде TV -8 жобасы жабылды.

 

0