Сәкен Майғазиев

"Қаным басыма шапты". Майғазиев өнердегі ағасына неге жұдырық жұмсағанын түсіндірді

35904
(Жаңартылды 16:47 19.09.2018)
Әнші тойлардың бірінде намысқа шыдамай өнердегі ағасына жұдырық ала жүгірген

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Танымал әнші өнердегі ағасына неліктен жұдырық ала жүгіргенін түсіндіріп, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне өтінішін жеткізді. Бұл туралы әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Сәкен Майғазиев өзі барған тойлардың бірінде "Ялла" тобының дыбыс режиссерімен неліктен жаға жыртысқанын түсіндірді. Айтуынша, ол Қазақстандағы белгілі топтардың біріне тіл тигізген. Осыдан кейін намысқа шыдамаған әнші ағасына жұдырық ала жүгірген.

"Ялла" тобындағы ағалардың арасында дыбысты ретке келтіретін режиссер бар. Ол кісінің мұндай адам екенін қайдан білейін?! Біздің "Досмұқасанмен" тең ансамбль көріп, жапа-тармағай жүгіріп барып амандастым. Мен үшін аты аңызға айналған топ еді. Бірде әлгі азамат тойды ұйымдастырушылардан "Біз қашан шығамыз?" деп сұрады.

"Қазір, "Досмұқасан" тобынан кейін шығасыздар" деп еді, "А, вот эти что ли?!" деп ән айтып тұрғандар жаққа қарады. Осы сәтте менің қаным басыма шауып, әлгінің жағасына жармастым. Бұған "Музарт" тобындағы жігіттер куә. "Сен кімсің "вот эти" деп сөйлейтін? Осындай деңгейге жеттің бе? "Досмұқасан" аңызға айналған топ. Неге олай айтасың?" деп айғайладым", — деді Сәкен Майғазиев.

Әрі қарай әнші Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінен осы елге аз да болсын құрмет көрсетуді сұрады. Себебі, бүгінде қазақтан қамқорлық көрмеген ұлт кемде-кем.

"Ең құрығанда, осы жерге келгеннен кейін елін де құрметтесе екен деген тілек бар. Қазақ халқының даралығын, даналығын, кемеңгерлігі мен қонақжайлылығын айтып мақтаса екен деймін. Мейлі шешен болсын, мейлі басқа ұлт өкілі болсын, қазақтан қамқорлық көрмей қалған халық жоқ", — деп қорытты сөзін әнші.

35904
Кілт сөздер:
ұлт, той, режиссер, өнер, әнші, Сәкен Майғазиев
Тақырып бойынша
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Димаш қытай қызымен сүйісіп, жанкүйерлерін қызғандырып қойды
Әнші Ғаділбек Жанай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды
"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті
Қазақстанға белгілі 4 әнші Халыққа қызмет көрсету орталығына "жұмысқа тұрды"
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкерлікке бет бұрды
Микрофон

Қазір иттің итақайы әнші болып жүр Рамазан Стамғазиев

1752
Рамазан Стамғазиев карантинге байланысты той-томалақ тоқтаса да, дәстүрлі әншілер студенттерге сабақ беріп, табыс тауып отырғанын айтты

Алматы, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз ретінде баланың көзіне қарап отырып білім бергенге ештеңе жетпейді дейді. Өзі мұғалім болып қызмет атқаратын Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы студенттерінің басым бөлігі онлайн білім алып жүр. Дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында онлайн білім беру мен дәстүрлі әншілердің табысы жайлы айтты. Сондай-ақ, эстрадада фонограммаға тыйым салуға қатысты пікір білдірді.

Қашықтан оқытудың қиындығы жайлы

Стамғазиев жұмыс істейтін Құрманғазы атындағы консерваторияның бірінші курс студенттері оқу ордасында білім алып жатыр. Ал қалған курстың студенттері қашықтан, түрлі платформаны пайдаланып оқып жүр.

"Былтыр онлайн оқу цифрлық Қазақстанның көпірік сөзбен ғана іс атқарғанын, жалпы бұл жағынан әлсіздігін көрсетті. Биыл оқу жылында 30-40 минуттың ішінде мың өшіп, мың қосылып, арасында Whatsapp-қа көшіп, оқытып жатырмыз. Бір жақсысы, дәстүрлі әншілердің барлығы оқулық жазған. Электронды нұсқасы студенттерге қолжетімді", - дейді дәстүрлі әнші.

Әңгіме барысында онлайн оқу мен дәстүрлі оқу форматының да айырмашылығын сұрадық. Айтуынша, баланың көзіне қарап сабақ бергенге ештеңе жетпейді.

Тағы оқыңыз: "Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты

"Айырмашылық көп. Баланың көзіне қарап, адамның арғы дүниесін танып оқыту керек қой. Сабақ кезінде нотаны айғайлап көрсету, домбыра тарту техникаларын көрсету керек. Себебі домбыраны бұғып қағу, көсіп қағу, шертіп қағу, іліп қағу деген түрі болады. Соны қасында отырып көрсеткенге жетпейді. Бұрын сабақ елу минут өтсе, қазір қырық минут зыр етіп өте шығады", -  дейді ол.

Дәстүрлі әншінің табысы

Дәстүрлі әншілер карантинге дейін арасында тойға, концертке шығып табыс табатын. Стамғазиевтің айтуынша, дәстүрлі әншілердің негізгі табыс көзі – тұрақты жұмысы. Сол себепті той тоқтағанымен, табысы азайған жоқ.

"Дәстүрлі әншілердің бақыты – мемлекеттік, білім беру орындарында табан тіреп, орнығуы. Той-томалақтың ақшасына күні қарап қалған жоқ. Сабақ беріп, жанын бағып отыр. Айдың соңында айлығын алатынына сенімді. Сабағын беріп, табыс тауып отыр", - дейді әнші әріптестерінің табысы жайлы.

"Фонограмманы жою керек"

"Мәдениет саласы жөніндегі заң жобасымен танысқан жоқпын. Дәстүрлі әншілер жайында ішінде не айтылғанын білмеймін. Алайда қазір телеарналарда фонограммаға тыйым салу жайлы айтып жатыр. Иә, фонограмманы жоғалту керек. Жалпақ шешен болып, оны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Себебі олай жасаса, баяғы "ертегі" қайтып келеді. Өнер әлемінде осы бағыт өлі қалпында жатыр. Әншілердің кәсіби деңгейі өсуі үшін фонограмманы жоғалту керек", - дейді Стамғазиев.

Арам шөпті де қайта өспеуі үшін тамырынан жұлып тастайтынын мысал ретінде келтірген әнші фонограмманы да солай тоқтату керек деп санайды.

"Сонда ғана әншінің деңгейі мен халықтың талғамы өседі. Әншінің репертуары да түзеледі. Сол кезде ғана өсу басталады. Жабайы тілмен айтқанда, қазір иттің итақайы әнші болып жүр. Жазып алып сахнаға шығады, ел оны әнші екен деп ойлайды. Біріншіден, әншінің қадірі кетті. Екіншіден, кәсіби әнші мен әуесқой әншінің арасын ажырата алмай қалды", - дейді ол.

Стамғазиевтің пікірінше, заңды қабылдаған соң кім де кім сахнада яки тойда фонограммамен ән салатын болса, ірі көлемде айыппұл салып, жаза қолдану керек.

"Кәсіби әнші музыкалық техникаға қарамайды. Ал жанды дауыста ән айту үшін мықты аппаратура қажет дейтіндер – қаланың ішінде жүріп ән салатындар. Аудандарға, ауылдарға барып көрмеген әншілер солай айтады. Ауылдық жерде жақсы техника жоқ екені рас, алайда барлық жерде олай емес. Әншілер шетелдегі аппараттың ауылдарда тұрғанын армандайды", - дейді Стамғазиев.

Айтуынша, дәстүрлі әнші Жұбаныш Жексенұлы, "Заман" тобы, Саят Медеуовтің шығармашылығын ұнатады.

"Ал әуесқой әнші деген – "әуестенбей, қой" дегенде қоймайтын адамдар. Олар халық қабылдамағанын біліп, көріп тұрса да қоймайды", - дейді ол.

Сахнада отыз жылдан бері жүрген дәстүрлі әнші әуесқойлар ақша мен техниканың күшімен әнші болып жүр деп санайды.

1752
Кілт сөздер:
фонограмма, әнші, Рамазан
Тақырып бойынша
Полиция әнші Кенталдың видеосын адамдардың қайғы-қасіретін мазақ ету деп атады
Хасанғалиевтің әніне неге тыйым салынды – сексенге толған әнші жайлы қызық деректер
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты
Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым
MTV логотипі

MTV USA тарихында тұңғыш рет қазақ тіліндегі клип көрсетіледі

80
(Жаңартылды 09:31 01.10.2020)
Премьера жұма күні кешкі уақытқа жоспарланып отыр. Әнші тағы бір арманы орындалғанын айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Димаш MTV USA экранына шығады. Ол бұл арнада клипі қазақ тілінде көрсетілетін тұңғыш әнші, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Видео MTV USA арнасында шығады. Ал АҚШ-тан тыс тұратын жанкүйерлер MTV-дің YouTube ресми каналынан тамашалай алады. 

"Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз", - деп жазды Димаш.

Бейнеклип жұма күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17.00-20.00 аралығында экранға шығады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 3.00- 6.00). Бұл Америкадағы жұма күнгі прайм-тайм. Америкалық MTV-ды бұл уақытта ең көп көрермен тамашалайды.

80
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Қазақстанның ұлттық валютасы

Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

10
Медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделді", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында.

Ақша мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу – 83,2 миллиард теңге;
  • ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеу –  11,7 миллиард теңге;
  • әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға – 261,7 миллиард теңге.

"Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр 

Ол барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 12 триллион теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 процент деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 14,5 триллион теңгені құрайтын болады.

10
Кілт сөздер:
парламент, коронавирус, бюджет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы