АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе қаласындағы концерттердің бірінде сахнаға жантая кетіп әжеймен бірге суретке түспек болған Төреғалидің басы тағы да дауға қалды.
Басы даудан арылмайтын Төреғали қоғамға қатты өкпелі көрінеді. Айтуынша, шет аймақтардағы ән кештерінде жұлдызды аяқтан шалғысы келетіндердің қарасы көбейген. Өткен жылдың соңында керекулік қариямен ерегескен әнші бұл жолы ақтөбелік әжеге қатысты әңгіменің шетін шығарды.
Хитмен халықпен қауыша қалса, хейтерлердің құрығына ілінеді екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде болған.
"Ақтөбенің сахнасы биік екен. Апа суретке түсе қояйын деп жаныма келді. Сахнаға отырсам басым бұтымның арасына кіріп кетеді екен. Болмаған соң жантайып жаттым. Кейін апаны құшақтадым. Осыдан кейін "Төреғали Ақтөбеге келіп сахнада жатты" дегенді шығарып алыпты. Сонда ана апа мен суретке түсу деген қайда қалды?" — деп ашуланды әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған шарада өнер көрсетті. Әнші қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.
Салтанатты шараны Халықаралық бауырлас қалалар қауымдастығы (Sister Cities International немесе SCI) ұйымдастырды. Мерекелік шара коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өтті.
Спикерлер мен қонақтар арасында губернатор Билл Аноабутти, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессвумен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз жаяу әскері оркестрі және тағы басқалары болды.
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс екені хабарланып отыр."Баршаңызға тек жақсылық тілеймін! Әлемде бейбітшілік және тыныштық болсын!", - деді әнші.
SCI бас директоры Лерой Аллала қазақстандық жұлдыздың шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілдерін біріктіретінін атап өтті.
20 қаңтарда SCI ресми сайтында Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткен сәті көрсетіледі.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалағанын хабарлады.
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалады.
TIXR америкалық стримингтік платформада ұйымдастырылған онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарға концертті үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды dimashnews.com.
Стримингтік платформа өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік әншінің концертіне билет сату осындай жоғары көрсеткішке жеткен.
Порталдың хабарлауынша, концерттің онлайн-чаты бір секундқа да саябырсыған жоқ, барлық жанкүйер сүйікті әртісін қайта көргеніне өте қуанды. Шоу барысында Димаш Құдайберген 6 тілде ән шырқады: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілі. Сондай-ақ, ол жаңа әндер ұсынды, оның ішінде әнші өзі жазған композициялар бар.
"Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет айтамын. Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесем де, қолдауды сезіндім. Сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіздер. Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!", - деді әнші концерттен кейін.
Еске сала кетейік, Димаштың онлайн-концертін 16-23 қаңтар аралығында көруге мүмкіндік бар. Концерттің дайындық жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған билет сатылымы шоу аяқталғаннан кейін қайта басталды.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.
Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.
Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.