Той

"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?

3039
(Жаңартылды 23:03 04.10.2018)
Белгілі депутаттар мен мәдениет саласының өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тойды жаңа форматта өткізу туралы ұсынысына қатысты ой-пікірлерін білдірді

АСТАНА, 4 қазан – Sputnik, Нұргүл Абай. XXI ғасыр. Іші-сырты жылтыраған зәулім сарай. Ыстығы мен суығы да, ішері мен тіске басары да табылатын аста-төк дастарқан. Даңғырлаған музыка. Ащы судың буымен алқына-жұлқына билеген кәрі мен жас. Көзбояушылық, бос сөз, жөнсіз мақтау. Өкінішке қарай, бүгінгі қазақ тойының сиқы осы. 

Тұрсынбек Қабатов
© Photo : пресс-служба управления культуры и спорта города Астаны

Соңғы он-он бес жылда қазақтың тойы тәрбиелік мәнінен айырылып, бақталастық пен бәсекелестіктің, ысырапшылдық пен астамшылықтың алаңына айналды. Бүгінде көрпесіне қарай емес, жұрттың сөзіне қарай көсіліп жүрген қазақтар шамасы жетсін-жетпесін, кредитке белшеден батып, дүбірлетіп той жасайды. Қазақ тойындағы ысырапшылдық – қоғамда бұрыннан қызу талқыға түсіп жүрген өзекті әрі жауыр болған тақырып. Талайдан бері сөз болып жүрген мәселеге сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та қосылды. Сенат спикері тойдағы астамшылық пен бейбастықты тоқтатып, бауырлас өзбек, түрік, түрікмендерден үлгі алуға шақырған еді. тілшісі депутаттар мен асаба-әншілерден мемлекет қайраткерінің ұсынысына қалай қарайтынын сұрап көрді.

"БАҚ-та үйлену және басқа да тойларды жаңа үлгіде өткізуге қатысты пікірталастарды қолдаймын. Көзбояушылық, даңғазалық, ысырапшылдыққа жол бермей, бауырлас өзбек, түрік, түрікмен xалықтары сияқты ұлттық дәстүрге баса мән беруіміз қажет", — деп жазған еді Тоқаев твиттердегі парақшасында.  

Аста-төк ысырапшылдық қазақ қоғамында баяғыдан сөз болып жүргеніне қарамастан, билік басындағы ағаларымыз енді ғана қосылып жатыр. "Ештен кеш жақсы" демекші, оған да шүкір. Тоқаевтың той форматын өзгертуге қатысты ұсынысы әлеуметтік желілерде бірден қызу талқыға түсті. Дені мемлекет қайраткерінің бір ауыз пікіріне риза болып, қолдап жатыр.

"Бізді қырғыздармен салыстыруға болмайды"

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл да жоғары палата төрағасының ұсынысын толық қолдайтынын білдірді. Айтуынша, мол дастарқан жайып, мықты асаба жалдаумен екі жас бақытты болып кетпейді. Сондықтан, әркім "көрпесіне қарай көсілгені" жөн деп санайды.

"Тоқаевтың айтқанын қолдау керек. Себебі, қазіргі таңда Тәжікстанның өзінде мемлекет басшысы тойға қанша адам қатысу керек, дастарқанның шығыны қанша болуы керектігін нақтылап белгілеп берді. Неліктен? Бір адамның қолы жетіп жатады, енді бірінікі жетпей жатады. Тек қана мол дастарқан жайып, жақсы асаба жалдап, сол арада тілек тілеумен екі жас бақытты болмайды. Сол еңбек пен тәрбиенің қайдан келгенін жастарға түсіндіруіміз керек деп ойлаймын", — деді депутат.

Осы тұста, халық қалаулысы жаназадағы ысырапшылдық мәселесін де қозғады.

"Өлім барды шашады, жоқтың артын ашады" дейді халқымыз. Қара жамылып, қиналып жатқан кезде "сен мына малды союың керек, дастарқан осындай болуы керек" деген мүлде дұрыс емес. Әркімнің шама-шарқына қарай жасалғаны абзал. Сондықтан да той үшін кредит алып, даурықпа, даңғой, даңғазалыққа, ысырапқа барғаннан гөрі, керісінше  ұлтымыздың құндылығын, ысыраптың обал екендігін ұғынып, сауапты іс жасағанымыз әлдеқайда дұрыс деп ойлаймын. Осы жағынан келгенде, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейіндегі ойын айтты", — дейді Смағұл.

Жуырда бауырлас қырғыз елінің депутаты мемлекеттің ақшасына жасалатын тойларға бес жыл мораторий жариялауды ұсынған еді. Бақытбек Смағұлдан "Қазақстан да осы мәселені қарастырғаны дұрыс шығар, қалай ойлайсыз?" деп сұрап едік.

"Бұл ойланатын жағдай, бірақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтып отырғаны да үлкен ой салатын дүние. Депутаттар мұны қарастырады деп айта алмаймын, бірақ ойлану керек екен", — деп қысқа қайырды мәжілісмен.

Смағұлдың әріптесі Азат Перуашев болса, ысырапшылдыққа тосқауыл қою бүгіннің емес, болашақтың еншісіндегі мәселе дейді.

"Бұл өте күрделі мәселе. Себебі біз баласының қуанышын ағайын-туысқандармен бөліскісі келетін ата-анаға "қатты тойламаңдар, қонақ шақырмаңдар, туыстарды жинамаңдар" деп шек қоя алмаймыз. Қазақпыз ғой, әрқайсысымызда құда-құдағи, жекжат-жұрағат бар. Дәстүрді заңмен өзгерте алмаймыз, халық бұл жолға саналы түрде келуі керек. Әйтпесе, қазір заңмен тыйым салсақ, ертең, меніңше, адамдар бәрібір өз дегенін жасай береді. Сондықтан біз заң қабылдасақ та, менің оған үлкен күмәнім бар, оны жан-жақты, дұрыстап талқылауымыз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтық көзқарасын енді ғана білдіріп отыр. Ол кісі енді дамыған, қаншама жыл сыртқы істер министрі болды, көпті көрген, талай ұлттың салт-дәстүрін біледі. Ал біздің халқымыз әлі оған жетуі керек. Егер адамдар өз санасымен бұл жолға келсе, онда ол кез келген заңнан тиімді болады", — дейді халық қалаулысы.

Екінші жағынан, депутаттың айтуынша, қазір заман да өзгеріп бара жатыр.

"Жақында Алматыға бардым. Балалармен Көктөбедегі "Абай" деген мейрамханаға кіріп, террасаға шығып, суретке түсейік десек, бос емес екен. Не болды десек, тойға дайындалып жатыр. Сонда 30 шақты адамға ғана дастарқан жайылған. Той дастарқаны дегенде, мен таңғалдым. Сөйтсем, өзіміздің қазақтың жастары. Еуропада оқыған екен, ата-анасына тойды Еуропаның дәстүрімен тек қана жақын ағайын-туыстарды шақырып, өткізейік деген. Мұндай да үрдіс қазір пайда болды. Шымкентте тағы бір  жақсы үрдіс басталды. Ол жақтағы жастар ата-анасы жинаған ақшаға той жасамай, жетім балалардың үйлеріне барып, оларға мейрам ұйымдастырады екен. Сондықтан уақыт өте біз осыған келеміз деп ойлаймын", — деді ол.

Ал жаназа, ас беру секілді қайғымен байланысты жайылатын дастарқанға шектеу қойған дұрыс деп санайды.

Десе де, Перуашев мырза үшін қазақтың тойынан асқан той жоқ екен.

"Ең көп қуанатын, қуанышымен барлығымен бөлісетін қазақтар ғой. Мен тіпті түрік ішіндегі қазақ тойын қалаймын", — деп ағынан жарылды депутат.

Ал мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан тойдағы астамшылықты тоқтатудың жолын ойластыру керек екенін айта келе, "мұны өзі шектеу мүмкін бе?" деп екі ойда қалды.

"Тоқаевтың сөзінде ақиқат бар, ысырапшылдықты тоқтату керек. Сөзінің жаны бар. Шынында да, шамадан тыс кредит алып, соңғы ақшасын бала-шағасының аузынан жырып, соны тойға ысырап қылуға мен де қарсымын. Оны қалай тоқтату керектігін ойлану керек", — деді ол.

Ал мемлекеттік деңгейде өтетін тойларға мораторий жариялауға қалай қарайсыз дегенімізде: "Бізді қырғыздармен салыстыруға болмайды", — деп қысқа қайырды.

Ұлы Абайдың өзі бес дұшпанның қатарына кіргізген "бекер мал шашпақ" – мәдениет саласының өкілдерін де алаңдататын өзекті мәселе. Театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов тойдағы аста-төк ысырапты көріп, кейде шошынып кететінін де жасырмады.

"Соңғы 20-25 жылдан бері біздің болмысымызда, сана-сезімімізде, мәдениетімізде той жасау дәстүрі өзгерді. Шоу-бизнес той бизнес болып кетті. Осы той бизнесте кімдер тойға келеді, кім не киініп келеді, кім не алып келеді, кім кіммен сөйлеседі, кім кімнің жанына отырады — қып-қызыл бәсекеге айналды. Бұл ендігі 5-10 жылда кете қоятын дерт емес. Ол үшін сана өзгеру керек. Сана өзгеру үшін бір ұрпақ өзгеруі керек.

10-15 жылда арыла алмайтын дерт болды. Кейде бір жағынан тойлап жүргенге де шүкір дейсіз. Бірақ, асып-төгіліп жатқан ас, дастарқанға қойылған тамақтың 80-85 пайызы желінбей қалады. Ысырап. Адам басына неше түрлі ой келеді, осыған қарап, кейде қайырымдылық қорын құрса, сол қор тойдан қалған тамақты мұқтаж адамдарға, тіпті, жатақханада жатқан студенттерге таратса ғой деп ойлайсыз. Өйткені, ысырапты көріп, шошынасың. Баяғыда, Хайнань қаласына барған кезде дәмхананың төбесінен бір жазу байқадым. Ұлымнан аудармасын сұрап едім, "алған асыңызды бірақ жеп қойыңыз, асты тастаудан артық күнә жоқ" деп жазылып тұр екен. Міне, осыны түсіну керек", — дейді әртіс.

"Әртістер тойдың арқасында күн көріп отыр"

Қазақ тойының форматын өзгерту, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу – той арқылы нәпақасын тауып жүрген әншілер мен асабалардың қалтасын жұқартуы әбден мүмкін.

"Әзіл әлемі" театрының әртісі, белгілі асаба Қайрат Әділгерей де шоу-бизнес жұлдыздарының тойдың арқасында күн көріп отырғанын жасырмады.

"Тойдың арқасында қаншама адам жан бағып отыр – даяшылар, аспазшылар, фотографтар. Әр адам өзінің көрпесіне қарай көсілуі керек қой. Кредит алып, ұлан-асыр той жасап жатқандарды ешкім күштеп мәжбүрлеп жатқан жоқ. Бұл әр адамның өзінің қабылдап отырған шешімі. Тойдың арқасында әртістер күн көріп отыр. Қазақ той жасаса, қашанда асаба, әншіге жүгінеді, сондықтан бұл қанда бар қасиет. Той, былайша айтқанда, бір отбасының халықтың алдында есеп беруі ғой", — дейді әртіс.

Осы орайда Әділгерей 4-5 әнін айтып, асабадан да артық "гонорар" алатын той әншілеріне ренішін білдірді.

"Менің гонорарым орташа есеппен 2000 доллар. Біз "гонорар" мөлшерін әр адамның жағдайына қарай келісеміз, қатып қалған ештеңе жоқ. Мәселен, кейбір әншілер асабадан көп алады. Төрт-бес әнін айтып, 4-5 мың долларда қағып алады. Ал асаба тойда бастан-аяғына дейін болып, бес сағаттық қызметі үшін әншілерден едәуір аз алады", — дейді ол.

Әділгерей елімізде той бизнесінің белең алып кеткеніне қынжылды.

"Өнер үшін, сахна үшін жақсы ән шығарып, халық үшін жұмыс істеп жатқан ешкім жоқ. Қазір бәрі тойдың музыкасы, той әншілері. Мәселен, осыдан он жыл бұрын әртістер тойға баруға ұялатын. Қазір керісінше, тойға шықпаған әнші ұялуы керек дейді. Біздің әншілердің деңгейі тойдан аспай қалған. Бір хит шығарсам, сосын тойға шықсам, болды деп отыра береді. Одан әрі өсу, даму, білімін жетілдіру деген жоқ. Көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине, бірақ, өкінішке қарай, кәсіби музыканттар өте аз", — дейді ол.

Десе де сенат спикерінің той-томалаққа қатысты пікірі әртіске ұнамай қалған да сияқты.

"Той туралы әңгіме қозғап жатыр, мемлекетте басқа да проблема көп қой. Әлеуметтік нысандар, зейнетақы, мүгедектер, газ, ауған ардагерлерінің мәселесі дегендей. Ал біз болсақ, сол тойды талқылап жүр. Осымен-ақ қандай деңгейге түсіп кеткенімізді білуге болады. Ол кісінің уайымын түсініп отырмын. Егер де қатты жаны ашыса, банктердегі пайыздарды төмендетсін. Сонда кредит алған халық оны тойдан кейін еш қиналмай, өтей салады", — деген ұсынысын жеткізді Қайрат Әділгерей.  

"Өзін тек тойға дайындап жүрген әншілерге – бұл соққы"

Ал мемлекеттік қызметке кіргелі көп көрінбей жүрген әнші Досымжан Таңатаров Тоқаевтың ұсынысын қос қолдап қолдап отыр.

"Елдік, ұлттық мүдде тұрған жерде, ешқандай нәрсе кедергі жасамайды. Осы жағынан келгенде, өте жақсы пікір көтерілді. Қолдап жатқан қаншама азаматтар бар. Қазақ халқы ақкөңіл, өмірге риясыз қарайтын елміз, ақкөңілдігіміз өзімізге зиянын тигізіп жатады кейде. Әсіресе, кейінгі кезде мазақ тойға айналып кетіп жатқан сияқтымыз", —дейді ол.

Таңатаров өнер әлемінде жүрген кейбір әріптестеріне той форматының өзгеруі соққы болып тиетінін жасырмады.

"Өзін тек тоймен байланыстырып жүрген, тек той-думанға дайындап қойған өнерпаздар үшін, әрине, кішкене соққы болатыны белгілі. Ерте ме, кеш пе осылай болуы керек. Өнерпаздардың міндеті – тек той-жиында ән шырқау емес, елдің мәдениетін көрсетіп, жоқтығын жоқтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дүниелерін де айту. Қымбат бағасымен елді ауыртпалыққа түсіріп жүрген өнерпаздар тәубесіне түседі деген ойдамын. Уақыт көрсетеді", — деді әнші.

Ол тойда тұрпайы дүниелер өте көп екенін, қазақы салт-дәстүрден ажырап кеткенін айтып қынжылды.

"Кейбір тойлар болады белгілі бір жанрда өтетін. Мәселен, қонаққа барсаң, біздің тойдың жанры, стилі үнді салт-дәстүрімен байланысты дейді. Келін мен үйленіп жатқан жігіттен бастап, құда-құдағидың бәрі үнді киімін киіп алып жүреді. Өзінің салт-дәстүрің, ұлттық киімің тұрған кезде, неге өзгеге қызығамыз? Осындай дүниелер көп. Сосын үлкен кісілерді мазақ қылатын, оларды билетіп қоятын кездер болады. Ішкен адам қайбір өзіне есеп бере алады. Ішімдіктің күшімен мазақ болады. Кешігіп келу деген тағы бар. Тараз, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында алтыға шақырылған қонақтар түнгі сағат тоғызда жиналады. Мен осыны мүлде түсінбеймін. Әрине, кешікпейтін қазақ жоқ шығар (күлді). Бірақ әр нәрсенің өз шегі бар", — дейді әнші.


3039
Кілт сөздер:
асаба, ысырапшылдық, той, Азат Перуашев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бекболат Тілеухан, Бақытбек Смағұл, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бейнеуде той болып жатқан мейрамхана өртеніп кетті
Қызылордада той кезінде адам өлтірді
Ақтауда жас жұбайлар той үстінде кортеж көлігін айырбастауға мәжбүр болды
Елбасы: той десе, ішкен асын жерге қоюға дайын халықпыз ғой
Лимузин, отшашу, ұлан-асыр той: елімізде сәбиді перзентханадан қалай шығарып алады?
Швед жазушысы Астрид Линдгреннің Ұзыншұлық Пиппи кітабының қазақ тілінде жарық көрді

Елордада Астрид Линдгреннің әйгілі кітабы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді

70
Баспагерлер Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан - Sputnik. Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабының қазақ тілінде жарық көрді.

Қазақстанда 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды. Осыған орай, "Фолиант" баспасынан ағылшын тілінен аударылған "Ұзыншұлық Пиппи" кітабын шығарды.

Аудармашы Мира Сембайқызының айтуынша, шығарманы аударуға үш айға жуық уақыт қажет болған.

Презентация книги шведской писательницы Астрид Линдгрен Ұзыншұлық Пиппи (Пеппи Длинныйчулок) на казахском языке
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабы қазақ тілінде жарық көрді.

Баспада басты кейіпкердің – Пиппи есімін қазақ тіліне дұрыс аудару мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланған. Соның нәтижесінде автор түпнұсқа емлесін ұстанып, соңғы шешімді қабылдаған.

"Мен шығармадағы әр кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктерін мүмкіндігінше сақтауға тырыстым. Қазақ тіліндегі балаларға арналған шығармаларға тағы бір керемет кітап қосылғанына және соған өзімнің атсалысып жатқаным үшін өте қуаныштымын", – дейді Сембайқызы.

Сондай-ақ, баспагерлер де Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды. 

Астрид Линдгрен әлемдегі ең көп аударылған жиырма автордың ішінде 18-орынға ие. 2005 жылы ЮНЕСКО әлемдегі ең көп аударылған кітаптардың тізімін жариялады. 1945 жылы шыққан сарышашты Пиппидің шытырман оқиғалары туралы кітап балалар әдебиеті туындылары арасында үздік бестікке енген.

Оқи отырыңыз: "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

Линдгрен шығармасындағы кейіпкер соғыстан кейінгі жылдарда туылған швед балалары үшін бостандықтың символына айналды. Ол Пеппи бейнесін қолдана отырып, балаларды құрметтеуге және оларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндейді.

70
Кілт сөздер:
шығармашылық, кітап
Тақырып бойынша
"Халық біле бермейді": қазақ тілінде ұмыт болған қандай сөздер бар?
"Сондай керемет!": Америкалықтар Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды – видео
Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты
Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді
"Мен қазақпын": Головкин қазақ тілінде өлең оқыды - видео
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео
Сән көрсетілімі

Көктем мен жазда қандай киімдер сәнге айналады мамандар кеңесі

2339
(Жаңартылды 11:03 23.02.2021)
2021 жылдың көктем-жаз мезгілінде сары, көк, күлгін түс сәнге айналады. Сондай-ақ, соңғы кездері 1990 жылдары трендте болған киімдер қайтадан сұранысқа ие болып жатыр

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Көктем келсе табиғат жанданып, қалың қыстан кейін қайта оянады. Адамдар да табиғатпен үйлесімділікте көктеммен бірге құлпыра түседі. Әуелден-ақ "адам көркі – шүберек" екені баршаға мәлім. Соған байланысты сән әлемінің мамандары жыл сайын трендте болатын "жыл түсі" мен "жыл стилін" таңдап, қандай түстерді үйлестіруге болатынын айтады. Sputnik Қазақстан тілшісі сән әлеміндегі жаңалықтар жайлы қазақстандық мамандардан сұрады.

21 жылдан бері сән әлеміндегі негізгі түстерге сараптама жасайтын америкалық Pantone зерттеу орталығы (Pantone Color Institute) 2021 жылдың екі негізгі түсті атаған еді. Олар: сұр және ашық сары. Шетелдік мамандардың пікірінше, тас секілді берік сұр түс пен ашық сары түстің үйлесімі күш пен позитивті білдіреді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PANTONE (@pantone)

Қазақстандық мамандардың да пікірі осыған ұқсас.

"Донателло Версачидің "Мұхит" тақырыбындағы көрсетілімінен кейін дизайнерлер ашық көк түске басымдық бере бастады. Демек, көктем мен жаздың тренді ашық көк түс болады. Бұл түстің сары, қызғылт сары, қоңыр түспен үйлесуі – ең басты трендтің бірі", – дейді стилист-сарапшы Әсел Елшібаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PANTONE (@pantone)

Ал қазақстандық дизайнер Бақыт Нұратдинова жалпы төрт мезгіл бойы сарғыш, кірпіш түсті реңктер мен күлгін сәнде болатынын айтты.

"Киімнің түсі мезгілдерге емес жалпы бір жылға арнап бекітіледі. Биыл сарғыш, терракота, күлгін реңктер сәнде болады. Бұл бір қарағанда үш түс болғанымен, әрқайсының бірнеше реңкі бар", – дейді дизайнер.

Коронавирус салған "өрнектер"

Дизайнер Бақыт Нұратдинованың айтуынша, коронавирус пандемиясы да сән әлеміне өзгеріс әкелді. Пандемия кезінде спорттық үлгідегі киімдерге сұраныс артқан.

"Былтырдан бері спорттық үлгідегі киімдерге сұраныс артты. Классикалық үлгі бойынша жұмыс істейтін дизайнерлер спорт стиліне ауа бастады. Себебі пандемия кезінде той-мереке тоқтады, адамдар тауға, табиғатқа шығатын болды", – дейді Нұратдинова.

Коронавирус инфекциясын жұқтырып алмау үшін адамдар медициналық бетперде тағып жүр. Әр істі сән әлемімен байланыстырғысы келетіндер көйлегінің түсіне сай бетперде тағып шыққан еді. Маманның айтуынша, бұл тренд биыл да жалғасады. Себебі қай уақытқа дейін бетперде тағып жүру қажет болатыны әлі белгісіз.

"Коронавирус пандемиясының басталғанына да бір жыл болады. Вирусты бактерия түрінде қызыл түспен бейнелеп жүрміз. Алайда ол киім өрнегі ретінде пайдаланылмайды. Адам киімі арқылы жақсылық шақырғысы келеді. Еуропаны білмеймін, бірақ қазақстандық дизайнерлер ауруды әрлеп, көрсетпейді деп санаймын", – дейді 20 жылдан бері сән әлемінде жүрген дизайнер.

Стилист-сарапшы Әсел Елшібаева пандемия кезінде белгілі дизайнерлер ақ түсті жейде-көйлек, шалбарлы костюдерді көрсетілімге шығарғанын айтады.

"Дәрігерлерге құрмет көрсеткен дизайнерлер сән әлеміне осы ақ түстес жейде-көйлектер мен ақ костюмдерді қайта алып келді", – дейді стилист. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СТИЛИСТ-САРАПШЫ (@assel_stylistkz)

2021 жылдың тренді: кең шалбар мен спорт-шик стилі

"Кең шалбар – 2021 жылдың тренді. Белден бастап еденге дейін төгіліп тұратын шалбарды таңдаған кезде белді айшықтауды ұмытпау қажет. Яғни, белдік немесе қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, белдің қай жерде екенін көрсеткен жөн. Егер жейде ақ, шалбар қара түсті болса, бел көрініп тұрады. Ал кең киімдерді киген кезде дене мүсініңіз көрінбей қалуы мүмкін", – дейді Әсел.

Стилистің сөзінше, кең жағалы жейделер әлі де сәнде болады. Алайда мұндай жағдайда образды джинсы шалбармен толықтыру қажет. Сонда стиль үйлесе түседі.

"Кейінгі жылдары 1990 жылдардағы стиль қайта еніп жатыр. Бұл – қысқа белдемше, кроп-топ, спорт-шик стилі, ұзын пальто мен кең шалбар. Тай-дай стиліндегі өрнектер әлі де сәннен кетпейді. Мұндай жағдайда белдемше қысқа болса, үстіне қалың жемпір, oversize костюм кию қажет. Яғни, төмен жақ ашық болса, үстіңіз жабық болғаны жөн", – дейді маман.

Спорт-шик стилі – спорттық үлгідегі киімді пиджак немесе ұшы үшкір туфлимен үйлестіру, деп толықтырды ол.

Ал дизайнер 2021 жылы да өрнек салынған шапан мен көйлектер, яғни этникалық мотивтер сәнде болатынын айтты.

"Oversize киімдер әлі де сәннен қалмай келеді. Себебі жайлы киімді ұнататындар көп. Алайда бұл стильді таңдайтындар қатары салыстырмалы түрде сиреген. Сондай-ақ, биыл үлкен ақ жағалы киімдер кең қолданысқа ие болуда. Көктем мен жазда оған сұраныс артуы мүмкін", – деді Бақыт Нұратдинова. 

Бүрмелі көлектер қайта оралды

Өткен жылы жазда иығы, арты ашық көйлектер сәнде болды. Нұратдинованың айтуынша, 2021 жылы барынша жабық киімдерге басымдық берілген.

"Көзге бірден көрінетін түстер биыл трендте емес. Сарының да қатты қанық емес түстерін таңдау керек. Киімнің де барынша жабық болғаны жақсы. Ал көйлектердегі өрнекке келер болсақ, бұған дейін гүлдің суреті жиі қолданылатын. Ал биыл жұмбақ, түсініксіз геометриялық өрнектер көп қолданылып жатыр", – дейді ол.

Ал стилист-сарапшы Әсел Елшібаева көктемде трикотаж көйлектердің қайтадан сәнде болатынын алғап тартты.

"Трикотаж көйлектер 4-5 жылдан бері трендтен түспей келе жатыр. Сондай-ақ, бүрмелі көйлектер, бір қырында немесе кеуде тұсында бүрмесі бар көйлек таңдаған дұрыс. Матасына қарай осы стильдегі көйлектерді көктем мен жазда да киюге болады. Версачидің "Мұхит" тақырыбындағы көрсетілімінен кейін тор көйлектер де қайтадан сәнге айналуда. Оны демалыс кезінде суға түсуге арналған киімнің сыртынан киюге болады", – дейді ол.

Үлкен сырға сәнде болады

Мамандардың айтуынша, өткен жылы ірі алқалар сәнде болса, биыл үлкен сырғаларға сұраныс артады. Сондай-ақ, көйлектің не водолазканың үстінен тағуға арналған арнайы жағаларды жыл ерекшелігі деп атауға болады.

Мұндай жағаны таққан кезде классикалық шалбар емес, джинсы шалбар кию қажет. Жағасы үлкен жейде мен классика үлгісіндегі шалбар адамды 4-5 жасқа есейтіп көрсетеді.

Сондай-ақ, көктем мен жазда дөрекі көрінетін аяқ киімдер сәнде болады.

Киімді қалай таңдау қажет?

Стилист киім таңдаған кезде трендтің соңына түсіп кетпеуге кеңес берді.

"Гардеробтың 5%-і, көп болса 10-15%-і трендтегі киімдер болу қажет. Себебі тренд өзгеріп тұрады. Соны ұмытпау керек. Ал қалғаны басқа киімдермен үйлестіріп киетін базалық киім болғаны жөн", – дейді Елшібаева.

Сондай-ақ, маман киім таңдаған кезде дене бітімі мен қай жерде жұмыс істейтініне де назар аударуды ұсынды.

"Киімнің түсіне, оның адамға жарасатынына көңіл аударған жөн. Ал түс таңдар кезде киімді кеуде тұсына алып келгенде үйлесіп тұруы қажет. Ал төмен жаққа кез келген түсті киім таңдауға болады. Трендпен қатар киімнің үйлесімі, баратын жерге сай болуы да маңызды", – деп түйіндеді Әсел.

Vogue талдауы

Vogue басылмының ақпаратына сәйкес, 2021 жылы көктем-жаз мезгілінде кең етекті көйлектер әлі де актуалды болады. Мұндай жағдайда көйлектің кеуде тұсы әртүрлі болуы мүмкін. Әркім талғамына қарай иығы ашық, кеуде тұсы кең ойылған түрін таңдайды.

Трендте келе жатқан киімнің бірі – кең балақ шалбарлар. Сәнгерлер мұндай шалбарды көктемнің нағыз тренді деп атады. Адамның дене бітімін анық көрсетпесе де, мұндай шалбарды күнделікті жұмысқа, демалыс орындарына киюге болады. Балағы кең шалбар костюммен де, түрлі жейдемен де үйлеседі.

Сондай-ақ, киімнің белгілі бір жері ойылған (мақсатты түрде жыртылған) киімдер сәнде болады. Жейденің білек тұсы немесе кеудеден белге дейінгі жері жыртық не жамалған болуы мүмкін. Арасында көйлектің арқа тұсы түгел ашық болатын киімдер де кездеседі. Биыл дәл осылай киінген әйелдерді көргенде таңғалмаған жөн.

Оқи отырыңыз: Димаш Қытайдағы сән апталығының ашылу салтанатында – толық видео

Басылымның хабарлауынша, жолақ сызығы бар киімдер де қайта трендте болады. Сондықтан бұл көктем көптен бері киілмей тұрған жолақ маталы көйлекке тағы бір мүмкіндік сыйлауға таптырмас кезең.

2339
Кілт сөздер:
сән көрсетілімі, сән
Тақырып бойынша
Сән әлемі – 2021: биыл қай түске басымдық берілді – фото
Пәкістанда сән апталығы қалай өтті – фото
Парижде ергежейлі модельдердің қатысуымен сән көрсетілімі өтті
Сыпайы әрі тартымды: мұсылман әйелдерге арналған алғашқы сән көрсетілімі
Тәп-тәтті арулар: шоколадтан жасалған көйлектердің сән көрсетілімі - видео
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1723
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1723
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан