Мәдениет

Димаштың Лондондағы концертіне билеттер лезде сатылып кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сату басталғаннан кейін бір жарым сағат өткен соң ағылшын тілді сайтта қазақстандық әншінің концертіне билет қалмады, ал отандық ресурс бір істеп, бір істемей тұр

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билеттің барлығы дерлік сатылып кетті.

Билет сату бүгін Астана уақытымен сағат 16.00-де (Лондон уақытымен таңғы 11.00) ресми түрде бсталды. Әншінің фанаттары алғашқы минуттан-ақ билет сататын отандық және ағылшын сайттарына "шабуылдады". 

Biletiastana порталында жүктеме бірнеше есе ұлғайды. Сайт бір ашылып, бір ашылмай тұр.

"biletiastana.kz сайтында жүктеме бірнеше есе артты, сайт жұмыс істеп тұр, бірақ баяу. Тағы да кіріп көрулеріңізді сұраймыз", — деп түсініктеме берді "Қазақ әуендері" компаниясы.  

"Билет сататын қазақ сайты ашылмай тұр… Шынымен істен шыққаны ма?", "Иә, билет сатып алу мүмкін емес. Орын жоқ деп жазып жатыр", — деп шағымданды желі қолданушылары әлеуметтік желілерде. 

Бір жарым сағаттан соң жергілікті biletiastana.kz сайтында төменгі және жоғарғы қабаттардағы блоктарға 33-36 мың теңгеден (Ұлттық банктің бағамы бойынша 90-100 доллар шамасында) билет алуға мүмкіндік пайда болды.

© tickets.axs.co.uk AXS сайтынан скриншот – Димаштың концертіне билеттер 1,5 сағаттың ішінде сатылып кетті
AXS сайтынан скриншот – Димаштың концертіне билеттер 1,5 сағаттың ішінде сатылып кетті   - Sputnik Қазақстан
AXS сайтынан скриншот – Димаштың концертіне билеттер 1,5 сағаттың ішінде сатылып кетті

Астана уақыты бойынша сағат 17.30-да ағылшын тіліндегі AXS ресурсында Димаш шоуында отыратын орындарға бір де бір билет болған жоқ. Алайда концертті тұрып тыңдауға болатын фан-аймақтан орын таба аласыз.   

Димаштың концерті өтетін орын – Indigo at the O2 залы. Сайтта ойын-сауық орталығына 2800 көрермен сиятыны көрсетілген. 

Сонымен қатар, кейбіреулер сатып алынған билеттерді қазірдің өзінде қайта сата бастады, желіде концертке барғысы келетіндерді іздеп жатыр. 

Димаш Тұманды Альбионда 19 қараша күні алғаш рет өнер көрсетеді. Тіркелген көрермендерге жеке RSVP бейдж беріледі.   


Жаңалықтар
0