Айгүл Иманбаева, әнші

"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты

1267
(Жаңартылды 21:18 23.10.2018)
Қазақстандық танымалдар өнер жолына бірден келе салмағанын айтты. Олардың арасында көлік жуып, бөтелке жинағандар да бар екен

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Жұлдыздардың қазіргідей жарқыраған деңгейге бірден жете қоймағаны анық. Бірі ауылда жүріп мал бақса, екіншілері тойда оператор қызметін атқарған. Десе де, арасында көкесінің демеуімен шоу бизнес аралына оңай жеткендер де баршылық. Өздерінің танымал жұлдыз болғанға дейін қайда жұмыс істегенін әншілер Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты. 

Индира Расылхан әр теңгенің қадірін жете түсінетіндігін жеткізді. Сауда-саттықта қолы жүріп, мықты саудагер болғанын жасырмады.

"Саудамен айналыстым. Стамбұлға барып Қазақстанға киім тасыдым", — дейді ол.

Әнші саудасын жүргізіп жатқанда әріптесі Маржан Арапбаева дәмхана-барларда ән салған. Өнердің айналасынан алысқа кетпеген. Сондай-ақ, Маржан Арапбаева ән айтудан басқа өзгелер секілді ауыр жұмыс істемегенін айтып қалды.

"Шамамен 5-6 жыл мейрамхана мен тойханада ән айттым. Бұл менің сүйікті жұмысым болды. Әрине, жұмыс істеп, еңбектенгенім рас. Бірақ даяшы, аспазшы болып, еден жудым деп айта алмаймын. Мұндай жұмыстарды жасап көрген емеспін. Мен ән салған тойханаларды ол кезде "кабак" деп атайтын", — деді жұлдыз.

Гүлнұр Оразымбетова Маржан Арапбаева секілді қаладағы дәмханаларда жүрмесе де, ауыл-аймақтағы тойлардың гүлі болғанын жасырмады. Қолынан ән айту ғана келгендіктен, қара жұмыспен айналыспаған. 9-сыныптан кейін Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, сол аймақтағы барлық іс-шара мен той-томалақта өнер көрсеткен. Әнші бала күнінде көп ақша тапса да, оны ешуақытта өзі үшін жұмсамағанын айтады.

Тағы оқыңыз:

"Тапқан ақшамды жинап, ауылдағы әке-шешем мен бауырларыма беріп жіберетінмін. Ақшамды ешуақытта өзіме жұмсаған емеспін. Солардың жақсы тамақ ішіп, жылы киінгендерін қаладым. Өзіме қыста сыртымнан киетін бір қалың күртем болса болды жүре беретінмін. Қазіргідей "Не киемін?", "Не ішемін?" деген таңдау болмады.

Себебі, бар дүниеге қанағат деп, Құдайға мың да бір шүкіршілік ететін едік. Барға сабыр қылғанның арқасында қазіргідей жағдайға жетіп отырған жайымыз бар.

Десе де, кез келген уақытта еңбекпен келген теңгенің қадірін білу керек деп ойлаймын", — деді әнші.

Төреғали Төреәлі
© Photo : әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ел алдына шыққанға дейін түрлі жұмыстың басын шалғандардың бірі Ринат Малцагов. Ол, тіпті, кейбір жұмыстарын айтудан бас тартты.

"Бала күнімнен келе жатқан Қуандық есімді досым бар. Ол кезде екеуіміз де бала болдық. Компьютерлік клубқа барып, дүкенге кіріп өзімізге бірнәрсе алу үшін ақша тапқымыз келетін. Бөтелке тапсыру сәнде болатын еді. Бір кісі әйнек бөтелкедегі шырын немесе сыра ішіп тұрса, жанына барып "Аға, бөтелкені маған бере саласыз ба?" деп сұрайтынбыз. Осылайша біраз уақытқа дейін бөтелке тапсырып жүрдім. Бұдан өзге көлік жуатын жерде жұмыс істедім. Тағы бір жұмыс болды, бірақ ол халал емес. Сол себепті, айтпай-ақ қояйын, ұят болады", — деп күлді жұлдыз.

Тағы оқыңыз:

Ал Айгүл Иманбаева мұндай қара жұмыстың не екенін де білмегенін айтады. Себебі отбасы ауылдағы бақуаттылар қатарынан табылып, ең атақты қонақтарды күтетін болған. Сондай-ақ, әншінің қара жұмыс туралы білмеуіне ата-анасының жақсы жерлерде жұмыс істеуі әсер еткен екен.

"Жұлдыздар жұлдыз болғанға дейін деген күшті сұрақ екен. Біз әрі кетсе өзгелерден өнерімізбен ерекшеленеміз. Әйтпесе, адамның адамнан артықшылығы бар ма? Қара жұмыс деген нәрсені білмей өстім. Анам ауылда бас есепші болып жұмыс істеп, келген ревизор, әртістерді біз күтіп алатынбыз", — деді әнші.

Мұнымен қатар, Айгүл Иманбаева "Аврора", "Артек" секілді демалыс орындарына жиі барғанын айттып өтті. Ал әріптесі Дос керісінше қара жұмыстың түр-түрін жасап көрген екен. Тіпті, ауылда жүріп трактор айдағанын да жасырмады.

"Бірінші орта техникалық және кәсіби училищеде машинист-тракторшы мамандығы бойынша білім алдым.

Ауылда трактор айдап, от жағушы, сантехник болып жұмыс істедім. Кейін деңгейімді көтеріп, ауданда дискотека кассирі болдым.

Базарда да сауда жасаған жайым бар", — деді ол.

Тағы оқыңыз:

Бала күнінен әнші болуды армандаған Заттыбек еңбек жолын саудадан бастаған. Әнші мұндай жұмыс істегені үшін еш ұялмайтынын айтады. Мұнымен қатар, оқушыларға сабақ беріп, ұстаздық еткен.

"Сатушы да, мұғалім де болдым. Музыка мектебінде жеке оқушылармен жұмыс жасадым. Қалаға алғаш келген жылдары базар төңірегінде жүрдім. Бұл үшін ешқандай қысылмаймын және ұялмаймын.

Бірақ уақыт өте келе сауда менікі емес екенін түсіндім.

Себебі, ойымның бәрі шығармашылық төңірегінде өрбитін. Қалай десек те, 98-99-жылдары табиғатыма жат жұмыстармен айналысқаным рас", — деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Елдің еркесіне айналған Майра Ілиясованың да бұл тақырыпқа қатысты айтары бар екен. Әнші өмірінде болған қайғылы жағдайларға байланысты ерте есеюге мәжбүр болған.

"Қой баққанымды естігенде елдің бәрі күледі. Отбасы жағдайымен мектепті Әсия деген әпкем екеуіміз бірге бітірдік. Анамыз бен әкеміз өмірден ерте қайтып кетті. Қалаға келген кезде екі жыл оқуға түсе алмай жұмыс істеп жүрдім. Экономика бөлімінде оқығым келді. Әнші боламын деген ой мүлдем жоқ еді", — дейді Майра Ілиясова.

Ал Роза Әлқожа сахна жұлдызына айналмай тұрып журналистердің әріптесі болған. Ұзақ жылдар бойы осы салада жұмыс істеген.

"Негізі менің мамандығым журналист. Газет, радио және телеарнада жұмыс жасадым. Әнге, өнерге біржолата бет бұрған кезімде 50 долларға тойға шығып жүрдім. Ол уақытта таксиге 2 000 теңге беретінмін. Үстіме киген көйлегім де арзан болды. Тойға барсақ, бастан аяқ "Асаба қашан ән айтқызар екен?" деп қабағына қарап отыратынбыз", — деді әнші.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, Роза Әлқожа әлі күнге дейін осы тойдың арқасында қымбат көйлек пен көлік алып, концерт беріп жатқанын айтып өтті. Ал "Құралай қыз" деп ән салған Досымжан Таңатаров өнерге оңай келмеген. Бастапқыда тойда қосымша асаба қызметін атқарып, оператор болып жұмыс істеген.

"Ауылда өскен малшының баласымын. Мектепте 6-7-сыныпқа дейін мал бағып жүрдім. Студент кезімде оқып жүріп екінші курсқа өткен шақта балабақшада домбырадан сабақ бердім. Үшінші курста мектепте сабақ беріп жүрдім. Бұдан өзге қосымша асаба болып, тойды таспаға түсіріп, оператор болып жұмыс істедім. Ән де айтып, келіннің де бетін аштым. Жалпы адамның қолынан келетін нәрселердің барлығын істедім", — деді Досымжан Таңатаров.

1267
Кілт сөздер:
жұлдыз, журналист, жұмыс, ақша, әнші, Айгүл Иманбаева
Тақырып бойынша
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
"Евровидение – 2018" жеңімпазы анықталды. Бағы жанған қай әнші?
"Махаббат шексіз сезім". Димаш қытай қызымен неге сүйіскенін түсіндірді
Төреғали Төреәлі шу туралы: жұрттың тірлігі маған келгенде жаңалық болып кетеді
"Ағайын, итеріп жіберейін бе?" Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды
"Мен емес, елім кешірмейді" Төреғали Алтынбек Қоразбаевтың көңілін қалдырды
"Апа деп жүгіруші еді". Мақпал Жүнісова Медеу Арынбаевқа неге ренжігенін айтты
Швед жазушысы Астрид Линдгреннің Ұзыншұлық Пиппи кітабының қазақ тілінде жарық көрді

Елордада Астрид Линдгреннің әйгілі кітабы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді

70
Баспагерлер Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан - Sputnik. Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабының қазақ тілінде жарық көрді.

Қазақстанда 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды. Осыған орай, "Фолиант" баспасынан ағылшын тілінен аударылған "Ұзыншұлық Пиппи" кітабын шығарды.

Аудармашы Мира Сембайқызының айтуынша, шығарманы аударуға үш айға жуық уақыт қажет болған.

Презентация книги шведской писательницы Астрид Линдгрен Ұзыншұлық Пиппи (Пеппи Длинныйчулок) на казахском языке
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабы қазақ тілінде жарық көрді.

Баспада басты кейіпкердің – Пиппи есімін қазақ тіліне дұрыс аудару мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланған. Соның нәтижесінде автор түпнұсқа емлесін ұстанып, соңғы шешімді қабылдаған.

"Мен шығармадағы әр кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктерін мүмкіндігінше сақтауға тырыстым. Қазақ тіліндегі балаларға арналған шығармаларға тағы бір керемет кітап қосылғанына және соған өзімнің атсалысып жатқаным үшін өте қуаныштымын", – дейді Сембайқызы.

Сондай-ақ, баспагерлер де Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды. 

Астрид Линдгрен әлемдегі ең көп аударылған жиырма автордың ішінде 18-орынға ие. 2005 жылы ЮНЕСКО әлемдегі ең көп аударылған кітаптардың тізімін жариялады. 1945 жылы шыққан сарышашты Пиппидің шытырман оқиғалары туралы кітап балалар әдебиеті туындылары арасында үздік бестікке енген.

Оқи отырыңыз: "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

Линдгрен шығармасындағы кейіпкер соғыстан кейінгі жылдарда туылған швед балалары үшін бостандықтың символына айналды. Ол Пеппи бейнесін қолдана отырып, балаларды құрметтеуге және оларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндейді.

70
Кілт сөздер:
шығармашылық, кітап
Тақырып бойынша
"Халық біле бермейді": қазақ тілінде ұмыт болған қандай сөздер бар?
"Сондай керемет!": Америкалықтар Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды – видео
Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты
Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді
"Мен қазақпын": Головкин қазақ тілінде өлең оқыды - видео
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео
Сән көрсетілімі

Көктем мен жазда қандай киімдер сәнге айналады мамандар кеңесі

2339
(Жаңартылды 11:03 23.02.2021)
2021 жылдың көктем-жаз мезгілінде сары, көк, күлгін түс сәнге айналады. Сондай-ақ, соңғы кездері 1990 жылдары трендте болған киімдер қайтадан сұранысқа ие болып жатыр

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Көктем келсе табиғат жанданып, қалың қыстан кейін қайта оянады. Адамдар да табиғатпен үйлесімділікте көктеммен бірге құлпыра түседі. Әуелден-ақ "адам көркі – шүберек" екені баршаға мәлім. Соған байланысты сән әлемінің мамандары жыл сайын трендте болатын "жыл түсі" мен "жыл стилін" таңдап, қандай түстерді үйлестіруге болатынын айтады. Sputnik Қазақстан тілшісі сән әлеміндегі жаңалықтар жайлы қазақстандық мамандардан сұрады.

21 жылдан бері сән әлеміндегі негізгі түстерге сараптама жасайтын америкалық Pantone зерттеу орталығы (Pantone Color Institute) 2021 жылдың екі негізгі түсті атаған еді. Олар: сұр және ашық сары. Шетелдік мамандардың пікірінше, тас секілді берік сұр түс пен ашық сары түстің үйлесімі күш пен позитивті білдіреді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PANTONE (@pantone)

Қазақстандық мамандардың да пікірі осыған ұқсас.

"Донателло Версачидің "Мұхит" тақырыбындағы көрсетілімінен кейін дизайнерлер ашық көк түске басымдық бере бастады. Демек, көктем мен жаздың тренді ашық көк түс болады. Бұл түстің сары, қызғылт сары, қоңыр түспен үйлесуі – ең басты трендтің бірі", – дейді стилист-сарапшы Әсел Елшібаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PANTONE (@pantone)

Ал қазақстандық дизайнер Бақыт Нұратдинова жалпы төрт мезгіл бойы сарғыш, кірпіш түсті реңктер мен күлгін сәнде болатынын айтты.

"Киімнің түсі мезгілдерге емес жалпы бір жылға арнап бекітіледі. Биыл сарғыш, терракота, күлгін реңктер сәнде болады. Бұл бір қарағанда үш түс болғанымен, әрқайсының бірнеше реңкі бар", – дейді дизайнер.

Коронавирус салған "өрнектер"

Дизайнер Бақыт Нұратдинованың айтуынша, коронавирус пандемиясы да сән әлеміне өзгеріс әкелді. Пандемия кезінде спорттық үлгідегі киімдерге сұраныс артқан.

"Былтырдан бері спорттық үлгідегі киімдерге сұраныс артты. Классикалық үлгі бойынша жұмыс істейтін дизайнерлер спорт стиліне ауа бастады. Себебі пандемия кезінде той-мереке тоқтады, адамдар тауға, табиғатқа шығатын болды", – дейді Нұратдинова.

Коронавирус инфекциясын жұқтырып алмау үшін адамдар медициналық бетперде тағып жүр. Әр істі сән әлемімен байланыстырғысы келетіндер көйлегінің түсіне сай бетперде тағып шыққан еді. Маманның айтуынша, бұл тренд биыл да жалғасады. Себебі қай уақытқа дейін бетперде тағып жүру қажет болатыны әлі белгісіз.

"Коронавирус пандемиясының басталғанына да бір жыл болады. Вирусты бактерия түрінде қызыл түспен бейнелеп жүрміз. Алайда ол киім өрнегі ретінде пайдаланылмайды. Адам киімі арқылы жақсылық шақырғысы келеді. Еуропаны білмеймін, бірақ қазақстандық дизайнерлер ауруды әрлеп, көрсетпейді деп санаймын", – дейді 20 жылдан бері сән әлемінде жүрген дизайнер.

Стилист-сарапшы Әсел Елшібаева пандемия кезінде белгілі дизайнерлер ақ түсті жейде-көйлек, шалбарлы костюдерді көрсетілімге шығарғанын айтады.

"Дәрігерлерге құрмет көрсеткен дизайнерлер сән әлеміне осы ақ түстес жейде-көйлектер мен ақ костюмдерді қайта алып келді", – дейді стилист. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СТИЛИСТ-САРАПШЫ (@assel_stylistkz)

2021 жылдың тренді: кең шалбар мен спорт-шик стилі

"Кең шалбар – 2021 жылдың тренді. Белден бастап еденге дейін төгіліп тұратын шалбарды таңдаған кезде белді айшықтауды ұмытпау қажет. Яғни, белдік немесе қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, белдің қай жерде екенін көрсеткен жөн. Егер жейде ақ, шалбар қара түсті болса, бел көрініп тұрады. Ал кең киімдерді киген кезде дене мүсініңіз көрінбей қалуы мүмкін", – дейді Әсел.

Стилистің сөзінше, кең жағалы жейделер әлі де сәнде болады. Алайда мұндай жағдайда образды джинсы шалбармен толықтыру қажет. Сонда стиль үйлесе түседі.

"Кейінгі жылдары 1990 жылдардағы стиль қайта еніп жатыр. Бұл – қысқа белдемше, кроп-топ, спорт-шик стилі, ұзын пальто мен кең шалбар. Тай-дай стиліндегі өрнектер әлі де сәннен кетпейді. Мұндай жағдайда белдемше қысқа болса, үстіне қалың жемпір, oversize костюм кию қажет. Яғни, төмен жақ ашық болса, үстіңіз жабық болғаны жөн", – дейді маман.

Спорт-шик стилі – спорттық үлгідегі киімді пиджак немесе ұшы үшкір туфлимен үйлестіру, деп толықтырды ол.

Ал дизайнер 2021 жылы да өрнек салынған шапан мен көйлектер, яғни этникалық мотивтер сәнде болатынын айтты.

"Oversize киімдер әлі де сәннен қалмай келеді. Себебі жайлы киімді ұнататындар көп. Алайда бұл стильді таңдайтындар қатары салыстырмалы түрде сиреген. Сондай-ақ, биыл үлкен ақ жағалы киімдер кең қолданысқа ие болуда. Көктем мен жазда оған сұраныс артуы мүмкін", – деді Бақыт Нұратдинова. 

Бүрмелі көлектер қайта оралды

Өткен жылы жазда иығы, арты ашық көйлектер сәнде болды. Нұратдинованың айтуынша, 2021 жылы барынша жабық киімдерге басымдық берілген.

"Көзге бірден көрінетін түстер биыл трендте емес. Сарының да қатты қанық емес түстерін таңдау керек. Киімнің де барынша жабық болғаны жақсы. Ал көйлектердегі өрнекке келер болсақ, бұған дейін гүлдің суреті жиі қолданылатын. Ал биыл жұмбақ, түсініксіз геометриялық өрнектер көп қолданылып жатыр", – дейді ол.

Ал стилист-сарапшы Әсел Елшібаева көктемде трикотаж көйлектердің қайтадан сәнде болатынын алғап тартты.

"Трикотаж көйлектер 4-5 жылдан бері трендтен түспей келе жатыр. Сондай-ақ, бүрмелі көйлектер, бір қырында немесе кеуде тұсында бүрмесі бар көйлек таңдаған дұрыс. Матасына қарай осы стильдегі көйлектерді көктем мен жазда да киюге болады. Версачидің "Мұхит" тақырыбындағы көрсетілімінен кейін тор көйлектер де қайтадан сәнге айналуда. Оны демалыс кезінде суға түсуге арналған киімнің сыртынан киюге болады", – дейді ол.

Үлкен сырға сәнде болады

Мамандардың айтуынша, өткен жылы ірі алқалар сәнде болса, биыл үлкен сырғаларға сұраныс артады. Сондай-ақ, көйлектің не водолазканың үстінен тағуға арналған арнайы жағаларды жыл ерекшелігі деп атауға болады.

Мұндай жағаны таққан кезде классикалық шалбар емес, джинсы шалбар кию қажет. Жағасы үлкен жейде мен классика үлгісіндегі шалбар адамды 4-5 жасқа есейтіп көрсетеді.

Сондай-ақ, көктем мен жазда дөрекі көрінетін аяқ киімдер сәнде болады.

Киімді қалай таңдау қажет?

Стилист киім таңдаған кезде трендтің соңына түсіп кетпеуге кеңес берді.

"Гардеробтың 5%-і, көп болса 10-15%-і трендтегі киімдер болу қажет. Себебі тренд өзгеріп тұрады. Соны ұмытпау керек. Ал қалғаны басқа киімдермен үйлестіріп киетін базалық киім болғаны жөн", – дейді Елшібаева.

Сондай-ақ, маман киім таңдаған кезде дене бітімі мен қай жерде жұмыс істейтініне де назар аударуды ұсынды.

"Киімнің түсіне, оның адамға жарасатынына көңіл аударған жөн. Ал түс таңдар кезде киімді кеуде тұсына алып келгенде үйлесіп тұруы қажет. Ал төмен жаққа кез келген түсті киім таңдауға болады. Трендпен қатар киімнің үйлесімі, баратын жерге сай болуы да маңызды", – деп түйіндеді Әсел.

Vogue талдауы

Vogue басылмының ақпаратына сәйкес, 2021 жылы көктем-жаз мезгілінде кең етекті көйлектер әлі де актуалды болады. Мұндай жағдайда көйлектің кеуде тұсы әртүрлі болуы мүмкін. Әркім талғамына қарай иығы ашық, кеуде тұсы кең ойылған түрін таңдайды.

Трендте келе жатқан киімнің бірі – кең балақ шалбарлар. Сәнгерлер мұндай шалбарды көктемнің нағыз тренді деп атады. Адамның дене бітімін анық көрсетпесе де, мұндай шалбарды күнделікті жұмысқа, демалыс орындарына киюге болады. Балағы кең шалбар костюммен де, түрлі жейдемен де үйлеседі.

Сондай-ақ, киімнің белгілі бір жері ойылған (мақсатты түрде жыртылған) киімдер сәнде болады. Жейденің білек тұсы немесе кеудеден белге дейінгі жері жыртық не жамалған болуы мүмкін. Арасында көйлектің арқа тұсы түгел ашық болатын киімдер де кездеседі. Биыл дәл осылай киінген әйелдерді көргенде таңғалмаған жөн.

Оқи отырыңыз: Димаш Қытайдағы сән апталығының ашылу салтанатында – толық видео

Басылымның хабарлауынша, жолақ сызығы бар киімдер де қайта трендте болады. Сондықтан бұл көктем көптен бері киілмей тұрған жолақ маталы көйлекке тағы бір мүмкіндік сыйлауға таптырмас кезең.

2339
Кілт сөздер:
сән көрсетілімі, сән
Тақырып бойынша
Сән әлемі – 2021: биыл қай түске басымдық берілді – фото
Пәкістанда сән апталығы қалай өтті – фото
Парижде ергежейлі модельдердің қатысуымен сән көрсетілімі өтті
Сыпайы әрі тартымды: мұсылман әйелдерге арналған алғашқы сән көрсетілімі
Тәп-тәтті арулар: шоколадтан жасалған көйлектердің сән көрсетілімі - видео
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1747
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1747
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан