Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасы

Елден жасырған ұл, коттедж жыры, ұшақтағы шу: Дауға қалған шоу-бизнес жұлдыздары

2694
(Жаңартылды 19:01 08.01.2019)
Ұшақты кешіктірген Төреғали, Айқын мен Жұлдыздың құпиясы, Баян мен Меруерттің "соғысы", коттеджге талас – отандық шоу-бизнес дау-жанжалдан құр алақан емес

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik, Нұргүл Абай. Ит жылы отандық шоу-бизнес үшін біраз дау-жанжалмен есте қалғалы тұр. Биыл басы дауға ілігіп, аты шыққан жұлдыздар аз болмады. Sputnik Қазақстан 2018 жылы шоу-бизнесте болған шулы оқиғаларға шолу жасағанды жөн көрді.

Басынан дау арылмаған Ұлы дала баласы 

Өткен жылдың желтоқсанында Павлодардағы концертінде ерсі мінез көрсетіп, қарияны залдан қуған халықтың ерке "Төреші" үшін Ит жылы көпке дейін есте қалатыны анық. 2018 жылы Ұлы дала баласы елді біраз шулатты. 

Төреғали Төреәлінің атышулы видеосы әлеуметтік желіде 2017 жылдың 22 желтоқсанында тараған болатын. Видеодан әншінің концертіне келген егде жастағы ер адаммен дөрекі сөйлесіп, соңында "Ұнамай ма? Шығып кетіңіз!" деп айтқанын көруге болады. Желі қолданушылары Төреғалидің бұл оғаш қылығына наразы болып, ел баласына тән емес мінез көрсеткен әншіні сөгіп тастады. 

Халықтың ерке баласы басы дауға қалатынын түсінді ме, алғашында әлеуметтік желідегі парақшасына "өтірік" деп жазды. Алайда көп ұзамай артық кеткенін мойындап, павлодарлық қариядан да, халықтан да кешірім сұрады. 

Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы халықтың сынына ұшырған әншіні жуық арада ресми шараларға шақырмайтынын мәлімдеді. Ал танымал OrdaFM радиосы эстрада жұлдызының әндерін эфирден алып тастады. 

Өткен жылдың соңында елді шулатқан бұл оқиға халық арасында Ит жылының ортасына дейін сөз болды. 

Осы жылдың қыркүйегінде қызба мінез әншінің басы тағы дауға қалды. Бұл жолы Ұлы дала баласы ұшақта шу шығарды. Ол "Алматы — Гонконг" бағытындағы Air Astana ұшағының салонына билетсіз кіріп, әйелі мен баласын шығарып салған. Сол кезде бортта рейске тіркелмеген адамның бары белгілі болып, ұшақ 20 минутқа кешікті. 

Жолаушылардың уақытын алған танымал әнші жазасыз қалмады. Оған 12 025 теңге айыппұл салынды. 

Ал қазан айында басты рөлде Төреғалидің өзі ойнаған "Ұлы дала комедиясы" фильмі көрермендерге жол тартты. Фильм желісіне қызба мінезді әншінің басынан кешкен оқиғалары, жұртты шулатқан ерсі қылықтары мен дау-жанжалдары арқау болған. 

Коттеджге талас

Маусым айында өнерде де, өмірде де көпке үлгі болып жүрген жарасымды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың басы дауға қалды. Белгілі қолөнерші, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада журналистерді жинап, әншілерді өзі жұмыс істейтін коттеджді тартып алды деп айыптады. Тұрсынзаданың айтуынша, "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын оған кезінде Иманғали Тасмағамбетовтің өзі тастап кеткен. 

"Қарақат менің коттеджімде болған кезде, осы ғимаратты заңдастыру үшін әкімдікке құжат жинап жүргенімді айтқан едім. Олар менің екі жыл бойы келісімшарт жасай алмай жүргенімді білді. Әкімдер ауысып, реті келмей жүрген еді. Кейін "Астана" ӘКК құрылған кезде, Қыдырәлі бұл коттедж ешкімге тіркелмегенін біліп, "Астана" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен (ӘКК) келісімшартты өзі бекіткен", — деген еді қолөнерші.

Жұлдызды жұп өздеріне тағылған айыпты "қып-қызыл жала" деп атап, өз шындығын айтты. Қыдырәлі Болманның айтуынша, коттедж – коммуналдық меншік, оны ешкім Ырза Тұрсынзададан тартып алмаған. Барлығы заң аясында жүзеге асқан. 

Болманның сөзіне сенсек, коттеджді кім жалға алып отырғанын, ішінде кімнің тұратынын өзі де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоративі де, ішкі істер басқармасы да, тіпті сот орындаушылары да білмеген. Өйткені иесін ешкім таба алмаған. 

"Бұл жерде мен түсіндіре алмайтын түсініксіз, беймәлім бір нәрсе бар… Әжесіндей адаммен сөз таластырып немесе тіресу ер-азаматқа жараспайтын дүние. Қанша жыл ел алдында жүрмін, ондайға ешқашан барған емеспін. Бірақ, бүгін БАҚ өкілдерімен кездесуге тура келді. Неге? Өйткені ол кісінің Қарақаттың арына тигізіп айтқан сөздері мені осыған мәжбүр қылды", — деген еді продюсер. 

"Елден жасырған ұл"  

Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін әнші Айқын Төлепбергеннің отбасылық өмірі биыл ел талқысына түсті. Оған эстрада жұлдызының елден жасырған ұлын көрсетуі себеп болды. 

Ел арасында Айқын Төлепберген мен "Кешью" тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғалидің көңіл қосқаны туралы қауесеттің тарағанына біраз болды. Десе де отандық жұлдыздар бәрін жоққа шығарып, көпке дейін құпияның бетін ашпады. 

Алайда ата-ананың балаға деген мейірімі мен махаббатын жасыруға бола ма?! Жаздың соңғы айында Айқын мен Жұлдыз шаңырақ көтергенін мойындап, бір жыл бойы елден жасырып келген Санжар есімді ұлдарын көрсетті. 

Айта кетсек, Айқынның бірінші әйелінен Аңсар және Асылым есімді ұл-қызы бар. 

"Магистр" атанған әншілер кімге жақпай қалды?

Белгілі профессор Мырзантай Жақып мемлекеттік грант есебінен "магистр" атанған отандық жұлдыздарды біраз сынға алды. Ұлттық университеттің оқытушысы магистранттарға арналған гранттардың білімділерге емес, сабақта төбе көрсетпейтін әнші-әртістерге бөлінетінін айтып қынжылған еді.  

Мемлекеттік грант есебінен "магистр" атанғандардың ішінде Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас та бар. 

"Екі жыл сабаққа келмейді олар. Басында бір көрінеді. Олардың сабаққа келгеннің өзі бір шоу! Ойбай, пәленше сабаққа келді! Ол сабаққа келуге міндетті ғой!  Ол бір көрінді, сонымен жоқ! Екі жылдан кейін дипломын алатын кезде бір-ақ келеді…Оқу орнына келген кезде аудиторияға келмейді. Олар тура бастыққа барады", — деп ашуланған болатын Жақып.

Сабақтан емес, сахнадан ғана көрінетін әншілер үнсіз қалмады. 

Профессордың жанайқайына қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев желі арқылы жауап қатты. Әнші бұған дейін де бірнеше оқу орнын бітіргенін алға тартып, керісінше, ғалымның іштарлығын бетіне басты.  

"Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым. Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім…Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені  белгілі болып қалады", — деп ренішін білдірген еді эстрада жұлдызы. 

Баян мен Меруерттің "соғысы"

Баян Алагөзова түсірген "Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу" телехикаясына қатысты қоғамның пікірі екіге жарылғанын білесіздер. Көрермендердің дені тарихтың бұрмаланғанын айтып, дабыл қаққан еді.  Танымал продюсердің туындысын сынағандар қатарынан әнші Меруерт Түсіпбаева да табылды. 

Шоу-бизнес өкілі қазақтың мәдени мұрасына кім көрінген қол сұқпауы тиіс екенін алға тартып, қазақстандықтарды тарихты қорлауға жол бермеуге шақырған болатын. Сондай-ақ, Баян Мақсатқызынан телехикаяны түсіруге жұмсалған ақшаны қайтаруды талап етті. 

Баян Алагөзова өзіне айтылған сынға көп күттірмей жауап қатты. Белгілі продюсер телехикаяны түсіруге қаржы аз бөлінгенін, өз қалтасынан ақша шығаруға тура келгенін жасырмады. 

Алагөзова әншіге өзгенің ісіне араласқанша, өз өмірі мен мансабына көңіл бөлуге кеңес беріп, біраз қытығына тиді. Продюсердің айтуынша, Меруерт ханым Баян Сұлудың анасының рөлін сомдағысы келген. Алайда Алагөзова әншінің кандидатурасын бұл рөлге лайық көрмепті.

2694
Кілт сөздер:
дау-жанжал, шулы оқиғалар, ит жылы, жаңа жыл, шоу-бизнес, магистратура, Меруерт Түсіпбаева, Айқын Төлепберген, Мейрамбек Беспаев, Төреғали Төреәлі, Баян Алагөзова
Тақырып бойынша
Мейрамбек Беспаев туралы не білеміз?
"Ағайын, итеріп жіберейін бе?" Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды
Белгілі профессор Мейрамбек Бесбаевқа неге шүйлікті?
Төреғали Төреәлі туралы қызықты деректер
Баян Алагөзова кімдерді "бейшара" деп атады?
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды
Айқын Төлепберген концерт алдында ауырып қалды
"Ел игілігі үшін жүрміз!". Баян Алагөзова жоғарғы соттан күйеуіне көмек сұрады
Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
 Болат Аюханов

Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

65
Әртістер қойылымға дайындықты карантин алдында бастаған. Балет-операсына жетекшілік еткен 82 жастағы балет өнерінің шебері Болат Аюханов қойылымды қайталап қою көрерменге байланысты екенін айтты

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыда 75 жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Джузеппе Вердидің музыкасына орындалған бір актілі балетті Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театрының әртістері қойды. Қойылымға жетекшілік етіп, хореографиясын қойған адам – балет өнерінің шебері 82 жастағы Болат Аюханов.

Балет сюжеті

Қойылымда Мысыр әскерінің басты жауынгері Рамадес эфиопиялық ханшайым Аидаға ғашық болады. Алайда сол кезде мысырлықтар мен эфиопиялықтар арасында күрес жүріп жатады. Мысыр перғауынының қызы Амнерис ғашықтарды бөлгісі келеді.

Алматыда Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Махаббат, кек алу, сатқындық, өлім көрсетілген қойылымға әртістер жыл басынан бері дайындалған.

"Әртістер қойылымға дайындыққа карантин басталмай тұрып кірісті.  Жалпы карантин кедергі келтірді деп айтуға келмейді, алдын ала жоспар құрылды. Қанша уақыт зерттеп, дайындыққа қандай уақыт кететіні белгіленді. Өз жұмысыма көңілім толады, әртістердің жұмысына да ризамын. Ал қойылымды тағы бір рет қою көрерменге байланысты", - деді Аюханов.

Балет – сақтықты қажет ететін өте күрделі мамандық. Әртістер мансабы мен отбасын қатар алып жүруі керек, дейді балет өнерінің шебері.

Сонымен қатар әртістер Морис Равельдің музыкасына қойылған бір актілі "Болеро" балетін орындады.

Көрермен пікірі

Театр залы көрерменге лық толы болды. Залда карантин шаралары толық сақталған, екі адамның арасында екі орын бос тұрады. Көрермендер арасында егде жастағы адамнан бастап, мектеп оқушыларына дейін кездестіруге болады.

"Бұл өнердің өз көрермені бар екені анық. Балетті тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Мазмұны терең шығармалардың бірі болған сияқты, оны да екінің бірі түсіне бермейді. Мен әрең түсіндім. Бұл өнерді түсіну үшін бірнеше рет келіп, қойылымның тарихымен алдын ала танысу керек деген ойдамын", - дейді алматылық Гүлден Жашаралы.

Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Алматылық тұрғынның бұл пікірін құрбысы да қолдай кетті. Жастар әртістердің еңбегі зор екенін, премьераның жоғары деңгейде өткенін алға тартты.

"Өте керемет әсер алдым. Қойылымды бастан-аяқ түсіндім деп айта алмаймын. Әдемі өнер екеніне, ептілікті, синхрондықты қажет ететін өнер екеніне көзім жетті. Актерлердің барлығы биік деңгейде өнер көрсетті. Премьера болғандықтан олар үшін де, көрермен үшін де толқитын сәт. Барынша көременге ұнауға тырысып, дайындық нәтижесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Аиданың рөлін сомдаған әртіс ерекше көзге түсті", - дейді Ботагөз Асхат.

Жастар қойылым балет өнеріне деген қызығушықты оятқанын айтты.

Театрдың 75-ші маусымы

2020 жылдың 7 қарашасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай театр ұжымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтаған болатын.

65
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

55
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

55
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

9
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

9
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті