Төреғали Төреәлі, қазақстандық әнші

"Сөзім жоқ!": Төреғали сахнаға шыққан балаларды теуіп жіберді - видео

22200
(Жаңартылды 09:45 11.01.2019)
Әнші Астанадағы концертте сахнаға шыққан балаларды әзілдеп тебемін деп сынға ұшырады

АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында кішкене бүлдіршіннің аузына "түкіріп", сахнадан кетіп бара жатқанында ақырындап тепкен видеоны жариялады. Желі қолданушыларының бірі оны қазақы ырымды жасады деп алғыс айтса, енді екіншілері бұл әрекетін көргенсіздікке балады.

Бүлдіршін сахнаға Төреғали Төреәліге гүл беру үшін шыққан болатын. Осы кезде әнші тізерлеп отырып, ырымдап аузына түкіріп, кетіп бара жатқан кезде тепкендей сыңай танытады. Ал екінші баланы ақырындап тепкенін анық байқауға болады.

"Бізде ауылда сөйтеді. Ұяда не көрсең деген осы болар. Мына баланы танимын. Жаңадан келе жатқан баланы да танимын. Өзімнің болашақ клиенттерім. (...) Осылай сөйлемеймін деймін де, кейін сөйлеп қоя беремін", - деді Төреғали Төреәлі Астана қаласында 9 қаңтар күні өткен "Тәтті шай" атты концерт кезінде.

Төреғали Төреәлі
© Photo : әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Залда отырған көрермен әншіні қоштап қол соққанымен, желі қолданушылары арасында оның бұл әрекетін сынағандар көп. Десе де, жақтап сөйлеп, мұның қазақ халқының ежелден келе жатқан ырымы екенін айтып ақтағандар да болды. 

"Енді тағы не қылық шығарар екен мына жігіт?!", "Көрерменге бұлай жасау үшін қандай оңбаған болу керек?! Онда неге бай-бағландар жұрттың дәулеті артсын деп оларды осылай теуіп, ауыздарына түкірмейді? Сый-құрметке лайық емес әнші", "Африкалықтарға ұқсап кетті ғой", "Осы жерде қуып кетті", "Бұл әншіге айтар сөзім жоқ. Бәлкім дәстүрді білмегендіктен, осылай жазып жатқан болармын" деп жазды желі қолданушылары.

Әншінің соңғы жылдары жұртты шулатқан жалғыз әрекеті бұл емес. Осы уақытқа дейін Ақтөбедегі концертте залда отырған қарияға қатты сөйлеймін деп ұятқа қалған-ды. Сондай-ақ, тыңдармандары оны сахнада әжеймен жерге жантая кетіп суретке түскені үшін сынаған болатын.

22200
Кілт сөздер:
ауызға түкіру, ырым, желі қолданушылары, видео, әнші, Төреғали Төреәлі, Астана
Тақырып бойынша
Төреғали Төреәлі шу туралы: жұрттың тірлігі маған келгенде жаңалық болып кетеді
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды
"Ағайын, итеріп жіберейін бе?" Төреғали Төреәлі жұртқа жаңа қырынан танылды
Төреғали Төреәлі туралы қызықты деректер
"Ағайын, кешіріңдерші". Төреғали Төреәлі қарияны концертінен неге қуып шыққанын түсіндірді
Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді
Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі "Нұр Отанның" қатарына өтті
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

46
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

46
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
Абай өзбек, Науаи қазақ тілінде жарық көрді

Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді

47
(Жаңартылды 17:51 03.11.2020)
Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алған. Сондықтан екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар, деп атап өтті Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның өзбек тіліне аударылған шығармалары мен шығыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген "Хамса" атты кітабы көпшілікке таныстырылды.

"Хамса" – Әлішер Науаидің әйгілі бес дастаннан тұратын еңбегі. Қазақ тілінде жарық көрген кітапқа "Ләйлі-Мәжін" және "Ескендір қорғаны" атты екі дастан енген. Бұл шығармаларды көне өзбек тілінен қазақтың белгілі ақыны Несіпбек Айтұлы аударды.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл күннің қазақ және өзбек әдебиеті үшін, сондай-ақ, тұтас түркі жұрты үшін маңызы зор екенін айтты.

"Абай қазақтың ғана ақыны емес. Ол – барша адамзатқа ортақ ғұлама. Ақынның ой-толғамдары мен өсиеті барша түркі жұртына арналған десек те, артық бола қоймас. Қазіргідей сын-қатерлер заманында біз осындай ортақ құндылықтарымызды кеңінен дәріптеуіміз керек. Әсіресе, жас буынға жан-жақты насихаттасақ, түркі дүниесінің бірлігін нығайтуға қосылған үлкен үлес болар еді", – деді сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол Абай мен Науаи мұраларының рухани сабақтастығына назар аударды.

"Шығыс шайырларының дара тұлғасы, ежелгі түркі әдебиетінің атасы Әлішер Науаидің еңбегін қазақ тіліне аударуды маңызды оқиға деп қабылдаймыз. Бұл – қазақ әдебиетіне қосылған құнды үлес. Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алғанын бәріміз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан келгенде, екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар", – деген Мәулен Әшімбаев Науаи поэзиясының маңызы мен әлемдік әдебиеттегі орны туралы да сөз қозғады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды 

Салтанатты рәсім кезінде Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов және ақын Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, мұндай шаралар түркі әлемінің ынтымағын нығайта түсетінін айтты, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Аталған игілікті іске Халықаралық Түркі Академиясы ұйытқы болды.  

47
Тақырып бойынша
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Петропавл түрмесінде Абайдың алып суреті салынды – фото
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Абайдың мерейтойы кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа​ жол берген жоқпыз – Тоқаев
Сенатор ұлттық құндылықтар эфирде насихатталмай жатқанына күйінді
Сенат депутаты

Ағылшын саяхатшысын таңғалдырған жер: депутат Қапал ауылының жағдайына алаңдады

52
(Жаңартылды 12:48 26.11.2020)
Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өшпес тарихы бар Қапал ауылының қазіргі жағдайына алаңдап, оны үкіметтің қорғауындағы нысандар қатарына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, 1847 жылы бекініс ретінде, Ресей империясының мүддесіне сай бой көтерген елді мекеннің тарихын тану, оны ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің мәдени  ескерткіші ретінде ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың рухани мәні зор.

"Бұл өлке сонау Түркі дәуірінен, Қимақ мемлекеті тұсынан бері танымал, белгілі тарихи жер. Қапал – ұлтымыздың ұлы тұлғасы Шоқан Уәлихановтың, Петр Семенов-Тяньшанскийдің ізі қалған жер. Қапал – ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонды таңғалдырған жер. Қапал – жоңғар шапқыншыларымен шайқаста ту көтерген Қапал батыр жатқан жер. Бұл туралы Уәлихановтың "Жоңғария очерктерінде" жазылған", - деді ол үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. 

Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген. 

"Сан ғасырлық тарихы бар Қапал ауылының бүгінгі жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймайды. XIX ғасырдың ескерткіші болып саналатын қос қабатты үйлердің бет жағы ғана аман қалған. Ескі екі мешіт үйі де қараусыз қалып, құлаған. Көп үйлердің ағаштарын жергілікті тұрғындар бұзып алып, қора-қопсы салып алғаны да жасырын емес. Ауылдың рухани орталығы болған Қапалдағы ақын Сара мен Фатима Ғабитованың музей үйлерінің де ізі жоқ. Ондағы құнды экспонаттар да жоғалған", - деп қапаланды сенатор.

Депутаттың пікірінше, атақты Жібек жолының бір бекеті, Қапал ауылы қай жағынан алсаң да Жетісудың туристік мекеніне айнала алады. Ол Қапалдағы тарихи ескерткіштердің қорғалмай, ескерусіз қалатынына алаңдады. 
Осыған байланысты сенат депутаттары сәулетшілер, тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтардан тұратын арнайы комиссия құрып, Қапал ауылының мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды, оларды үкіметтің қорғауындағы объектілер қатарына қосуды ұсынды.

52
Кілт сөздер:
ауыл, депутат
Тақырып бойынша
Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты
"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша – депутат сұрағына үкімет мүшелері жауап берді