Асанәлі Әшімов Астанадағы Еуразия кинофестивалінің қызыл кілемінде

"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды

21493
(Жаңартылды 11:38 23.01.2019)
Асанәлі Әшімов қартайған сайын жұмысының көбейіп жатқанын айтады

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Асанәлі Әшімов өзі отырған көлікті тоқтатқан полицейден "пара" алған. Актердің басынан өткен бұл қызықты оқиғаны режиссер Есмұхан Обаев баяндап берді.

Танымал режиссер Есмұхан Обаев халық әртісі Асанәлі Әшімовтің басынан өткен қызықты оқиғаны еске алды. Актер бірде көлікті тоқтатқан полицейдің ақшасын алып қойған. 

"Жақында Түркістанға бардық. Шымкенттің жаңа жолымен 160-170-пен басып келе жатырмыз. Бір ГАИ тоқтатты. Асанәлі алдында, мен көліктің артында отырмын. Содан ол шопырға есікті ашқызбай, полицейді қолымен нұсқап шақырып алды. "Немене әкең өлді ме? Бүгінгі кезек қалай өтіп жатыр? Қанша түсті? Тапқаныңның бәрін әкел" деп еді, полицей сасып қалып, қолындағы бес мың теңгесін бере салды. Асанәлі алды да қалтасына салып алды. "Артта бір автобуспен әртістер келе жатыр. Соларды жақсылап қарап ал. Ұқтың ба?" деді де біз кетіп қалдық. Өмірде полицейден "пара" алған адам жалғыз Әшімов", — деп күлді режиссер Есмұхан Обаев Қазақстан арнасы түсірген Асанәлі Әшімов туралы деректі фильмде.

Тағы оқыңыз: 

Ел таныған Асанәлі Әшімов бүгінде ардақты ақсақал, ақылды, қамқоршы, көреген жан. Десе де ол жас келді деп жасқанбайтынын айтады. Әлі де сүйген халқы үшін кербездік пен әсемпаздықтың символы болмақ.

"Қартайған сайын жұмыс көбейіп кетті. Театрда көркемдік жетекшімін, өнер академиясында екі курсым бар. Бұдан бөлек Қазақстан театрлары ассоциациясының президентімін. Олардың да фестивальдері көп. Сексеннен асқаннан кейін олай-бұлай жүре беру қиын. Бірақ осының барлығы ұзақ өмір сүруіңе жәрдемдесетін болуы керек", — дейді Асанәлі Әшімов.

Сондай-ақ, ол өмірінде ешуақытта актер болуды армандамағанын айтты. Алғашында Алматы қаласына мал дәрігері мамандығына түсу үшін келген. Бүгінде 11 жасар ұлына актер болуға рұқсат бергенімен, қызы Сағинаның бұл саланы таңдауына түбегейлі қарсы.

21493
Кілт сөздер:
театр, актер, халық әртісі, пара, полиция, Асанәлі Әшімов
Тақырып бойынша
Асанәлі Әшімов парамен ұсталған театр директорына қолдау көрсетті
Елбасы Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді
Есейген "Один дома" кейіпкері фильмнің қызықты сәттерін қайталады
"Туфлиін шешіп алып ұратын". Жұлдыздар мектептегі қызықты оқиғаларын айтып берді
Павлодарлық бірінші сынып оқушысы әлеуметтік желіде жұлдыз болды – қызықты видео
АҚШ елшісінің қалпағын жел ұшырып кеткен: елорданы көшіру кезіндегі қызықты жайттар
Астана туралы сіз білмейтін қызықты 10 дерек
Микрофон

Қазір иттің итақайы әнші болып жүр Рамазан Стамғазиев

1705
Рамазан Стамғазиев карантинге байланысты той-томалақ тоқтаса да, дәстүрлі әншілер студенттерге сабақ беріп, табыс тауып отырғанын айтты

Алматы, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз ретінде баланың көзіне қарап отырып білім бергенге ештеңе жетпейді дейді. Өзі мұғалім болып қызмет атқаратын Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы студенттерінің басым бөлігі онлайн білім алып жүр. Дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында онлайн білім беру мен дәстүрлі әншілердің табысы жайлы айтты. Сондай-ақ, эстрадада фонограммаға тыйым салуға қатысты пікір білдірді.

Қашықтан оқытудың қиындығы жайлы

Стамғазиев жұмыс істейтін Құрманғазы атындағы консерваторияның бірінші курс студенттері оқу ордасында білім алып жатыр. Ал қалған курстың студенттері қашықтан, түрлі платформаны пайдаланып оқып жүр.

"Былтыр онлайн оқу цифрлық Қазақстанның көпірік сөзбен ғана іс атқарғанын, жалпы бұл жағынан әлсіздігін көрсетті. Биыл оқу жылында 30-40 минуттың ішінде мың өшіп, мың қосылып, арасында Whatsapp-қа көшіп, оқытып жатырмыз. Бір жақсысы, дәстүрлі әншілердің барлығы оқулық жазған. Электронды нұсқасы студенттерге қолжетімді", - дейді дәстүрлі әнші.

Әңгіме барысында онлайн оқу мен дәстүрлі оқу форматының да айырмашылығын сұрадық. Айтуынша, баланың көзіне қарап сабақ бергенге ештеңе жетпейді.

Тағы оқыңыз: "Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты

"Айырмашылық көп. Баланың көзіне қарап, адамның арғы дүниесін танып оқыту керек қой. Сабақ кезінде нотаны айғайлап көрсету, домбыра тарту техникаларын көрсету керек. Себебі домбыраны бұғып қағу, көсіп қағу, шертіп қағу, іліп қағу деген түрі болады. Соны қасында отырып көрсеткенге жетпейді. Бұрын сабақ елу минут өтсе, қазір қырық минут зыр етіп өте шығады", -  дейді ол.

Дәстүрлі әншінің табысы

Дәстүрлі әншілер карантинге дейін арасында тойға, концертке шығып табыс табатын. Стамғазиевтің айтуынша, дәстүрлі әншілердің негізгі табыс көзі – тұрақты жұмысы. Сол себепті той тоқтағанымен, табысы азайған жоқ.

"Дәстүрлі әншілердің бақыты – мемлекеттік, білім беру орындарында табан тіреп, орнығуы. Той-томалақтың ақшасына күні қарап қалған жоқ. Сабақ беріп, жанын бағып отыр. Айдың соңында айлығын алатынына сенімді. Сабағын беріп, табыс тауып отыр", - дейді әнші әріптестерінің табысы жайлы.

"Фонограмманы жою керек"

"Мәдениет саласы жөніндегі заң жобасымен танысқан жоқпын. Дәстүрлі әншілер жайында ішінде не айтылғанын білмеймін. Алайда қазір телеарналарда фонограммаға тыйым салу жайлы айтып жатыр. Иә, фонограмманы жоғалту керек. Жалпақ шешен болып, оны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Себебі олай жасаса, баяғы "ертегі" қайтып келеді. Өнер әлемінде осы бағыт өлі қалпында жатыр. Әншілердің кәсіби деңгейі өсуі үшін фонограмманы жоғалту керек", - дейді Стамғазиев.

Арам шөпті де қайта өспеуі үшін тамырынан жұлып тастайтынын мысал ретінде келтірген әнші фонограмманы да солай тоқтату керек деп санайды.

"Сонда ғана әншінің деңгейі мен халықтың талғамы өседі. Әншінің репертуары да түзеледі. Сол кезде ғана өсу басталады. Жабайы тілмен айтқанда, қазір иттің итақайы әнші болып жүр. Жазып алып сахнаға шығады, ел оны әнші екен деп ойлайды. Біріншіден, әншінің қадірі кетті. Екіншіден, кәсіби әнші мен әуесқой әншінің арасын ажырата алмай қалды", - дейді ол.

Стамғазиевтің пікірінше, заңды қабылдаған соң кім де кім сахнада яки тойда фонограммамен ән салатын болса, ірі көлемде айыппұл салып, жаза қолдану керек.

"Кәсіби әнші музыкалық техникаға қарамайды. Ал жанды дауыста ән айту үшін мықты аппаратура қажет дейтіндер – қаланың ішінде жүріп ән салатындар. Аудандарға, ауылдарға барып көрмеген әншілер солай айтады. Ауылдық жерде жақсы техника жоқ екені рас, алайда барлық жерде олай емес. Әншілер шетелдегі аппараттың ауылдарда тұрғанын армандайды", - дейді Стамғазиев.

Айтуынша, дәстүрлі әнші Жұбаныш Жексенұлы, "Заман" тобы, Саят Медеуовтің шығармашылығын ұнатады.

"Ал әуесқой әнші деген – "әуестенбей, қой" дегенде қоймайтын адамдар. Олар халық қабылдамағанын біліп, көріп тұрса да қоймайды", - дейді ол.

Сахнада отыз жылдан бері жүрген дәстүрлі әнші әуесқойлар ақша мен техниканың күшімен әнші болып жүр деп санайды.

1705
Кілт сөздер:
фонограмма, әнші, Рамазан
Тақырып бойынша
Полиция әнші Кенталдың видеосын адамдардың қайғы-қасіретін мазақ ету деп атады
Хасанғалиевтің әніне неге тыйым салынды – сексенге толған әнші жайлы қызық деректер
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты
Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым
MTV логотипі

MTV USA тарихында тұңғыш рет қазақ тіліндегі клип көрсетіледі

80
(Жаңартылды 09:31 01.10.2020)
Премьера жұма күні кешкі уақытқа жоспарланып отыр. Әнші тағы бір арманы орындалғанын айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Димаш MTV USA экранына шығады. Ол бұл арнада клипі қазақ тілінде көрсетілетін тұңғыш әнші, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Видео MTV USA арнасында шығады. Ал АҚШ-тан тыс тұратын жанкүйерлер MTV-дің YouTube ресми каналынан тамашалай алады. 

"Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз", - деп жазды Димаш.

Бейнеклип жұма күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17.00-20.00 аралығында экранға шығады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 3.00- 6.00). Бұл Америкадағы жұма күнгі прайм-тайм. Америкалық MTV-ды бұл уақытта ең көп көрермен тамашалайды.

80
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

0
Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы есеп берілді.

Ғизат Нұрдәулетов президенттің қылмыспен күресті күшейту, құқық қорғау және өзге де органдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін үйлестіру жөнінде жүктеген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен кезеңде елімізде қылмыс көлемі үш есеге жуық азайған. Ұрлық, қарақшылық шабуылдар, тонау және бұзақылық қылмыстары екі есе аз тіркелген.

Президентке заңдылықты сақтауды қадағалау барысында прокурорлар сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша 63 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны, сондай-ақ, тергеу мерзімін тоқтату және кейінге шегеру жөніндегі 17 мың заңсыз қаулының күшін жойғаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жекелеген саладағы қызметін реттейтін  заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің нәтижелері бойынша прокурорлардың қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.

0
Кілт сөздер:
прокурор, Қасым-Жомарт Тоқаев