Мәдениет

Димаш пен Данэлия қатысқан америкалық шоуды қалай көруге болады?

© Sputnik / Медиабанкке өтуДимаш Кудайберген выступает на открытии XXVII Международного фестиваля искусств "Славянский базар" в Витебске
Димаш Кудайберген выступает на открытии XXVII Международного фестиваля искусств Славянский базар в Витебске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өкінішке қарай, қазақстандықтар отандық жас жұлдыздарға жанкүйер бола алмайды

АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың қатысқан америкалық The World's Best шоуының премьерасы CBS арнасында басталады. Sputnik Қазақстан байқауды тікелей эфирде тамашалау мүмкіндігінің бар-жоғын анықтап көрді.

The World's Best шоуы нешеде басталады?

Телеарнаның бағдарламасында премьераның Супербоулдан (Америка футболындағы финалдық ойын) кейін эфирге шығатыны көрсетілген.

Супербоул 4 ақпанда Астана уақытымен таңғы 4:30-да басталады. Ойын ұзақтығы – 60 минут. Ендеше, The World's Best шоуы да дүйсенбі күні таңғы 6 шамасында басталады.

Қазақстандықтар тікелей эфирде Димаш пен Данэлияға жанкүйер бола ала ма?

Шоу интернетте трансляцияланады, алайда эфир, соның ішінде онлайн-трансляция CBS арнасы хабар тарататын өңірлерге ғана таралады: АҚШ, Канада, Мексика, Бермуд аралдары, Еуропа және Ұлыбритания, Австралия, сондай-ақ Азияның бірнеше өңірі – Гонконг, Филиппин, Үндістан және Израиль.

Трансляция шоудың басты бетінде басталады.

Алайда қазақстандықтар шоуды одан тамашалай алмайды. Байқаудың эпиозодтары біраз уақыттан кейін бейнеролик ретінде жарияланып отырады.

The World's Best деген не?

Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген бәрін басынан бастайтынын мәлімдеді
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әншілер, бишілер, цирк әртістері мен иллюзионистер бақ сынайтын таланттар шоуы.

Әділқазылар алқасының құрамына актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл кірген. Қатысушылар тек қазылар алқасын ғана емес, әртүрлі саладан жиналған 50 сарапшыны да өнерімен тәнті етуі тиіс.

Қазақстаннан қатысатын сарапшылардың бірі – актриса әрі продюсер Гауһар Нұртас.

Жаңалықтар
0