Мәдениет

Димаш Құдайберген Америка жұртшылығын аузына қаратты

Жазылу
Дарындылар шоуының әділ қазылары қазақстандық орындаушының өнеріне жоғары баға берді

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Бүкіл әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best ("Әлемнің үздігі") шоуында бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 98 ұпай жинады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде байқаудың әділ қазылары Димаштың өнерін бағалап жатқан сәті түсірілген видео жарияланды. Видеодан үш әділ қазының да Димашқа 50 ұпай қойғаны, ал түрлі саладан жиналған 50 сарапшы қазақстандық әншіге 98 балл бергені көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash 🌟 FanPage (@dimash_gifted)

Жас әнші шоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien әнін орындаған.

Айта кетсек, қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген қатысқан таланттар шоуының алғашқы кезеңі CBS телеарнасында бүгін Астана уақытымен таңғы 7.00-де трансляцияланды.

Жаңалықтар
0