Оскар жүлдесін тапсыру салтанаты

"Оскар" жүлдесін кімдер иеленгені белгілі болды

396
(Жаңартылды 15:11 25.02.2019)
"Жасыл кітап" үздік фильм, Рами Малек үздік актер, ал Оливия Колман үздік актриса деп танылды

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Лос-Анджелес қаласында 91-рет ұйымдастырылған "Оскар" жүлдесінің жеңімпаздары анықталды.

Биыл салтанатты жиын жүргізушісіз өтті. Осылайша, ұйымдастырушылар көрермендердің "Оскар" жүлдесіне деген қызығушылығын оятпақ болған.

Жылдың үздік фильмі – "Жасыл кітап" (Green Book), үздік актер – Рами Малек (Rami Said Malek), ал үздік актриса – Оливия Колман (Olivia Colman);

2019 жылы "Оскар" жүлдесін иеленгендердің тізімі:

Үздік актер – Рами Малек, "Богемия рапсодиясы" (Bohemian Rhapsody);

Үздік актриса – Оливия Колман, "Фаворит" (The Favourite);

Үздік фильм – "Жасыл кітап" (Green Book), авторлары Ник Валлелонга, Брайан Хэйес Карри, Питер Фаррелли;

Үздік қысқаметражды фильм  (анимация) – "Bao", режиссері Доми Ши;

Үздік толықметражды фильм (анимация) – "Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде" (Spider-Man: Into the Spider-Verse), режиссерлері Питер Рэмзи, Боб Персичетти, Родни Ротман;

Үздік деректі фильм – "Саяқ" (Free Solo);

Үздік қысқаметражды деректі фильм – "Кезең. Ұсыныстың соңы" (Period. End Of Sentence) режиссері Rayka Zehtabchi;

Шетел тіліндегі үздік фильм –  "Рим" (Roma), Мексика;

Үздік бейімделген сценарий – "Қара нәсілді Ку-клукс-кландық" (BlacKkKlansman), авторы Спайк Ли, Чарли Вачтел, Кевин Уиллмотт;

Үздік қайталанбас сценарий – "Жасыл кітап" (Green Book), авторы Ник Валлелонга, Брайан Хэйес Карри, Питер Фаррелли;

Үздік киімдер дизайны – "Қара пантера" (Black Panther), Ruth E. Carter;

Үздік дыбыс монтажы – "Богемия рапсодиясы" (Bohemian Rhapsody);

Үздік дыбыспен жұмыс – "Богемия рапсодиясы" (Bohemian Rhapsody);

Үздік оператор жұмысы – "Рим" (Roma), оператор Альфонсо Куарон;

Үздік арнайы эффектілер – "Бірінші адам" (First Man);

Үздік қоюшы-суретші жұмысы – "Қара пантера" (Black Panther), Ханна Бихлер;

Үздік режиссер – Альфонсо Куарон, "Рома" (Roma);

Үздік монтаж – "Богемия рапсодиясы" (Bohemian Rhapsody), монтаж Джон Оттман;

Үздік саундтрек – "Қара пантера" (Black Panther);

Үздік ән – Shallow ("Жұлдыз туды"  / A Star Is Born);

Үздік екінші пландағы актриса – Реджина Кинг, "Егер Бил-стритке тіл бітсе" (If Beale Street Could Talk) ;

Үздік екінші пландағы актер – Махершала Али ("Жасыл кітап" / Green Book);

396
Кілт сөздер:
фильм, режиссер, актер, Оскар жүлдесі
Тақырып бойынша
Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады
Самал Еслямова түскен фильм "Оскар" жүлдесінің шорт-парағына ілікті
"Оскар 2019" кино жүлдесі: марапатқа лайықты фильмдер – фото
Америкалық актер "Оскар" жүлдесіне көйлекпен келіп, жұрттың жағасын ұстатты
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

47
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

47
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
Абай өзбек, Науаи қазақ тілінде жарық көрді

Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді

47
(Жаңартылды 17:51 03.11.2020)
Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алған. Сондықтан екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар, деп атап өтті Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның өзбек тіліне аударылған шығармалары мен шығыстың ғұлама шайыры Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген "Хамса" атты кітабы көпшілікке таныстырылды.

"Хамса" – Әлішер Науаидің әйгілі бес дастаннан тұратын еңбегі. Қазақ тілінде жарық көрген кітапқа "Ләйлі-Мәжін" және "Ескендір қорғаны" атты екі дастан енген. Бұл шығармаларды көне өзбек тілінен қазақтың белгілі ақыны Несіпбек Айтұлы аударды.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл күннің қазақ және өзбек әдебиеті үшін, сондай-ақ, тұтас түркі жұрты үшін маңызы зор екенін айтты.

"Абай қазақтың ғана ақыны емес. Ол – барша адамзатқа ортақ ғұлама. Ақынның ой-толғамдары мен өсиеті барша түркі жұртына арналған десек те, артық бола қоймас. Қазіргідей сын-қатерлер заманында біз осындай ортақ құндылықтарымызды кеңінен дәріптеуіміз керек. Әсіресе, жас буынға жан-жақты насихаттасақ, түркі дүниесінің бірлігін нығайтуға қосылған үлкен үлес болар еді", – деді сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол Абай мен Науаи мұраларының рухани сабақтастығына назар аударды.

"Шығыс шайырларының дара тұлғасы, ежелгі түркі әдебиетінің атасы Әлішер Науаидің еңбегін қазақ тіліне аударуды маңызды оқиға деп қабылдаймыз. Бұл – қазақ әдебиетіне қосылған құнды үлес. Абай Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алғанын бәріміз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан келгенде, екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар", – деген Мәулен Әшімбаев Науаи поэзиясының маңызы мен әлемдік әдебиеттегі орны туралы да сөз қозғады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда Абай мектептерін ашуды ұсынды 

Салтанатты рәсім кезінде Өзбекстан Олий мәжілісі сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов және ақын Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, мұндай шаралар түркі әлемінің ынтымағын нығайта түсетінін айтты, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Аталған игілікті іске Халықаралық Түркі Академиясы ұйытқы болды.  

47
Тақырып бойынша
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Петропавл түрмесінде Абайдың алып суреті салынды – фото
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Абайдың мерейтойы кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа​ жол берген жоқпыз – Тоқаев
Сенатор ұлттық құндылықтар эфирде насихатталмай жатқанына күйінді
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

4
(Жаңартылды 16:13 26.11.2020)
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

4
Кілт сөздер:
баспана, тұрғындар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі
"5-10-20" бағдарламасының төртінші кезеңі басталды: өтінішті кімдер тапсыра алады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады