Мәдениет

Самал Еслямова үздік актриса ретінде "Азия Оскарын" алды   

© Sputnik / Владислав ВодневСамал Еслямова
Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Asian Film Awards Academy "Азия Оскары" деп аталады

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Самал Еслямова Гонконгта "Айка" картинасындағы рөлі үшін "үздік актриса" ретінде Азия кинокакадемиясының (Asian Film Awards Academy) жүлдесін иеленді.

Бұл туралы фильмнің режиссері Сергей Дворцевой Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына хабарлады.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы, кеш жарық! Біз Самал екеуміз Гонконгта жүрміз, мұнда Азия кинокакадемиясы марапаттап жатыр. Самал қазір ғана "Айка" фильмі үшін "Азияның үздік актрисасы" жүлдесін алды", - деп министр Facebook-тегі парақшасында  режиссердің хабарламасын жариялады.

Министрдің айтуынша, Asian Film Awards Academy "Азия Оскары" деп аталады.

"Азия киноакадемиясы номинанттарды 11 қаңтарда таңдады. Міне – жеңіс! Бұл үлкен жетістік! Шығармашылық ұжымды шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, "Айка" фильмі Канн кинофестивалінде марапатталған еді, Самал Еслямова "Үздік әйел рөлі" жүлдесіне ие болды.

Жаңалықтар
0