Мәдениет

Қазақстандықтар Димаш Құдайбергеннің клипін қашан және қайдан көре алады?

© Sputnik / Григорий СысоевӘнші Димаш Құдайберген
Әнші Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әнші бейнебаянның премьерасы туралы инстаграмдағы парақшасында жазды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне түсірілген бейнебаянының премьерасы қашан өтетініні белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

TODAY!!!HOT🔥🔥🔥

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаштың фанаттары клипті бүгін елорда уақытымен сағат 22:00-де (Мәскеу уақытымен 19.00-де) МУЗ ТВ телеарнасынан тамашалай алады. Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

Әншінің мыңдаған фанаты бейнеклипті тағатсыздана күтетінін жазып жатыр.

"Любовь уставших лебедей" әні туралы не білеміз

Бұл әннің авторы – ресейлік миллиардер және ақын Михаил Гуцериев, музыкасын әйгілі композитор Игорь Крутой жазған. Бейнебаянның режиссері – украиналық режиссер, клипмейкер, продюсер және "Орел және решка" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Алан Бадоев.

Бейнеролик Испания мен Украинада түсірілді, түсірілім жұмыстарына 70-тен астам адам қатысқан.

Наурыз айының басында Димаш Құдайберген әннің синглын жариялады, бір апта өткеннен кейін бейнебаянның үзіндісімен бөлісті.

Әнші бұл композицияны алғаш рет өткен жылдың қарашасында Кремль сарайында Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күніне арналған концертте орындаған болатын.

Димаш Құдайбергеннің жұлдызды жолы

2000 жылы Димаш Ақтөбеде өткен республикалық "Айналайын" балалар конкурсында өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Араға он жыл салып, "Байқоңырдың әсем дауыстары" фестивалінде жеңімпаз атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

2012 жылы "Жас қанат" республикалық жас әншілер байқауында гран-при жеңіп алды. Дәл сол жылы Димаш "Восточный базар" эстрада орындаушыларының телевизиялық байқауында алғашқы жүлдені қанжығалады.

2013 жылы Қырғызстандағы "Мейкин Азия" халықаралық фестивалінде бірінші орын иеленді.

Тағы оқыңыз: "Ән өнеріндегі құбылыс" Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото

2015 жылы Витебскте өткен "Славян базары" ән фестивалінде гран-при жеңіп алды.

2017 жылы Қытайдың танымал "I am a singer" шоуында екінші орыннан көрінді. Осы байқаудан кейін қазақстандық әншінің атағы әлемге жайылды.

Мәскеудегі концерті

Димаш Құдайберген наурыз айында Мәскеудегі Кремль сарайында екі концерт берді. Отандасымыздың ән кешіне әлемнің 56 елінен фанаттар келген. Концерт Игорь Крутойдың продюсерлік орталығының қолдауымен өтті.

D-Dynasty шоуын тамашалауға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресей премьер-министрінің әйелі Светлана Медведева, саясаттанушы Ерлан Қарин, әнші Ерке Есмахан, сондай-ақ, ресейлік орындаушы Анита Цой келді.

Тағы оқыңыз: "Такой сладкий" Димашты өзбек қыздары қаумалап алды – видео

Димаш Құдайберген әндерді қазақ, орыс, француз және ағылшын тілдерінде орындады.

Жаңалықтар
0