Ержан Максим

Танымал композитор Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды

512
(Жаңартылды 11:23 15.05.2019)
Ержан Максим өзінің әншілік өнерін Мәскеуде шыңдайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik.  "Голос.Дети" байқауының финалисі Ержан Максим Мәскеуде Игорь Крутоймен кездесті. Белгілі композитор қазақстандық әншіні студияда тыңдап, өзінің музыкалық академиясына шақырған.

Қуанышты хабармен Ержан Максим өзінің Instagram–дағы ресми парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✨ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan)

"Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол" , - деп жазады Ержан.  
Ержанның әлеуметтік желіде 92 мыңға жуық оқырманы бар. Олар жас әншіге сәттілік тілеп, кеңес айтты.
"Ержан, айналайын! Керемет әнші көп,адамгершілігі мен қарапайымдылығы асып тұрған адам аз! Сондықтан, Димаш ағаң сияқты қарапайым,адамгершілігі мол азамат болуға ұмтыл! Құтты болсын! Ақ жол! Сәттілік серігің болсын! Өнерің өрге жүзсін,құлыншақ!"
"Биіктен көріне бер! Сен үшін қуаныштымыз әрі тілекшіміз! Әлем мойындаған нағыз өнер иесу болуыңа тілектеспін!"

"Игорь Крутой және басқа мықты маэстролардан дәріс алып, әлемнің жұлдызы бол! Қазақ екеніңді ешқашанда ұмытпа!"

"Жарайсың інім Қазақтың атын әлемге таныта бер тек алға қанатың талмасын самғай бер", деп жазады Ержанның оқырмандары.

512
Кілт сөздер:
академия, Ержан Максим
Тақырып бойынша
Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео
Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті – фото
Қазақ баласы Украинадағы халықаралық ән байқауында 1-орынды жеңіп алды  
Ержан Максим облыс әкімінің қолынан сыйлық алды – фото
Тойларға шықпайды: Ержан Максимнің әкесі ұлының шоудан кейін не істейтінін айтты
Еркебұлан Дайыров

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

9505
Актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Күнбағыс" фильміндегі рөлі үшін алды. Өзі жаңалықты әлеуметтік желіден естігенін айтты

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кино сыйлығы бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от movie Sunflower (@film.sunflower)

"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram арқылы білдім. Сол жақта белгілеп, құттықтап жатыр. Басында сенген жоқпын, продюсерлер хабарласып айтты. Сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге рахмет айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді Дайыров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетері, актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын жеткізді.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

9505
Кілт сөздер:
актер, Еркебұлан Дайыров
Тақырып бойынша
Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген халықаралық "Новая волна-2021" байқауында қазылық етеді

71
Байқаудың финалына 10 елдің өнерпазы өтті, оның ішінде Қазақстан атынан "Mezzo" тобы қатысады

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін "Новая волна-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді.

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген "Новая волна-2021" байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады.

Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті.

Қазақстан атынан байқауға "Mezzo" тобы қатысады.

2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

Топ 2012 жылы құрылған. Топтың продюсері – Әбдел Мұхтаров. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады.

Mezzo тобы Andrea Bocelli, IlDivo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra сияқты әртістердің репертуарындағы әндердің каверін, сондай-ақ өз әндерін әртүрлі тілде шырқап жүр.

71
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген

Жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма видео

0
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ вакцина салдырған әйелдер баласын әрі қарай емізе алатынын айтты 

Бұл тақырып кейінгі кездері Қазақстанда да жиі талқыланып жүр. Соған байланысты Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінен ресми жауап беруін сұрады.

Вакциналау және жүктілік тақырыбы бойынша денсаулық сақтау министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басқарма төрағасы Динара Мырзахметова және қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жүкті әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуға қатысты сауалдарға жауап берді.

Динара Мырзахметованың айтуынша, қазірге дейін вакцинаның жүкті әйелдерге қалай әсер ететіні туралы зерттеу жүргізілмеген. Сол себепті жүктілік кезінде вакцина салу қарсы көрсеткіш болып саналады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина шығарылатын өндірістерде жүргізілетін клиникалық өзгерістердің нәтижесі бойынша белгілі бір тұжырымдар жасайды. Соңғы 10 күнде Америкада 90 мыңға жуық жүкті әйел коронавирусқа қарсы екпемен қамтылғаны туралы ақпарат түсіп жатыр. (...) Біздің елге келіп түскен 4 түрлі вакцинаның сипаты, шығару, өндіру технологиясына жүгінетін болсақ, бұл вакциналардың құрамында жүктілік кезінде кері әсер ететін ингредиенттер жоқ", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Маманның сөзінше, Қазақстанда кейінгі жылдары жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцина салынады. Қазірге дейін олардың арасында вакцинадан кейін ауыр жағдайға тап болғандар тіркелмеген.

Сонымен қатар елімізде вакцинаның бірінші компонентін салдырған соң өзінің жүкті екенін білгендер бар. Мұндай жағдайда жүктілікті тоқтатудың қажеті жоқ.

"Мамандардың кеңесіне жүгіну қажет. Статистикалық мәлімет бойынша мұндай жағдай өте аз кездеседі. Алайда нақты саны жоқ, оларды жаппай статистикаға алып жатқан жоқпыз. Әр өңірден келіп түсетін бірен-саран жағдайлар", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

0
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, жүкті әйел