Мәдениет

Мұхамедиұлының парақшасына тіркеліп, Ержан Максимнің концертіне билет ұтып ал   

© Sputnik / Владислав ВодневМәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы Ержан Максим
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Голос.Дети шоуының жеңімпазы Ержан Максим - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен министрліктің екі баспасөз қызметкерінің  Instagram-дағы парақшасына тіркелгендерге жас әншінің концертіне билет сыйға тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Қазақстан мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы Ержан Максимнің концертіне тегін билет алуға конкурс жариялады.

Билет алғысы келетіндер мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен министрліктің екі баспасөз қызметкерінің  Instagram-дағы парақшасына тіркеліп, осы постың астына 3 досын белгілеуі қажет. Көп белгілеген сайын ұтуға мүмкіндік артады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aidar Kyrykbaıýly (@aidar_kk)

"28 маусым күні ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында ерекше дауыс иесі Ержан Максимнің жеке ән кеші өтеді. Қолданушыларға билеттер сыйлаймын деп шештім", - деп жазды ведомствоның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Конкурстың 10 жеңімпазы 21 маусым күні тікелей эфирде кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.  

Тағы оқыңыз: "Голос.Дети" шоуының арнайы шығарылымында барлық финалис жеңімпаз атанды

12 жастағы қазақстандықтың жеке концерті 28 маусымда сағат 19:00-де Нұр-Сұлтанда "Қазақстан" Орталық концерт залы сахнасында өтеді. Кешті Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Ержан Максиммен бірге сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ринат Гайсин және Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.  

Жаңалықтар
0