Димаш, архивтегі сурет

Димаш қазақ тілінде ән салған шетелдік аруға тәнті болды видео

1902
Индонезиялық бойжеткен Димаштың "Ұмытылмас күн" әнін қазақ тілінде орындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Димаш өзінің әнін қазақ тілінде орындаған шетелдік арудың өнеріне тәнті болды. Ол "Ұмытылмас күн" әнін шырқап тұрған қыздың видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

"Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво", - деп жазды әнші.

Димаштың желідегі оқырмандары да бойжеткеннің өнерін жоғары бағалап, "дауысы сыңғырлаған, тап-таза екен" деп ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Димаш тыңдармандарын сүйінші жаңалығымен қуантты

Айта кетсек, Джеки Чанның фильмдері апталығының ашылуында Димаш осы "Ұмытылмас күн" әнін Тайваньның танымал әртісі Терри Линмен бірге орындаған еді.

1902
Кілт сөздер:
видео, Димаш Құдайберген
Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (123)
Тақырып бойынша
Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты
Қазақстандық әнші Димаш жайлы: айқайлағанда өшіріп тастаймын
Димаш "Славян базарын" жеңіп алған Әділхан Макин жайлы жазба қалдырды
Микрофон

Қазір иттің итақайы әнші болып жүр Рамазан Стамғазиев

1732
Рамазан Стамғазиев карантинге байланысты той-томалақ тоқтаса да, дәстүрлі әншілер студенттерге сабақ беріп, табыс тауып отырғанын айтты

Алматы, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаз ретінде баланың көзіне қарап отырып білім бергенге ештеңе жетпейді дейді. Өзі мұғалім болып қызмет атқаратын Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы студенттерінің басым бөлігі онлайн білім алып жүр. Дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында онлайн білім беру мен дәстүрлі әншілердің табысы жайлы айтты. Сондай-ақ, эстрадада фонограммаға тыйым салуға қатысты пікір білдірді.

Қашықтан оқытудың қиындығы жайлы

Стамғазиев жұмыс істейтін Құрманғазы атындағы консерваторияның бірінші курс студенттері оқу ордасында білім алып жатыр. Ал қалған курстың студенттері қашықтан, түрлі платформаны пайдаланып оқып жүр.

"Былтыр онлайн оқу цифрлық Қазақстанның көпірік сөзбен ғана іс атқарғанын, жалпы бұл жағынан әлсіздігін көрсетті. Биыл оқу жылында 30-40 минуттың ішінде мың өшіп, мың қосылып, арасында Whatsapp-қа көшіп, оқытып жатырмыз. Бір жақсысы, дәстүрлі әншілердің барлығы оқулық жазған. Электронды нұсқасы студенттерге қолжетімді", - дейді дәстүрлі әнші.

Әңгіме барысында онлайн оқу мен дәстүрлі оқу форматының да айырмашылығын сұрадық. Айтуынша, баланың көзіне қарап сабақ бергенге ештеңе жетпейді.

Тағы оқыңыз: "Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты

"Айырмашылық көп. Баланың көзіне қарап, адамның арғы дүниесін танып оқыту керек қой. Сабақ кезінде нотаны айғайлап көрсету, домбыра тарту техникаларын көрсету керек. Себебі домбыраны бұғып қағу, көсіп қағу, шертіп қағу, іліп қағу деген түрі болады. Соны қасында отырып көрсеткенге жетпейді. Бұрын сабақ елу минут өтсе, қазір қырық минут зыр етіп өте шығады", -  дейді ол.

Дәстүрлі әншінің табысы

Дәстүрлі әншілер карантинге дейін арасында тойға, концертке шығып табыс табатын. Стамғазиевтің айтуынша, дәстүрлі әншілердің негізгі табыс көзі – тұрақты жұмысы. Сол себепті той тоқтағанымен, табысы азайған жоқ.

"Дәстүрлі әншілердің бақыты – мемлекеттік, білім беру орындарында табан тіреп, орнығуы. Той-томалақтың ақшасына күні қарап қалған жоқ. Сабақ беріп, жанын бағып отыр. Айдың соңында айлығын алатынына сенімді. Сабағын беріп, табыс тауып отыр", - дейді әнші әріптестерінің табысы жайлы.

"Фонограмманы жою керек"

"Мәдениет саласы жөніндегі заң жобасымен танысқан жоқпын. Дәстүрлі әншілер жайында ішінде не айтылғанын білмеймін. Алайда қазір телеарналарда фонограммаға тыйым салу жайлы айтып жатыр. Иә, фонограмманы жоғалту керек. Жалпақ шешен болып, оны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Себебі олай жасаса, баяғы "ертегі" қайтып келеді. Өнер әлемінде осы бағыт өлі қалпында жатыр. Әншілердің кәсіби деңгейі өсуі үшін фонограмманы жоғалту керек", - дейді Стамғазиев.

Арам шөпті де қайта өспеуі үшін тамырынан жұлып тастайтынын мысал ретінде келтірген әнші фонограмманы да солай тоқтату керек деп санайды.

"Сонда ғана әншінің деңгейі мен халықтың талғамы өседі. Әншінің репертуары да түзеледі. Сол кезде ғана өсу басталады. Жабайы тілмен айтқанда, қазір иттің итақайы әнші болып жүр. Жазып алып сахнаға шығады, ел оны әнші екен деп ойлайды. Біріншіден, әншінің қадірі кетті. Екіншіден, кәсіби әнші мен әуесқой әншінің арасын ажырата алмай қалды", - дейді ол.

Стамғазиевтің пікірінше, заңды қабылдаған соң кім де кім сахнада яки тойда фонограммамен ән салатын болса, ірі көлемде айыппұл салып, жаза қолдану керек.

"Кәсіби әнші музыкалық техникаға қарамайды. Ал жанды дауыста ән айту үшін мықты аппаратура қажет дейтіндер – қаланың ішінде жүріп ән салатындар. Аудандарға, ауылдарға барып көрмеген әншілер солай айтады. Ауылдық жерде жақсы техника жоқ екені рас, алайда барлық жерде олай емес. Әншілер шетелдегі аппараттың ауылдарда тұрғанын армандайды", - дейді Стамғазиев.

Айтуынша, дәстүрлі әнші Жұбаныш Жексенұлы, "Заман" тобы, Саят Медеуовтің шығармашылығын ұнатады.

"Ал әуесқой әнші деген – "әуестенбей, қой" дегенде қоймайтын адамдар. Олар халық қабылдамағанын біліп, көріп тұрса да қоймайды", - дейді ол.

Сахнада отыз жылдан бері жүрген дәстүрлі әнші әуесқойлар ақша мен техниканың күшімен әнші болып жүр деп санайды.

1732
Кілт сөздер:
фонограмма, әнші, Рамазан
Тақырып бойынша
Полиция әнші Кенталдың видеосын адамдардың қайғы-қасіретін мазақ ету деп атады
Хасанғалиевтің әніне неге тыйым салынды – сексенге толған әнші жайлы қызық деректер
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты
Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым
MTV логотипі

MTV USA тарихында тұңғыш рет қазақ тіліндегі клип көрсетіледі

80
(Жаңартылды 09:31 01.10.2020)
Премьера жұма күні кешкі уақытқа жоспарланып отыр. Әнші тағы бір арманы орындалғанын айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Димаш MTV USA экранына шығады. Ол бұл арнада клипі қазақ тілінде көрсетілетін тұңғыш әнші, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Видео MTV USA арнасында шығады. Ал АҚШ-тан тыс тұратын жанкүйерлер MTV-дің YouTube ресми каналынан тамашалай алады. 

"Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз", - деп жазды Димаш.

Бейнеклип жұма күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17.00-20.00 аралығында экранға шығады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 3.00- 6.00). Бұл Америкадағы жұма күнгі прайм-тайм. Америкалық MTV-ды бұл уақытта ең көп көрермен тамашалайды.

80
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Коронавирус, госпиталь

Қазақстандағы коронавирус: комиссия соңғы ақпаратты бөлісті

12
(Жаңартылды 09:03 26.10.2020)
Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте жиырма бес адам, астанада - 23 науқас

НҰР-СУҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik.  Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. 

Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте 25 адам, астанада - 23 науқас, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 23
  • Алматы қаласы - 15
  • Ақмола облысы - 14
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 8
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 25
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 10
  • Қостанай облысы - 6
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 542. 

Коронавирустық пневмония

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы тіркелді. 71 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 36 921 адам дертке шалдығып, 394 науқас көз жұмды. Жазылып шыққандардың саны  - 28 531 адамға жетті.

 

12
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Кавасаки синдромы коронавирустың асқынған түрі ме - ғалым жауап берді