Димаш Құдайберген, архивтегі сурет

Димаш тыңдармандарын сүйінші хабарымен қуантты

4493
Әлемге әйгілі әнші әлеуметтік желідегі фанаттарына қуанышты жаңалығын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. Таңғажайып дауысымен дүние жүзін тәнті еткен қазақ әншісі Димаш Құдайберген биыл 10 желтоқсанда Нью-Йоркте концерт беретінін мәлімдеді.

"Dears (Димаштың фанаттары өздерін осылай атайды - Sputnik), 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі  Barclays Center стадионында жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол билеттердің сатыла бастағаны туралы жуырда хабарлайтынын жеткізіп, әлеуметтік желідегі парақшасын қарап жүруге кеңес берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаш Нью-Йоркте Arnau концертін қояды. Жеке ән кеші 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 19.00-де өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы бес кезі).

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Димаштың АҚШ-тағы концертінің билеті "өте қымбат болады".

Barclays Center – Нью-Йорктің Бруклин ауданында орналасқан спорт аренасы. Концерт залына 19 мың адам сыяды. Мұнда 26 қазанда композитор Игорь Крутой 65 жас мерейтойына орай кеш өткізбекші. Димаш Құдайберген осы кештің құрметті қонағы болмақ.

Тағы оқыңыз: "Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео

Димаштың Arnau концерті 29 маусымда "Астана Арена" стадионында өткен еді. Ол кезде әншінің тыңдармандары әлемнің түпкір-түпкірінен жиналды, ал наурыз айында Димаш Кремль сарайында концерт қойды.

29 қарашада атақты әнші Санкт-Петербургте 12 мың көрермен алдында ән шырқайды.

4493
Кілт сөздер:
концерт, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Қауіпті болуы мүмкін": Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты
Димаш Құдайберген тыңдармандарына бейнеүндеу жолдады
Танымал ресейлік жүргізуші Димашты әлемнің жаңа секс-символы деп атады - видео
"Бұл - сенсация": тыңдарман Димаштың жаңа әніне тәнті болды – видео
Скрипка

Қазақстанда Санкт-Петербург музыка үйінің шеберлік сағаты өтті

15
Әлемге әйгілі ресейлік орындаушылар қазақстандық жас музыканттарға онлайн шеберлік сағаттарын өткізді

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда Санкт-Петербург музыка үйінің онлайн шеберлік сағаттарының топтамасы аяқталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы хабарлады.

Ресейдің жетекші педагогтары мен музыканттары жетекшілік ететін сабақтар мамыр айында басталып, қазақстандық музыка мектептері мұғалімдерінің де, олардың шәкірттерінің де үлкен қызығушылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті  

Ресей педагогтары шеберлік сағаттарының онлайн топтамасы 3 желтоқсан, бейсенбіде аяқталды. Оларды Сергей Ролдугин, Михаил Гантварг, Андрей Диев, Максим Федотов, Алексей Массарский, Александр Мндоянц секілді әлемге әйгілі орындаушылар жүргізді.

"Пандемия кезінде Санкт-Петербург музыка үйі мен Россотрудничество өкілдігі керемет сыйлық жасады. Сабақтар өте үлкен сұранысқа ие болды. Олар біздің балаларымызға өздері үшін орындаушылық шеберліктің мүлдем жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік берді", - дейді Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі Елена Поршнева.  

Бүгін көрнекті педагог, Мәскеу мемлекеттік филармониясының профессоры Евгений Петров биылғы жылдың қорытынды шеберлік сағатын өткізді.

Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы мәдени бағдарламаларының директоры Ольга Скальчук ​​алдағы уақытта жаңа маусым мен ресейлік музыканттармен жаңа кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасында Ресейдің мемлекеттік академиялық үлкен театры және Санкт-Петербург музыка үйі мен "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры арасында ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Мемлекеттік академиялық үлкен театр мен "Астана Балет" театры арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасау туралы келісімге қол қойылғанын айтты.  

15
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген Мәскеуде жаңа әннің тұсауын кесті видео 

1892
Димаш Құдайберген тоғыз айдан кейін сахнаға шығар алдында қобалжу мен қуаныш сезімінің қатар тұрғанын айтты

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Димаш Құдайберген Мәскеуде жаңа жылдық кештің түсіріліміне қатысты. Ол "Жаңа жылдық шам" кешінде Игорь Крутой мен Игорь Николаевтың "Мен сені сағындым" атты жаңа әнін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Хизри Байтазиевпен түскен фотосын жариялап, Мәскеуге ұшып бара жатқанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ресейлік композитор Игорь Крутой да жеке парақшасында Димашты қалай күтіп алғаны, концерттің қалай өткені көрсетілген видео жариялады.

"Бүгін бақытты күн. Себебі Игорь Николаевпен бірге жазған "Мен сені сағындым" атты жаңа әніміз менің және көпшіліктің сүйікті әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауында өмір жолын бастап жатыр", - деп жазды Крутой.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Сонымен қатар Димашпен жылы жүздесіп, өткен тоғыз айдағы өміріне қатысты әсерін бөліскенін жазды. 

"Студиядағы көрермендер қуана қарсы алды. Бұл қошемет режиссердің нұсқауымен соғылмағаны сенгім келеді. Елді жаңа жылмен құттықтадық. Сүйікті іспен айналысу қандай бақыт! Мен 2020 жылды тезірек  өткізіп, 2021 жыл коронавирусты жеңіп, барша халыққа бейбітшілік пен достық, әр адамға тыныштық пен махаббат әкелетініне сенемін", - деп жазды ол.

Ал Димаш Құдайберген тоғыз айдан кейін сахнаға шығар алдында қобалжу мен қуаныш сезімінің қатар тұрғанын айтты.

"Құрметті достар! Бұл өте толғанысты сәт, араға тоғыз ай салып мен қайтадан сахнаға шықтым. Көрермендерді қатты сағынып қалдым. Әрине, сахнаны, Игорь Яковлевичті, ол кісінің роялін сағындым", - деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, әнші жаңа әннің көрермен көңілінен шығатынына сенім білдірді.

 

1892
Кілт сөздер:
Мәскеу, ән, видео, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
"Олар мені Димаш деп атайды": науқастарға ән салған санитар сұхбат берді
Димаш Джеки Чанның жаңа фильміндегі басты әнді шырқады
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

0
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

0
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады