Мәдениет

Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасында "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды. Тиісті жарлық Ақордада жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов
Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов

"Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - деп жазылған құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы не білеміз

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Үшкөң ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысы ардагері, қоғам қайраткері.

Әбдіжәміл Нұрпейісов белгілі "Қан мен тер" трилогиясының авторы. Оның туындылары 30 тілге аударылған.

2008 жылдың күзінде Ақтөбе қаласындағы Абай саябақта "Қан мен тер" туындысына арналған мүсін орнатылды. Ескерткіштің биіктігі – 5 метр. Бұл Қазақстандағы әдеби шығарма кейіпкерлеріне орналған алғашқы ескерткіш.

Жаңалықтар
0