Ержан Максим Балалар Евровидениесі 2019 байқауында

Ержан Максим қазақстандықтарға бейнеүндеу жасады

409
(Жаңартылды 12:01 25.11.2019)
Еліміздің жас әншісі Ержан Максим қазақстандықтарға бейнеүндеу жасап, байқауда қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Жас әнші Ержан Максим қазақстандықтарға "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Құрметті менің достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім! Маған дауыс бергендеріңіз үшін көп-көп рахмет айтқым келеді. Осының бәрі сіздердің арқаларыңызда. Мен сіздерді қатты жақсы көремін. Барлықтарыңызға рахмет", - деді әнші бейнеүндеуінде.

View this post on Instagram

A post shared by Ержан Mаксим OFFICIAL (@erzhan_maksim.fan) on

Еске салсақ, Ержан Максим Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды. Конкурс финалы 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында өтті. Он екі жастағы әнші "Арманнан қалма" әнін орындады.  

Қазақстандық жас вокалист кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде 227 балл жинады. Айта кетсек, ұлттық қазылардың дауыс қорытындысы бойынша Ержан бірінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Польша әншісі Виктория Габор (278 балл) алса, үшінші орынды Испания өкілі Мелани Гарсия (212) иеленді.

409
Кілт сөздер:
Ержан Максим, байқау, жеңіс
Тақырып бойынша
Ержан Максим Қазақстаннан кеткелі жатыр
"Қауіпті болуы мүмкін": Димаштың ұстазы шәкіртіне қандай кеңес бергенін айтты
Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды – видео
Ержан Максим "Балалар Евровидениесі" байқауында қалай өнер көрсетті – видео
Микрофон

Әміре мен Әлішер ресейліктерді тағы таңғалдырды - видео

229
(Жаңартылды 16:01 27.11.2021)
Жоба тәлімгерлерінің бірі Дима Билан Әлішер Кәрімовтің вокалдық қабілетіне жоғара баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Әлішер Кәрімов пен "Әміре" лақап атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының келесі кезеңіне өтті.

Әлішер қарсыласы Полина Клинниковамен "The Prayer" әнін орындады.

Александр Градский Әлішер Кәрімовті таңдады.

Жоба тәлімгерлерінің бірі Дима Билан болса Әлішер Кәрімовтің вокалдық қабілетіне жоғара баға берді.

"Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны әлемдік деңгейдегі орындаушылармен қатарға қоюға болады. Тембр мен дауыс күшін бір мезетте қалай қатар алып шығуға болатынын таңданып отырмын. Әлішер — ғажап музыкант", — деді ол.

Дима Биланның тобындағы Ернар Садырбаев пен Рустим Бахтияров "Мне с детства снилась высота" композиясын шырқады.

Александр Градскийдің айтуынша, ол бұл әнді 1980 жылғы Олимпиадаға арналған фильм үшін орындаған. Ол екі әншінің орындауы көңілінен шыққанын айтты. 

"Менің ойымша Ернармен бұдан да қызығырақ музыка жасап көруге болады", — деді ол.

Еске сала кетсек, өткен аптада тағы бір қазақстандық Әділхан Макин байқаудың келесі кезеңіне өтпей қалған болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуында өнер көрсетті – видео

Қазақстандық әнші "Дауыс" байқауының тәлімгерлерін таңғалдырды – видео

229
Кілт сөздер:
әндер байқауы, әншілер, видео, Ресей
Каскадер Әлия Ысқақова

Қазақстандық каскадер Канадада марапатқа ие болды

28
Nomad Stunts каскадері Әлия Ысқақова "Кунг-фу" сериалындағы жұмысы үшін үздік деп танылды

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Nomad Stunts халықаралық тобының каскадері Әлия Ысқақова Канадада киномарапатқа ие болды. Бұл туралы каскадерлер тобының Instagram парақшасында хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nomad Stunts (@nomadstunts)

Канаданың кино және телевизия академиясының UBCP/ACTRA AWARDS 2021 марапатын табыстау рәсімінде Әлия Ысқақова "Кунг-фу" сериалындағы каскадерлік жұмысы үшін үздік деп танылды. Ол жекпе-жек сәтін түсіруге қатысқан.

Каскадер Nomad Stunts Алия Искакова
Nomad Stunts каскадері Әлия Ысқақова

Әлия Ысқақова сериалдағы басты залым кейіпкер Yvonne Chapman қимылын орындады.

Марапаттау онлайн өтті.

Әлия Ысқақова – спорттық құзға өрмелеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатының қола жүлдегері, құзға өрмелеуден Әлем кубогының II орын иегері, таэквондодан спорт шеберіне кандидат, спорт туризмі бойынша спорт шеберіне кандидат.

"Кунг-фу" сериалында Ники есімді америкалық оқуын тастап, монастырға барады. Сол жақта жекпе-жектің қыр-сырын меңгереді. АҚШ-қа оралған соң туған қаласының қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтан зардап шегіп жатқанын көреді, содан кейін басты кейіпкер қылмыспен күресуге кіріседі.

"Кунг-фу" 1970 жылдардағы сериалдың жаңа нұсқасы. Сериалдың бірінші маусымының түсірілімі 2020 жылдың қыркүйегінде басталды, содан кейін пандемияға байланысты тоқтады. Түсірілім 2021 жылдың көктемінде аяқталды.

Nomad Stunts – кәсіби каскадерлердің халықаралық тобы. Оны 2000 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жайдарбек Күнғожинов құрған.

28
Кілт сөздер:
каскадер, Канада, марапат, видео
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

292
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

292
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев