Ғалымдар үйі, Алматы

Абайдың қара сөздері норвег тіліне аударылуы мүмкін

58
Қазақстан елшілігі Норвегия тұрғындарын ұлттық музыка, кино және әдебиет арқылы қазақ мәдениетімен таныстырмақ

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық "Ұлы Дала" тобы Ослодағы "Виктория" ұлттық джаз-сахнасында концерт берді. Іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті.

Құрамы Алмат Сайжан, Саламат Әбутәліпов және Жәнібек Сапаровтан тұратын үштік заманауи этно-фольклор жанрында өнер көрсетті. Көрермендер ұлттық музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы мен шаңқобыздағы, сондай-ақ акустикалық гитарадағы шеберлі ойынды және эстрадалық вокалды тамашалады.

  • 1 желтоқсанда қазақстандық Ұлы Дала тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    1 желтоқсанда қазақстандық "Ұлы Дала" тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    © Photo : посольство Казахстана в Норвегии
  • 1 желтоқсанда қазақстандық Ұлы Дала тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    1 желтоқсанда қазақстандық "Ұлы Дала" тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    © Photo : посольство Казахстана в Норвегии
  • 1 желтоқсанда қазақстандық Ұлы Дала тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    1 желтоқсанда қазақстандық "Ұлы Дала" тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді
    © Photo : посольство Казахстана в Норвегии
1 / 3
© Photo : посольство Казахстана в Норвегии
1 желтоқсанда қазақстандық "Ұлы Дала" тобы Ослодағы «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында концерт берді

Топ қазақ халық шығармашылық туындылары мен Қорқыт, Ықылас, Естай, Мариам Жагорқызы және басқа да қазақ авторлардың әндері мен күйлерін және де норвегиялық композитор Эдвард Григтің "Сольвейгтің әні" мен Исаак Альбениздің "Астуриясын" орындап шықты.

"Концерт көрерменге толы зал жинады. Қазақ тобының өнерін тамашалауға әртүрлі жанрда өнер көрсететін норвегиялық әртістер, музыкалық оқу орындары мен баспасөз өкілдері және жалпы музыка сүюші қауым келді", - деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Концертті ашқан Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахинжанов "Рухани жаңғыру" бағдарламасы Қазақстанның қоғамдық санасы мен мәдени жаңғыруына бағытталған және әлемді қазақ мәдениеті мен өнерімен таныстыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді.

Елші желтоқсан айында Осло мен Ставангер қалаларында қазақ киносының күндері, ал Холменколлен тауында орналасқан Шаңғы музейінде "Қазақстан және Норвегия: спорттық дипломатия" атты көрмесі өтетінін хабарлады. Сонымен қатар, ұлы ақын мен ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай оның қара сөздері мен таңдаулы өлеңдері норвег тіліне аудару жоспарлануда.

58
Кілт сөздер:
өлеңдер, Абай
Тақырып бойынша
Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото
Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото
Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео
Дүниежүзілік ұйымның басшысы Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды - видео
 Болат Аюханов

Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

64
Әртістер қойылымға дайындықты карантин алдында бастаған. Балет-операсына жетекшілік еткен 82 жастағы балет өнерінің шебері Болат Аюханов қойылымды қайталап қою көрерменге байланысты екенін айтты

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыда 75 жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Джузеппе Вердидің музыкасына орындалған бір актілі балетті Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театрының әртістері қойды. Қойылымға жетекшілік етіп, хореографиясын қойған адам – балет өнерінің шебері 82 жастағы Болат Аюханов.

Балет сюжеті

Қойылымда Мысыр әскерінің басты жауынгері Рамадес эфиопиялық ханшайым Аидаға ғашық болады. Алайда сол кезде мысырлықтар мен эфиопиялықтар арасында күрес жүріп жатады. Мысыр перғауынының қызы Амнерис ғашықтарды бөлгісі келеді.

Алматыда Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Махаббат, кек алу, сатқындық, өлім көрсетілген қойылымға әртістер жыл басынан бері дайындалған.

"Әртістер қойылымға дайындыққа карантин басталмай тұрып кірісті.  Жалпы карантин кедергі келтірді деп айтуға келмейді, алдын ала жоспар құрылды. Қанша уақыт зерттеп, дайындыққа қандай уақыт кететіні белгіленді. Өз жұмысыма көңілім толады, әртістердің жұмысына да ризамын. Ал қойылымды тағы бір рет қою көрерменге байланысты", - деді Аюханов.

Балет – сақтықты қажет ететін өте күрделі мамандық. Әртістер мансабы мен отбасын қатар алып жүруі керек, дейді балет өнерінің шебері.

Сонымен қатар әртістер Морис Равельдің музыкасына қойылған бір актілі "Болеро" балетін орындады.

Көрермен пікірі

Театр залы көрерменге лық толы болды. Залда карантин шаралары толық сақталған, екі адамның арасында екі орын бос тұрады. Көрермендер арасында егде жастағы адамнан бастап, мектеп оқушыларына дейін кездестіруге болады.

"Бұл өнердің өз көрермені бар екені анық. Балетті тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Мазмұны терең шығармалардың бірі болған сияқты, оны да екінің бірі түсіне бермейді. Мен әрең түсіндім. Бұл өнерді түсіну үшін бірнеше рет келіп, қойылымның тарихымен алдын ала танысу керек деген ойдамын", - дейді алматылық Гүлден Жашаралы.

Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Алматылық тұрғынның бұл пікірін құрбысы да қолдай кетті. Жастар әртістердің еңбегі зор екенін, премьераның жоғары деңгейде өткенін алға тартты.

"Өте керемет әсер алдым. Қойылымды бастан-аяқ түсіндім деп айта алмаймын. Әдемі өнер екеніне, ептілікті, синхрондықты қажет ететін өнер екеніне көзім жетті. Актерлердің барлығы биік деңгейде өнер көрсетті. Премьера болғандықтан олар үшін де, көрермен үшін де толқитын сәт. Барынша көременге ұнауға тырысып, дайындық нәтижесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Аиданың рөлін сомдаған әртіс ерекше көзге түсті", - дейді Ботагөз Асхат.

Жастар қойылым балет өнеріне деген қызығушықты оятқанын айтты.

Театрдың 75-ші маусымы

2020 жылдың 7 қарашасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай театр ұжымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтаған болатын.

64
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

55
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

55
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
Микрофоны во время переговоров по Сирии

Тікелей эфирде журналиске шабуыл жасалды видео

0
Тілші 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарының құрметіне арналған жиыннан тікелей эфирге шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Украинада тікелей эфир кезінде NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалды. Ол Киев қаласында 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарының құрметіне арналған жиыннан хабар таратқан.

Кадрде ер адам тілшінің қолынан микрофон мен аза тұту майшамын жұлып алғанын көруге болады. Ол журналиске айқайлап, оқиға орнынан кетіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз тәртіп сақшыларының түсіру тобына шабуыл жасаған ер адамды жазалауын сұраймыз", - делінген NewsOne арызында.

Телеарна басшылығы кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық шара қолданылады деп отыр.

0
Кілт сөздер:
видео, шабуыл, тікелей эфир, журналист
Тақырып бойынша
Кешірім сұрады: тікелей эфирде тележүргізуші ыңғайсыз жағдайға қалды – видео
Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болды
Румын әншісі Instagram-дағы тікелей эфирде көз жұмды
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Алматыда белгілі журналист қайтыс болды