НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың екінші қызы Софья Тасмағамбетова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Қазақстан президенті Ақордада Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Тоқаевтың қолынан марапат алғандардың арасында сценограф және костюмдер бойынша суретші Софья Тасмағамбетова да бар.
Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.
Тағы оқыңыз: Зейнет жасына келген Тасмағамбетов қызметінде қала ма?
Софья Тасмағамбетова - Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың кіші қызы. Жасы 36-да. Еліміздің үздік суретшілер тізіміне енген. Тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған шарада өнер көрсетті. Әнші қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.
Салтанатты шараны Халықаралық бауырлас қалалар қауымдастығы (Sister Cities International немесе SCI) ұйымдастырды. Мерекелік шара коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өтті.
Спикерлер мен қонақтар арасында губернатор Билл Аноабутти, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессвумен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз жаяу әскері оркестрі және тағы басқалары болды.
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс екені хабарланып отыр."Баршаңызға тек жақсылық тілеймін! Әлемде бейбітшілік және тыныштық болсын!", - деді әнші.
SCI бас директоры Лерой Аллала қазақстандық жұлдыздың шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілдерін біріктіретінін атап өтті.
20 қаңтарда SCI ресми сайтында Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткен сәті көрсетіледі.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалағанын хабарлады.
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалады.
TIXR америкалық стримингтік платформада ұйымдастырылған онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарға концертті үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды dimashnews.com.
Стримингтік платформа өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік әншінің концертіне билет сату осындай жоғары көрсеткішке жеткен.
Порталдың хабарлауынша, концерттің онлайн-чаты бір секундқа да саябырсыған жоқ, барлық жанкүйер сүйікті әртісін қайта көргеніне өте қуанды. Шоу барысында Димаш Құдайберген 6 тілде ән шырқады: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілі. Сондай-ақ, ол жаңа әндер ұсынды, оның ішінде әнші өзі жазған композициялар бар.
"Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет айтамын. Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесем де, қолдауды сезіндім. Сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіздер. Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!", - деді әнші концерттен кейін.
Еске сала кетейік, Димаштың онлайн-концертін 16-23 қаңтар аралығында көруге мүмкіндік бар. Концерттің дайындық жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған билет сатылымы шоу аяқталғаннан кейін қайта басталды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.
Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.
"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.
Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.
"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.
Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.