Димаш Құдайберген

Димаштың жеке концерті: 2020 жылы әнші қай елдерде өнер көрсетеді

1220
Биылғы жылы қазақстандық танымал әнші Ресей қалалары бойынша турнеге барады, сондай-ақ Германия мен Чехияда өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. 2020 жылы танымал әнші Димаш Құдайберген Ресей, Украина, Беларусь, Германия, Чехия және Латвия мемлекеттерінде жеке концертін береді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі Eurasian Fan Club парақшасында жазылған.

Ақпандағы концерт

16 ақпанда Димаш сағат 19:00-де Краснодар қаласындағы "Баскет Холл" спорт кешенінде өнер көрсетеді. Билеттің бағасы – 2000-35 000 рубль аралығында (12 000-215 000 теңге).

Ал 20 ақпанда қазақстандық әнші сағат 19:30-да Қазандағы "Татнефть арена" спорт кешенінде жеке концертін береді.

Үш күннен соң, 23 ақпанда Димаш Құдайберген Екатеринбург қаласына барады. Онда ол "Екатеринбург-ЭКСПО" халықаралық конгресс-орталығында көрермендерге жеке концерттік бағдарламасын ұсынады. Билеттің құны 4 000-40 000 рубль аралығында (24 000 теңге – 246 000 теңге).

Наурызда қайда өнер көрсетеді?

7 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Димаш Құдайберген Латвия астанасындағы "Рига Арена" спорт кешеніде жеке концертін береді. Концерттің билеттерін электронды түрде сатып алуға мүмкіндік бар. Оның бағасы – 31-551 еуро (13 000 – 232 000 теңге).

9 наурызда қазақстандық әнші Мәскеудегі "Мегаспорт" спорт сарайында ән айтады. Билеттің құны – 2 500 – 50 000 рубль (15 000 – 307 000 теңге).

Ал 11 наурызда Димаш Украина астанасы Киевте өнер көрсетеді. Билеттерді сатуға арналған сайтта әншінің жеке концертіне ерекше жарнама жасалыпты.

"Жеке концерттен ерекше әсер аласыз. Сіздер әншінің талантына куә болып, эксклюзивті шоуды көруге мүмкіндіктеріңіз бар", - делінген хабарламада. Билеттің бағасы – 700-15 000 гривен (11 000 – 245 000 теңге) аралығында.

Германия мен Чехиядағы концерт

Германия мен Чехия тұрғындарының да Димаштың өнерін тамашалауға мүмкіндігі бар. Алты октавалы әнші 19 наурызда Гамбург қаласындағы Barclaycard Arena-да жеке концертін береді. Концерт сағат 20:00-де басталады. Билеттің бағасы – 45-329 еуро (18 000 – 138 000 теңге).

Сондай-ақ Димаш 21 наурызда Дюссельдорфта өнер көрсетеді.

25 наурызда қазақ әншісі Прагадағы TipSport-Arena спорт кешенінде ән шырқайды. Концерт кешкі сағат 20:00-де басталады. Билеттерді 35-349 еуроға (14 000 – 147 мың теңге) сатып алуға болады.

29 наурыз күні әнші Германияның Штутгарт қаласында сағат 20:00-де жеке концерт береді. Билеттің бағасы – 35-329 еуро (14 000 – 138 000 теңге).

Ал 4 сәуірде Димаш Құдайберген сағат 19:00-де "Минск-Аренада" өнер көрсетеді. Билеттер 75-400 беларусь рублі аралығында (13 000 – 72 000 теңге) болады.

1220
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды - видео
Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалды
Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді – видео
Димаш аты аңызға айналған тенормен бірге ән шырқады – видео
Димаш Құдайберген Қытайда жыл әртісі атанды
Ақ батаңызды бердіңіз - Димаш Бибігүл Төлегеноваға алғыс айтты
Димаш Құдайберген

"Бұл - шедевр": Димаштың жаңа бейнебаяны шықты видео 

612
(Жаңартылды 14:27 06.06.2021)
Жаңа бейнебаянда Димаш домбырада ойнайды. Бір күн ішінде видео 250 мыңнан астам рет қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Димаш Құдайберген белгілі композитор Ренат Гайсиннің сөзіне жазылған "Махаббат өзені" композициясының жаңа бейнебаянын жариялады.

Жаңа бейнебаянда Димаш домбырада ойнайды. Бір күн ішінде видео 250 мыңнан астам рет қаралды.

"River Of Love" атты туындының тарихы 2011 жылы басталды. Ренат Гайсин АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келе жатып ұшақтың иллюминаторы арқылы өте ұзын өзенді көреді. Өзеннің шексіз болғаны соншалықты композитор табиғат шеберлігіне тағы бір таңғалады. Осы уақытта болашақ композицияның әуені пайда болады. Ол ойындағы әуенді ұшақта отырып нотаға түсіреді.

"Мен үшін су әрқашан өмір мен шексіз махаббаттың қайнар көзі болды. Туындыны жаза отырып, оның әуені домбыра үшін арналғанын түсіндім", – дейді Ренат Гайсин.

Автор оны танымал қазақстандық виртуоз домбырашы Асылбек Еңсеповке орындауды ұсынды. Содан кейін, студияда жазу барысында оған "Махаббат өзені" атауын беру туралы шешім қабылданды. Музыканттар оны сол жылы жарыққа шығарды, деп хабарлайды DimashNews.

Енді міне он жылдан кейін композиция жаңаша әуенге ие болды.

Бірде Ренат пен Димаш студиядағы жұмыс барысында, Димаш әрбір қазақстандыққа таныс әуенді ойнай бастады.

Композитордың айтуынша, Димаш оны "жаңаша" ойнады.

"Сол күні-ақ Димаш домбыра партиясын орындап шықты, туынды жаңа стильде көрінді. "River Of Love" енді Димаштың орындауында жаңаша шырқалатынына өте қуаныштымын", – дейді композитор.

Оқи отырыңыз: Димаш Иманғали Тасмағамбетовтың қандай адам екенін айтты

Бұл жазбаға желі қолданушылары қазірдің өзінде төрт мыңға жуық пікір қалдырды. "Бұл шедевр", "Не деген керемет. Домбыра қазақтың үні, домбыраны жандандырып отырған Димашжан саған көп рақмет", "Тыңдай бергім келеді", "Тамаша", - деп жазды оның жанкүйерлері.

612
Кілт сөздер:
бейнебаян, Димаш Құдайберген
Әлия Назарбаева

Әлия Назарбаева биыл күзде алғашқы кітабы жарық көретінін хабарлады

3627
(Жаңартылды 17:03 02.06.2021)
Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, ол өз өмірі туралы кітап жазып жатыр

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева кітап жазып жатыр. Автордың өміріндегі оқиғалар мен балалық шақтағы естеліктер топтастырылған кітап биыл күзде шығады. Бұл туралы Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, кейінгі кезде желідегі оқырмандары Назарбаевадан кітап жазу туралы ойы бар ма деп сұрай бастаған екен. Ол пандемия кезінде алғашқы кітабының бірнеше тарауын жазып қойғанын айтты.

"Менің осы әрекетім желідегі оқырмандарымның ойымен үйлескен секілді. Мен мұндай сәйкестікке сенемін, оны кездейсоқ емес деп санаймын. Кітап "Место силы" деп аталады. Көп жыл бойы өзім іздеп тапқан, өміріме енген рухани білімімді оқырмандарыммен бөлісемін. Өмірде болған оқиғалармен, балалық шақтағы жылы естеліктермен бөлісіп, көп дүниені түсінікті тілде жеткіземін", - деп жазды Назарбаева.

Ол жазда әлеуметтік желіде #Местосилы хэштегі арқылы кей үзіндіні оқуға болатынын жеткізді. Ал кітапқа бұған дейін жарияланбаған фотолар енгізіледі.

Кітап 2021 жылдың қыркүйегінде шығады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші президентінің кенже қызы былтыр ерлік жасаған азаматтарды марапаттауға арналған ADAM BOL Аwards жобасын қолға алды. Жобаның 12 жеңімпазына 1 миллион теңгеден берді. Бұл жоба биыл да жалғасады.

Сонымен қатар Назарбаева елдегі экология саласына да қатысты бастамалар көтерді. Еліміздегі көгалдандыру туралы бастамаларды біріктіру мақсатында "Қазақстан үшін егілген ағаштар" жобасын ресми түрде іске қосылғанын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

 

3627
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева
Архивтегі фото

Домбыраның шығу тарихын оқыған мәжіліс депутаты жағасын ұстады

70
Мақпал Тәжмағамбетова ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті 

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова ағылшын тілі оқулықтарын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен ата-аналар арасында 1-сынып пен 5-сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар қызу талқыға түскен. Барлығы Jenny Dooley және Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан шыққан. Сыртқы мұқабасында "аударылған" деп жазылғанмен, аударма емес, шындыққа жанаспайтын мәліметтер қаптап жүр. Ал білім және ғылым министрлігі оған оң сараптама берген.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді 

"Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Ал енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленицаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді Тәжмағамбетова мәжілістің жалпы отырысында.

Ал 5-сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрастырып, басып шығарған. Онда екі алып баланың оқиғасы баяндалады. Ағасы тастан көпір жасайды. Інісі екі жіпті ағашқа байлап, алып ән айтып жүреді-міс. Оны көрген ағасы: "Маған неге көмектеспейсің?!", - деп ашуланады да інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып сындырады. Содан інісі әнді қойып кетеді. Уақыт өте келе, таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді.

"Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұғы шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы", - дейді Тәжімағамбетова.

Осыған байланысты ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптауды талап етті. Ал сараптамалық комиссияның құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандарын, әдебиетшілерді, тағы да басқа мамандарды енгізу керек.

"Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды", - деді депутат.

Айта кетейік, депутат Мақпал Тәжмағамбетова – Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, "Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған "Алтын тобылғы" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі", "Шоған абыз", "Ақ қанатты періште" атты жыр жинақтарының авторы. Жасы – 37-де.

70